Тәрбие сағаты: Бірлігіміз жарасқан! Мақсаты: Оқушыларға ҚР әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі екендігін түсіндіру. Білімділік



Дата21.05.2022
өлшемі15,14 Kb.
#35263
түріСабақ
Байланысты:
Бірлігіміз жарасқан 2


Тәрбие сағаты: Бірлігіміз жарасқан!
Мақсаты: Оқушыларға ҚР әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі екендігін түсіндіру.
Білімділік: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету.
Тәрбиелік: Қазақстандық патриотизмге,елін,жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін шығармашылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: тәрбие сағат
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,мақал жасыру
Көрнекіліктер: ұлттың суреттері,сөзжұмбақ,ұлт аттары жазылған сөздер
Тәрбие сағатының барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал:
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
II.Негізгі бөлім
Оқушылар бүгінгі «Бірлігіміз жарасқан» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.Оқушылар сабаққа дайынсыздар ма?
Сұрақ:Балалар біздің ұлтымыз қандай?
Біз қай тілде сөйлесеміз?
Біздің елде қандай ұлттар тұрады?
Туымыздың ненің бейнесі белгіленген?
1.Сөзжұмбақты шешу:
«Бірлік»деген сөзжұмбақ беріледі.
1.Көгершін ненің құсы?
2.Ту,елтаңба,әнұран мемлекетіміздің несі?
3.Еліміздің салтанатты әні?
4.16 желтоқсан қандай мереке?
5.Бірлік бар жерде-......... бар?
6.Еңбек түбі-........?
2.Мақалдың жалғасын табу:
1.Бірлігі жоқтың-тірлігі жоқ.
2.Күш-бірлікте.
3.Береке көзі бірлікте.
4.Бірлік білекте емес,жүректе.
5.Ынтымақ түбі береке.
3.Сергіту сәті:
»Бала,бала,балапан»биі.
4.Әр ұлттың сөздері жасырылады,оқушылар бейнелеп салу
3-оқушы шығады.Сөздер:Өзбек,Қазақ,Орыс.
III.Қорытынды:Галереяға саяхат.
Бүгінгі ашық тәрбие сабағымызды қорытындылай келе галереяға саяхатқа шығамыз.Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздан нені түсіндіңіздер? Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір! Қазақ елі қонақжай,татулықты,бейбітшілікті жаны сүйетін халық.Көптеген елдермен бірлігін, ынтымақтастығын үзбеген,құшағы кең ел. Әр елмен бірлігін үзбитіндей жас ұрпағымыз,көбейе берсін! Осымен ашық сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Кері байланыс:»Жеміс ағашы» әдісі арқылы бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет