Сабақтың тақырыбы:Зорлықсыз балалық шақ
Сабақтың мақсаты: Осы Заң арқылы балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйеніп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берілген негiзгi құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттеу.
Сабақтың түрі:Әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып екіге бөлінеді.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру т.б.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.
ІІІ. Негізгі бөлім
Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынады. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасыларының қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл Фараби.
Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңдар нормалары жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларың жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.
Заң жобасының негізгі мақсаттарына шолу.
Балалар құқығын қорғау
6-слайд. 7-тарау. Бала және қоғам
7-слайд. 34-бап
8-слайд. 36-бап
10-слайд. 20-баптар туралы түсіндірілді.
Қорытынды: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
(Н.Ә.Назарбаев) - деп елбасымыздың сөзімен қорытындылау.