Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы Өткізген :Үркімбай Шырын Дүйсенғалиқызы



Дата04.01.2023
өлшемі17,65 Kb.
#60347
Байланысты:
Ұрпақ тәрбиесі -ұлт болашағы


Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Өткізген :Үркімбай Шырын Дүйсенғалиқызы
Мақсаты: 
а) Ата-аналардың үлгісі негізінде оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә) Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер. Ұлттық құндылықтар жайлы , кітап журналдар .
Тәрбие сағаттың барысы:
1.Сұрақ жауап айдары
2.Сыңарын тауып көр
3. «Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма?» 
4. Өнер алды қызыл тіл . Өлең , сурет , мақал-мәтел айту
5. Тілек ағашы . Қорытынды .
Мұғалім сөзі:
Бүгінгі күннің, қазіргі жаһандану дәуірінің, басты талабы – өркениетті қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу. Әлем елдерімен қабырғасын теңестіруді меже етіп отырған елдің білімді жастары тәуелсіздікті нығайтады, ұлттық тәрбиемен сусындаған ұрпақ болашақты гүлдендіреді деген сенім мақсатымызға айналып отырғандай. Ал, оған қол жеткізудің алғы шарттарының бірі – ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу. Осыларды бойға сіңіру мақсатында өткізіп отырған тәрбре сағатымызға қош келдіңіздер !
- Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?
Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады. Себебі ұрпақ тәрбиесі ең алдымен отбасы ошақ басынан басталары сөзсіз .

Тәрбие сағатымыз өте жақсы көңіл күйде өтуі үшін барлығымыз бір-бірімізге жылы сөздер айтамыз . Мысалы :Кәусар , сен әдептісің . Күнің жақсы өтсін !


Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу.


Ата -аналарың сендерге қандай тәрбиелік сөздер , ақыл айтады? Сендер оларды бұлжытпай орындап жүрсіңдер ме?
Иә, «Сөз асылы – мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныста - бала. Осы бала бағбаны кімдер?
Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашан да ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.
І. «Сұрақ жауап»
Оқушыларға:
1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?
2. Төрт түліктің пірлерін ата?
3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)
4. Отағасы , отанасы деген кімдер ?
5. Салт-дәстүр дегеніміз не?

ІІ. Сыңарын тауып көр


1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)
4. Атаңа не қылсаң…………… (алдыңа сол келер )
Балаларға:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досқа…………(келер басқа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)

IІІ. Тыйым сөздер


1. Оқушыларға тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру
ІV. Шығармашылық
Оқушылар анаға , әкеге , әжеге арналаған тақпақ , өлең айтады .

Қорытындылау :Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып , жабыстырады.


Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі ата-ана сағатымызды аяқтаймыз.
«Ақ сөйлеп адал күлетін бол.
Шындықты жақтап жүретін бол,
Сыйласудың сырын білетін бол.»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет