Тәрбие тал бесіктен басталады



бет1/3
Дата26.03.2022
өлшемі22,17 Kb.
#28912
  1   2   3
Байланысты:
00072f28-510ed593


Астана қаласы

№8 орта мектебінің

тарих пән мүғалімі

Әбіл Наташа



Тәрбие тал бесіктен басталады
Отбасы тәрбиесінің мәні, мағынасы отбасындағы өзара бір - бірімен түсінігі, ынтымақтастығы болып табылады. Бірінші кез келген бала ата – анасының еңбегін бағалап түсіну керек. Ал ата-ана баласын күнделікті қадағалап, немен айналысып, кіммен дос болып жүргенін біліп отыру тиіс. Және балаға барынша мейірімді, бала жанын түсіну керек.

Міне, сонда ғана отбасында береке бірлік ынтымақтастық қалыптасады. Отбасындағы бірлік дұрыс жолға қойылса, балалар еңбекқор, кішіпейіл, бауырмал, және де еңбекпен келген ақшаның құнын біліп өседі. Осы тәрбиенің барлығынан нәр алған ұл қызымыз бір - бірін сыйлап мейірімді болып келеді.

Егерде бала отбасынан жылулық сезінбесе, ата - ана қамқорлығына бөленбесе, үйде күнде айқай - шу ұрыс- керіс болса, бала даладан жылулық, даладан достар іздейді. Бақылаусыз, қараусыз, мейірім көрмей өскен бала қатігез, қаніпезер, мейірімсіз болып келеді. Осыдан кейін әр түрлі қылмыстар туындайды.

Сондықтан әр ата-ана баласының алдындағы өз міндеттерін толық орындауы тиіс.

Отбасы-белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Баланы жастайынан ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өсіру керек. Баланың ой өрісін дамыту үшін ұлттық тағамдар, салт – дәстүрлер, ұлттық ойындар арқылы қызығушылықтарын ояту керек.

Мысалы; ұлттық ойындар баланың танымын жақсартады. Ойын арқылы өз шешімін шығару, логикасын, зейінін қалыптастырады.

Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай мәдениетті ел. Әсіресе қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Қызымыз келешек ана ұлымыз үйдің тірегі екенін бойына сіңіріп тәрбие беру ата ананың басты міндеті борышы болып табылады.

Казіргі жаһандану заманында баланың күнделікті өміріне, психикасына тәрбиесіне ата - анадан гөрі, теледидар, кино, көше, клуб т.б. тікелей әсер етуде . Ата аналар тіршілік қамымен күні бойы жұмыста.

Сондықтан ата - ана мектеппен тығыз байланыста болуы керек. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет