Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы жоспарлауды тексеру Ортаңғы «Қызғалдақ» тобы Тексерілген күні 21.11.2022 Циклограмманың құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрылады. Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар: - аптаның әрбір күніне Перспективалық жоспардағы ұйымдастырылған іс-әрекеттердің міндеттеріне сәйкес балалармен өткізілетін әрекет түрлерін анықтау; - әрбір әрекет түрлерін өткізуде бағдарлама мазмұнын жүйелілік пен сабақтастық қағидасын сақтай отырып беру; - балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану; - әрбір балалар әрекетін ұйымдастыру үшін жайлы заттық дамытушы ортаны (орталықтарға бөлу және оның балаларға қолжетімді болуын қарастыру, оның мүмкіндіктерін барынша қолдану) құру
"Комплимент" сәлемдесу Мақсаты: өзіне деген сенімділікті арттыруға ықпал ету.
Cыпайы сөйлеуге баулу.
Балалар допты шеңберге өткізіп, бір – біріне мақтау айтады-бұл адамға айтқысы келетін жағымды, жылы сөздер.