Ойын: «Жоғарыда–төменде, биік-аласа»
Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру
Жасы: 5-6 жас аралығы
Қажетті заттар: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.
Ойын барысы: Тақтаға бір бала шығып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.