Тәжірибе «Су — мөлдір»
● Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».
● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.
II Тәжірибе «Суда дәм жоқ»
Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.
|
Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ жасыру.
Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап,
Саясында ән салып.
Құстар жүрген сайрап,
Салқын түссе-шешіліп,
Қалады өзі жайрап. (ағаш)
1 .Ой қозғау
Қыс мезгілі және қысқы ағаштар келбеті туралы түсінік беру.
- Сұрақ – жауап.
- Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
-Атау.
-Ағаштардың бізге қандай пайдасы бар?
-Қазір ағаштар қандай?
-Неліктен?
2.Үлгіні талдау.
- Қай мезілдің ағашы?
-Түсі қандай?
Неліктен қысқы ағаштар жалаңаш?
3. Жұмыс жасауда сурет дәстүрден тыс әдіс-тәсілін түсіндіру, көрсету.
Қырыққабат жапырағына бояуды губкамен жағу.Бояу жағылған жапырақты қағаз бетіне бастыру.
Балалардың өз бетінше жұмыс жасауы. Қадағалау, көмектесу.
|