2. Қасқырға кездесу. Балалар менің қарыным ашып тұр. Мен бауырсақты жеймін. Балалар : Жоқ, сен бауырсақты жемеші, біз бауырсақты атасы мен әжесіне апаруға көмек-тесейік деп келе жатырмыз. Дид ойын: «Қасқырға ет береміз» Шарты: ермексаздан ет жасау. Қасқыр : Рахмет балалар, 3.Аюға кездесу. Ой- ой менің қарным ашып тұр еді, жақсы болды ғой мына бауырсақты жеймін. Балалар: Аю, аю бауырсақты атасы мен әжесі күтіп отыр соған тезірек бару керек, қайта сен бізге көмектесші, орманнан қалай шығамыз. Сергіту сәті : Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп,теріп аламыз, Қалтамызға саламыз. Дид ойын: «Аюға бал береміз» Шарты. Бал салынған бөшкені бояу. Жарайсыңдар тура бара беріңдер сол кезде орманнан шығасыңдар. Түлкіні кездестіру Түлкі :Бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ: Жемеші, мені. Мен балалардан көп нәрсені үйреніп келе жатырмын. Сен бізді бір сынап көрші. Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақ-тарымды шешіп көріңдер. - Қыста ақ, жазда сүр. қоян Мен бал құмар қорбанбай-мын, Тәтті ұрлауға қорланбаймын. (аю) Түлкі : Сендер менің тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар. Мен сендерге ризамын.Бауырсақты жемеймін. Балалар : (Біз бауырсақпен қоштасамыз). Бауырсақ, міне орманнанда шықтық, енді мына жолмен тура жүрсең атаң мен әжеңе барасың. Бауырсақ :Мен сендерден көп нәрселер үйрендім. Сендерге рахмет. Мені атам мен әжем тосып отырған шығар. Үйіме қайтайын. Қош сау болыңыздар. Қортынды Балаларды мадақтау.
Серуенге дайындық
Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру.