Тәрбиеші: Әбдірахым Ұ. М. 2022-2023ж Жоспар


Заттық дидактикалық ойындар



бет2/3
Дата18.04.2023
өлшемі25,34 Kb.
#83811
1   2   3
Байланысты:
баяндама улбазар

Заттық дидактикалық ойындар Заттық дидактикалық ойындарда ойыншықтар мен нақты заттар қолданылады. Олармен ойнап, балалар салыстыруды үйренеді, заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын белгілейді. Бұл ойындардың құндылығы сонда, балалар олардың көмегімен заттардың қасиеттерімен, олардың белгілерімен: түсі, көлемі, пішіні, сапасымен танысады. Ойындарда салыстыруға, классификациялауға тапсырмаларды шешеді, тапсырмаларды шешуде реттілікті белгілейді. Балалармен заттық орта туралы жаңа білімді меңгеру шамасы бойынша ойындарда тапсырмалар күрделенеді: балалар қандай да бір қасиетімен затты анықтауға жаттығады, дерексіз, логикалық ойлауды дамыту үшін маңызды, заттарды осы қасиеті бойынша (түсі, пішіні, сапасы, міндеті және т. б.) біріктіреді.
Дидактикалық ойындарда әртүрлі ойыншықтар кеңінен қолданылады. Олардың түсі, пішіні, міндеті, көлемі, жасалған материалы ашық көрсетіледі. Бұл балаларға белгілі дидактикалық тапсырмаларды шешуге, мысалы ағаштан жасалған заттарды (темір, пластмасса, қыш) немесе әртүрлі шығармашылық ойындарына қажетті ойыншықтар: отбасы, құрылыс, дүкен және т. б. жинақтауды жаттықтыруға ерік береді. Осы сияқты мазмұндағы ойындарды қолдану, тәрбиешінің таңдалған ойыншықтардың көмегімен ойынның мәнін айтып беруге, өзбетінше ойынға қызығушылық танытуға мүмкіндік береді. Тәрбиеші табиғи материалдарды (өсімдіктердің тұқымдары, жапырақтары, гүлдері, тастар, бақалшықтар және т.б.) мынадай ойындар: «Бұл ненің тұқымы?», «Бұл қандай ағаштың жапырағы?», «Күзгі жапырақтардан гүл шоғын жина» және т.б. өткізуде қолданады. Тәрбиеші бұл ойындарды табиғатпен жанасып серуен мезгілінде ұйымдастырады.
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар
Марблс тастары - мыңдаған жылдар бұрын ежелгі адамдар ойнаған балшық шарлардың ұрпақтары. Марблс-аудармада "мәрмәр" дегенді білдіреді. Марблс тастары ежелгі римдіктер мен гректердің ойын-сауығынан өз бастауын алады. Олар теңіз толқыны, жұлдызды шаң, кәріптас және су тамшысын біріктіреді.
Марблс- жалпақ, дөңгелек, сопақ немесе басқа да пішінде болатын жылтыр шыны шарлар. Марблс балшықтан, тастан, пластиктен, ағаштан немесе көбінесе шыныдан жасалады. Олардың ендері мен түстері әртүрлі болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығы тастардың сыртқы тартымдылығына ғана емес, сонымен қатар балалардың ерекше қазынаға құштарлығымен түсіндіріледі. Дәл осындай заттарға балалардың терең ішкі қызығушылығы сондай-ақ бала ұсақ қол моторикасының дамытудағы марблс тастарының кең мүмкіндігі оларды балабақшадағы педагогикалық тәжірибесіне енгізуге негіз болды. Марблс тастары баланың ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамытады. Саусақ пен қол қозғалысын үйлестіруді, жазықтықта бағдарлауды дамытады. Сөздік қорын байытып, фонематикалық бейнелеуді қалыптастырады.

Түрлі түсті тастарды орналастыр”


Ойынның шарты: Тастарды үстел үстіне қоймай, әр қатарға бірдей түсті тастарды жинау.
Мақсаты: Балалардың ойлауын, фонематикплық бейнелеуін, есте мақтау қабілетін жақсартады. Саусақ пен қол қозғалысын үйлестіреді. Шапшаңдыққа бейімдейді.
Марблс тастарын тетіктерге орналастыру”
Ойынның шарты: Берілген тастарды ептілікпен, шыдамдылықпен, байғампаздықпен қорапты қозғалта отырып тетікке орналастыру керек.
Мақсаты: Балаларды шыдамдылыққа, ептілікке, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытуға көмектеседі.
Түстерді сәйкестендір”
Ойынның шарты: Берілген кескінге сәйкес түстерді қою.
Мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, ептілікке, түстерді ажыратып атауға, есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі.

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – балаларға арналған қызық сабақ. Түрлері бойынша олар әртүрлі: сыңар суреттер, лото, домино сонымен қатар Марблс тастары. Марблс тастарымен мектеп жасына дейінгі балалар өте жоғары қызығушылықпен ойнайды. Марблс тастары ежелгі римдіктер мен гректердің ойын-сауығынан бастауын алады.


Мақсаты: Балалармен іс-әрекетін қолданудың заманауи әдістерін қолдану;
Марблс тастары мен жұмыс істеудің дәстүрлі емес әдістерін қолдануға ынталандыру;
Ойындарды ойнаған кезде шешілетін тапсырмалар да әртүрлі. Содан соң тапсырма күрделенеді: бала суреттерді тек қана сыртқы белгілерімен ғана емес, сонымен бірге мағынасы бойынша да біріктіреді,
Суретте бейнеленген жемістер, түсі, пішіні бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларды ұқсатып заттардың бір түріне жатқызып, біріктіреді. Жалпы белгісі бойынша суреттерді таңдау ойындары. Марблс тастары тәрбиеленушілердің физикалық және ақыл-ойын дамытады.Қол саусақтарының қозғалысы оқу қызметін ынталандырады және баланың сөйлеу дамуын тездетеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту үшін Марблс тастарын қолданамыз. Марблс тастары ұсақ қол матроикасын дамыту үшін ерекше әдіс болып табылады, сөйлеуді, ойлауды, зейінді және көруді және есте сақтауды үйлестіріп дамыту үшін Марблс тастарын пайдаланамыз. Марблс тастары ойлау, сөйлеу қоршаған ортаға ерекше талап қояды.Марлс тастары балалар өз бетімен басқара алмайды. Казір балабақшада 3-4 балалар көп сөйлемейді, сөздік қоры аз,есте сақтау қабілеттері нашар, ұялы телефонда үйде таңнан кешке дейін көретін балалармен ұсақ қол маторикасымен жұмыс жасаймыз. Ұсақ маторикасы әдіс-тәсілдері саусақ гимнастикасы, баумен ойнау, мозайка, тағу және шешу жатады. Романовтың зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып,мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасының дамытудағы ең ерекше және дәстүрден тыс Марблс тастары таңдалған. Марблс тастарының 40 жуық түрі бар. Марблс тастары-өте әдемі, тегіс, мөлдір, түрлі пішіндер мен түстері өте жағымды. Марблс тастары домалақ,жалпақ,дөңгелек немесе басқа пішінде болатын жылтыр шыны шарлар. Марблс тастары саусақпен қол қозғалысының үйлестіріп,балалардың сөздік қорын,қиялдарын дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет