І .«Оралым- көрікті , әсем қала» Орал қаласының тарихы. (12 сағат)
Орал-Қазақстанның көне қаласы, Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Орал қаласының орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, печенегжәне қыпшақ тайпаларының мекен тұрақтары болған. Орал қаласының 400 жылдық тарихы бар. Ата-балаларымыз бен қазіргі ұрпақтардың жасампаз ерен еңбектері арқасында қаламыз дамып, көркейіп келеді.
ІІ . «Жер-судың аты-бабаның хаты» (12 сағат)
Орал қаласының бұрынғы атауы Жайық болған. Дон казагы Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі қазіргі Ресейдің біраз жерін және Батыс Қазақстан облысын шарпығаны тарихтан белгілі. Патшалықтың зор абыржуын тудырған осы көтерілісті халық жадынан ұмыттыру мақсатында Жайық өзені мен қала атауы Орал, ал ондағы әскердің атауы Орал казак әскері деп өзгертілген. Орал қаласының тағы бір көне атауы –Теке. Профессор Тұяқбай Рысбековтың жоғарыда аталған еңбегінде «Текке түрік тілінде мешіт, діни орын деген мағынаны білдіреді. Олай болса, оғыз дәуірінде пайда болған. Текке қаласы қазақтардың үлкен діни орнына айналған орталығы болды» деген тұжырым айтуға болады.