Тарих - Ежелгі Грек терминінен - "тергеу, білу,анықтау" деген мағынаға саяды.
Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) .
Плиоцен- өтпелі кезең.
Палеолит- ерте тас дәуірі
Мезолит- орта тас дәуірі
Неолит- жаңа тас дәуірі.
Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.
Матриархат- аналық рулық қауым.
Патриархат – аталық рулық қауым.
Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.
Руналық- ежелгі түркі жазуы.
Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.
Он оқ будун- 10 тайпа одағы
Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек»
Этногенез- халықтың шығу тегі
Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек.
Эфталиттер- ақ ғұндар.
Половецтер- қыпшақ тайпалары
Ұлт (ағылш. Nation)— тіл, тарих, қандастық, мәдениет, мінез секілді ортақтықтар негізінде қалыптасқан адамдар қауымдастығы.
Тіл — белгілі бір ұғымды немесе затты, түсінікті белгілейтін және дыбыстауы бар ортақ қабылданған таңбалар жүйесі.
«Шад» — түмен (10 000 адам) басы.
Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді.
Қарахан мемлекеті (парсы: ایلک خانیان — Ilak-Khānīyān) (942–1212) — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет.
Хиуа хандығы (өзб. Xiva xonligi) — 1511-1920 жылдар аралығында Орталық Азияда өмір сүрген мемлекет. Өзбек ханы Елбарыстың басшылығымен, Шайбани әулетінен бөліну негізінде құрылды.
Қоқан хандығы (1710 – 1876) – Ферғана жазығында 18 – 19 ғасырларда болған мемлекет. Астанасы – Қоқан.
Цинь империясы, Чинь (Шың) патшалығы (1644 — 1911) — Қытайдағы маньчжурлар әулеті билеген соңғы патшалық.
«Яссы» (Жасақ)-заңдар жинағы.
Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам.
Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар.
«Жоңғар» — батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды білдіреді.
«Ойрат» — төрт тайпа одағы деген ұғым.
«Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі.
«Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының нәтижесінде қазақтардың босуы
Төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ
Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы.
Шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары.
Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ.
Жырау- философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі.
Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері.