Тері ішіне егу



бет2/7
Дата25.05.2023
өлшемі36,47 Kb.
#97336
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
алгоритм (2)

Тері астына егу.

  1. Барлық қажет жабдықтарды дайындау.Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнату., оның жағдайын анықтау, одан тағайындалған дәріні бұрын алғандығын сұрау және науқастың аллергиялық анамнезін анықтау. Науқасқа емшараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру, дәрілік зат алынатынампуланы және оның корабын көрсету.

  2. Жұмыс істеуге қолды дайындау (гигиеналық тәсіл), су ағатын шүмекті шынтақпен жабу, таза сүлгімен немесе майлықпен қолды кептіру. Бетпердені және қолғапты кию.

  3. Шприц салынған қорапты поршень жағынан ашу, шприцті жинау, иненің тесігін шприцтің шкаласына қаратып жалғау, иненің қалпағын ашпай шприцті қорабына салып, медициналық үстелге қою.

  4. Дәрісі бар ампуланы алып, оның сыртын оқу, дәрінің дәрігердің тағайындауымен сәйкес келгендігін, жарамдылы мерзімін және мөлшерін анықтаған соң, дәріні медициналық үстелге қою. Пинцетті стерильді қаптан бірнеше мақта тампондарын алып оларды таза лотокқа салу, спиртке малынған тампонмен ампуланың мойнын сүртіп, мақтаны қалдықтар салатын лотокқа тастау.

  5. Бір қолға ампуланы, ал екінші қолға ампуланы кесетін кескішті ұстап ампуланың мойнынан кескішпен бір рет жүргізу, кескішпен ампуланың өзінің осімен айналдыра жүргізу, сызылған жерді және ампуланың мойнынан спирке малынған мақтамен айналдыра сүрту, мақтаны қалдық салатынға тастап, құрғақ мақталы шариктің арасын ашып ампуланың мойнын орап, үлкен және екінші саусақтың арасымен қысып абайлап ұшын сындыру, ампуланы үстелге қойып құрғақ шариктерді қалдыққа арналған науаға тастау.

  6. Қораптан дайын тұрған шприцті алып, иненің қалпағын шешіп, сол қолдың екінші және үшінші саусақтарымен ампуланың түбінен, ал ампуланы түбінен ұстап, оң қолға шприцті алып, инені ампуланың қабырғасына тигізбей оның ішіне енгізіп, поршеньді баяу төмен тартып, ампуланың ішіндегісін шприцтің цилиндріне жинап ампуланы қалдық тастайтын науаға салу.

  7. Егер шприц цилиндрінде ауа көпіршіктері болса, шприцтің поршенін өзіңе қарай тартып, баяу ауаныитеріп шығару қажет. Ескеріңіз! Ауа көпіршіктерін біріктіру үшін шприцтің корпусын соққылауға болмайды, ампуланың ішіндегісін сыртқа шығарамыз. Иненің ұшынан ерітіндінің тамшысын ғана шығару керек, шприцтегі инені шешіп, тесігін шприцтің шкаласына қаратып, жаңа инені кигізіп, дәрісі бар шприцті қорабына салып үстелге қою.

  8. Науқасты орындыққа отырғызып, егетін орынды спиртке малынған мақта шаригімен 10х10 см көлемде өңдеу, басқа спиртке малынған мақтамен егетін орынды қайта өңдеу, осы мақтанынауқастың қолына немесе өзіңнің сол қолыңның 4-ші және 5-ші саусақтары арасынақою. Шприцті қорабынан алып, иненің қалпағын шешу. Шприцті қорабынан алып, иненің қалпағын шешу. Шприцті сол қолдың сұқ саусағымен иненің муфтасынан ұстап, иненің тесігін жоғары қарату.

  9. Сол қолдың сұқ және үлкен саусақтарымен егетін орынның терісін қатпарлап ұстау, үшбұрыштанған тері қатпарының негізіне ине ұзындығының 2/3 бөлігін 45о –та, сол қолдың бірінші саусағымен дәріні енгізу. Спиртке малынған стерильді тампонды егілген орынға қою. Инені канюлясынан ұстап, тез қимылмен суырып алу, тампонды теріден алмай жеңіл қимылмен уқалау, мақтаны дез.ерітіндіге тастау.

  10. Иненің қалпағын кигізбей шприцті инесімен арнайы шприцтер мен инелерді жоятын контейнерге тастау. Қолғапты спирт ерітіндісіне малынған мақтамен өңдеу. Егілген орынды қарау. Реакция байқалғанға дейін егілген орынға су тигізбей керектігін науқасқа айтып түсіндіру (егер егу диагностикалық мақсатқа орындалса). Науқастың жағдайын сұрап, палаталық мейірбикенің медициналық бекетіне дейін жеткізу. Медициналық үстелдің үстіндегі шприцтің қорабын және бос ампуланы қалдық салатын ыдысқа тастау. Медициналық үстелді сүрту. Қолғапты шешіп, қолданған шприцтерді тастаған крнтейнерге тастау. Емшараның орындалғанын тағайындау парағына белгілеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет