Терминжасам тәсілдері сөзжасам тәсілдеріне негізделеді. Сонымен бірге, терминжасам тәсілдерінің өз ерекшеліктері де бар. Сөзжасам тәсілдері терминжасам тәсілдерінің негізін құрайды



бет2/7
Дата06.03.2023
өлшемі23,77 Kb.
#71800
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Терминжасам тәсілдері

Лексика-семантикалық тәсіл сөзжасамдық тәсілдер қатарына алғаш рет осы монографияда қосылып, ғылыми сипаттама алған. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөз жаңа мағынаға ие болып, омоним сөздер қатарын толықтырып, сөз басқа сөз табына да өтеді деп сипатталған [7, 99]. Осы монографиядан кейін лексика-семантикалық тәсіл қазақ тіл білімінде танылып, барлық еңбектерде көрсетілетін болды. Сонымен бірге, сөзжасамдық тәсілдер мәселесі барған сайын толықтырылып, нақтыланып анықталды. Мәселен, 2002 жылғы «Қазақ грамматикасында» негіз сөз бен туынды сөздің мағыналық байланысы, сөзжасамдық жұрнақтың екі түрі – лексикалық мағына жасайтын, лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар туралы мәлімет берілген және сөзжасамдық жұрнақтардың сөз таптарына қатысы дәлелдену арқылы синтетикалық тәсіл толықтырылған. «Қазақ грамматикасында» аналитикалық тәсіл сөзқосым, қосарлану, қысқарту тәсілдерінің мәнін, түрлерін, дамуын дәлелдеу арқылы толықтырылған. «Грамматикада» лексика-семантикалық тәсіл мәселесі де нақтыланып, толықтырылған. Мәселен, лексика-семантикалық тәсілде сөздің дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып жаңа мағынаға ие болуына байланысты оның лексика-семантикалық тәсілге жататыны әр сөз табы арқылы анықталған. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздін сөз табын сақтауы да, сөз табын ауыстыруы да мүмкін екені дәлелденген. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздердің басқа сөз табына көшудің ішкі заңдылықтары ашылған [8, 203-208].
1989 жылғы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» монографиясынан бастап-ақ ғалымдар сөзжасамның 3 тәсілін қабылдап, өз еңбектерінде қолдана бастады, оған терминология ғалымдары да жатады. Сөзжасамдық тәсілдің осы 3 түрі «Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында беріліп, ол ғылымда орныққан заңдылық ретінде танылған [9]. Сөзжасам мәселесінде сөзжасамдық тәсілдер мәселесі негізгі орын алатыны белгілі. Бұл мәселе терминжасам мәселесіне байланысты елеусіз қалды деп айта алмаймыз. Терминолог ғалымдар еңбектерінде қажетіне қарай оған көңіл бөліп отырған. Мәселен, терминология саласының ірі маманы академик Ө.Айтбаев ғылымда аталып жүрген мына тәсілдерді атап, оларға талдау жасаған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет