Әдебиеттер тізімі:
1 Головин Б.Н., Кобрин Р.Ю. Лингвистические основы учения о терминах:
Уч.пос. М., 1987.
2 Лотте Д.С. Основы построения научно-технической терминологии. (вопро-
сы теории и методики). – М., 1961. – 43 с.
3 Квитко И.С. Терминоведческие проблемы редактирования. Львов, 1986.
4 Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание: Учеб.пособие для студен-
тов пед.ин-тов. М., 1979.
5 Герд А.С. Формирование терминологической структуры русского биологи-
ческого текста. Л., 1981.
6 Гринев С.В. Введение в терминоведение. М., 1993.
7Лейчик В.М. Об относительности существования термина//Семиотические
проблемы языков науки, терминологии и информатики. – М.: Изд-во Моск. Ун-
та, 1971. – С. 72-75.
8 Даниленко В.П. Русская терминология: Опыт лингвистического описания.
– М., 1977. – 246 с.
15
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
С. Исакова
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Г. Алмұханова
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университеті магистранты
ТІЛ БІЛІМІ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ, КӘСІБИ ЖӘНЕ
ҚАРАПАЙЫМ ЛЕКСИКОНДАҒЫ КОГНИТИВТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
(АССОЦИАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ)
Тіл білімі терминдерінің ғылыми, кәсіби және қарапайым лексикондағы
когнитивтік құрылымын анықтау мақсат етіп қойылды. Ғылыми, кәсіби және
қарапайым лексикондағы тіл білімі терминдерін зерттеу СИНТАКСИС терминінің
ассоциативтік өрісін талдау әдісі арқылы жүргізілді. Алынған мәліметтер еркін
ассоциациялық тәжірибе және арнайы дайындалған (арнайы құрастырылған
тапсырмалар) ассоциациялық тәжірибе негізінде ұйымдастырылды. Тәжірибеге
84 информант қатысты.
Еркін ассоциациялық тәжірибеге қатысу үшін кәсіби құзіреттеліктері ғылыми,
кәсіби және қарапайым типтеріне сәйкес келетін арнайы бақылау тобы құрылды.
Ғылыми лексикондағы терминнің когнитивтік құрылымын анықтау үшін зерт-
теуге Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің
студенттері қатысты: I курс (10), II курс (15), Ш курсы (14), IV курс (20). Кәсіби
лексикондағы терминнің когнитивтік құрылымын анықтау үшін зерттеуге
Ақтөбе қаласындағы №86, №50 мектеп мұғалімдері (10) қатысты. Қарапайым
лексикондағы терминнің когнитивтік құрылымын анықтау үшін Қ.Жұбанов
атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің құқық факультетінің 3 курс
студенттерінен (15) бақылау тобы құрылды. Еркін ассоциациялық тәжірибеге
барлығы 84 информант қатысты. Арнайы дайындалған ассоциациялық тәжі-
рибе ғылыми лексикондағы терминнің когнитивтік құрылымын анықтауға
бағытталды. Ол үшін 3 арнайы топ құрылды. Оларға СИНТАКСИС терминіне
анықтама беру және ассоциациялық өрісін жазу тапсырылды.
Еркін ассоциациялық тәжірибе
Еркін ассоциациялық тәжірибеден алынған мәліметтерді талдайық.
Жұмыста ассоциативтік өріс (АӨ) деп тәжірибеге алынған терминге берілетін
ассоциациялардың жиынтығын түсінеміз. Талдау төмендегідей деңгейлерде
жүргізіледі: когнитивтік, грамматикалық, лексика-семантикалық және прагма-
тикалық. Жұмысымызда когнитивтік деңгейде терминнің ассоциативтік өрісінің
концептуалдық құрылымы, грамматикалық және лексика-семантикалық дең-
гейде - ассоциативтік, лексика-грамматикалық, лексика-категориялық және
деривациялық құрылымдары, ал прагматикалық деңгейде терминнің АӨ бағасы,
құндылығы қарастырылады.
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
16
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Когнитивтік деңгей
Терминнің АӨ концептуалдық құрылымы лексикографиялық дереккөздерде
бекітілген концептілерден тұрады, яғни тіл білімі дамуының бірінші және екінші
кезеңдеріндегі синтаксис терминінің анықтамасы. Жалпы алғанда Сөйлем (88%),
Баяндауыш, Бастауыш (74%), Сөз тіркесі (65%), концептілері көбірек кездеседі.
Зерттеу жұмысымызда информанттардың әрбір тобының АӨ талдана-
ды (барлығы 84 АӨ). Мысал ретінде, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университетінің филология факультетінің I курс студенттерінің АӨ
концептуалдық құрылымы (қ-з. 1 кесте) берілді. Аталған информанттар синтак-
сис терминінің АӨ барлық концептілерді жазған.
Сөйлем концептісіне қатысты басым көпшілігі жай сөйлемнің түрлерін бер-
ген. Бастауыш, баяндауыш концептілеріне олардың дара, күрделі және үйірлі
түрлері беріледі. Сөз тіркесі көнцептісі келесідей сипатталады: предикаттық
қатынас, атрибуттық, объектілік, адвербиалдық қатынас.
1-кесте
Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің I курс
студенттерінің АӨ концептуалдық құрылымы
Концепті
Мысалдары
Реакция
%
СИНТАКСИС
Бастауыш,
баяндауыш,
сөйлем, сөз тіркесі
7
70
Сөйлем, сөз таптары
2
20
Жай сөйлем, толымды
сөйлем, то лымсыз сөйлем,
атау лы сөйлем
1
10
Барлығы
10 (информант)
100
2-кесте
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің IV курс
студенттерінің АӨ концептуалдық құрылымы
Концепті
Мысалдары
Реакция
%
СИНТАКСИС
жай сөйлем, жа лаң, жайылма сөй-
лем, жақты, жақ сыз сөйлем, то-
лымды сөйлем, то лымсыз сөйлем
18
90
күрделенген жай сөйлем, преди
кат-
тық байланыс, тұрлаулы, тұр лау сыз
мүше лер, құр малас сөй лем
15
75
Есімше оралым, кө семше ора лым,
сөй лем мүшеле рі не талдау
12
60
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
17
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Барлығы
20 (информант)
100
Келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай, I курс студенттерінің АӨ сөз
таптары деген ұғым синтаксис құрамында қаралып тұр. Яғни олар морфология
мен синтаксистің зерттеу объектілерін шатастырған. Бұл жерде олардың ЖОО
синтаксис курсын әлі оқымағанын, әзірге тек мектепте алған базалық білімімен
жүргендігі көрініп тұр.
Байқап отырғанымыздай IV курс студенттерінің АӨ күрделі жүйемен құрылған.
Яғни, олар СИНТАКСИС терминінің АӨ сөйлем түрлерін көбірек жазды. Бұл
олардағы ғылыми білімнің орнығып, кәсіби маман болуға даяр екендіктерін көрсетті.
Ал, қарапайым дискурстағы тәжірибеге нысан етіп алынған құқық
мамандығының III курс студенттерінде АӨ солғындау болды. Олардың басым
көпшілігі бұл терминді түсіне алмады. Тек кейбір студенттер ғана оның қазақ
тілімен байланысты ұғым екендігін естеріне түсірді. Біздің ойымызша, олардың
мұндай нәтиже көрсетуінің себебі ЖОО оларға синтаксис курсы оқытылмайды.
Ал, мектептен алған базалық білім бірнеше жыл өткеннен кейін ұмытылып қалған.
3-кесте
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің құқық
мамандығының III курс студенттерінің АӨ құрылымы
Концепті
Мысалдары
Реакция
%
СИНТАКСИС
Қазақ тілі пәніне
қатысты термин
5
33
Жауап беруге қи-
на ламын
10
67
Барлығы
15 (информант)
100
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, лингвистикалық дискурстағы терминнің
когнитивтік құрылымындағы концептілер иерархиясы СИНТАКСИС терминінің
концептілерінің қалыптасуын сөйлемнің даму тарихына сәйкес бейнелейді.
4-кестеде СИНТАКСИС терминінің ғылыми және қарапайым дискурстағы
АӨ концептілердің бөлінуін сызба түрінде көрсетеміз. Үштен көп кезде-
скен концептілерді «+» таңбасымен (концептінің барынша көп кездескенін
+++ таңбасымен, екінші мағынасын ++ таңбасымен, үшінші мағынасын +
таңбасымен) белгіледік.
Одан кейінгі концептілер «-» таңбасымен (төртінші мағынасы -, бесінші мағынасы
--, алтыншы мағынасы - - - таңбасымен) белгіленді. Алынған мәліметтер ғылыми дис-
курста тіл білімі дамуының ғылыми кезеңіндегі терминдердің таралуын көрсетсе,
ғылымның алғашқы кезеңіндегі терминдер қарапайым дискурсқа тән (қ-з. 4-кесте).
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
18
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Кестеден байқап отырғанымыздай, қарапайым дискурсқа нысан етіп алынған
құқық мамандығының студенттері аталған терминнің концептуалдық өрісін
көрсетуде қиналды.
4-кесте
Лингвистикалық дискурстағы синтаксистің ғылымалды және ғылыми
кезеңдеріндегі концептілердің арақатынасы
Дискурс
Ғылыми кезеңдегі концептілер
Ғылыми
I-курс
II-курс
III-курс
IV-курс
+
++
+
++
++
+
++
+
+++
++
+++
+++
+++
+++
+++
+++
Кәсіби
мұғалімдер
+++
+++
+++
+++
Қарапайым заңгер сту-
денттер
+
-
-
-
Көріп отырғанымыздай, IV курс студенттерімен кәсіби тәжірибеге алынған
мектеп мұғалімдерінің ғылыми білімі деңгейлес болды. Ескере кететін бір
жағдай, біздің тәжірибеге қатысқан мұғалімдер 21-25 жас аралығындағы арна-
улы оқу орындары мен жоғары оқу орындарын тәмәмдаған жас мамандар еді.
Сондықтан олардағы ғылыми таным деңгейлес. Ал, қарапайым тәжірибеге нысан
етіп алынған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің
құқық мамандығының студенттері оң нәтиже көрсете алмады. Олар синтакси-
ске тұшымды анықтама бере алмады, яғни қиналатындықтарын білдірді. Ал,
синтаксиске қатысты ассоциациялық өріске қазақ тілін жазған. Яғни, олардың
кейбірінде мектептен қалған базалық ұғым солғын болса да, сақталған.
Синтаксис терминіне берілген анықтамаларға келсек төменгі курс
студенттерімен жоғары курс студенттері арасында айтарлықтай айырмашылық
бар. Яғни, олардағы аялық біліммен таным өрісі бірдей емес. Төменгі курс
студенттері бұл терминге қарапайым тілмен анықтама берді. Мысалы, I, II курс
студенттері синтаксис терминінің анықтамасын жазыңыз деген тапсырмаға
"сөйлем, сөз тіркесі туралы ғылым; сөйлем мүшелерін зерттейді" деп қысқаша
көрсетсе, ал III, IV курс студенттері "сөз тіркесі мен сөйлем жүйесін зерттейтін тіл
білімінің бір саласы. Бұл термин грек тілінен аударғанда "құру" дегенді білдіреді.
Яғни, сөйлемнің құрылымын зерттейді" деп толық сипаттамасын жазған.
Сөйлем концептісіне көз салсақ, ол аталған концептілердің ішіндегі синтакси-
ске ең жақыны. Бұл концептіге қатысты берілген реакциялар ең көп тараған және
82% құрайды. Бұл концептіге қатысты берілген реакциялардың көбі ғылыми дис-
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
19
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
курста кездеседі (82 %). Оның ең көбі ғылыми дискурста (70%), ең азы кәсіби
дискурста (12%). Сөйлем концептісімен ең көп кездескен реакциялар: жай сөйлем,
құрмалас сөйлем, атаулы сөйлем, толымды сөйлем, толымсыз сөйлем.
Бастауыш, баяндауыш концептілері де жоғары белсенділігімен ерекшеленеді
(74%). Осыған байланысты бастауыш, баяндауыш концептісінің ең көбі ғылыми
дискурста (62%), ең азы кәсіби дискурста (12%) кездеседі.
Оның белсенді болуы сөйлеммен байланысты екендігінде болса керек.
Өйткені, қазақ тіліндегі сөйлем құрылымында тұрлаулы мүшелер тұрақты түрде
қатысады.
Одан кейінгі жоғары белсенділікке ие болған сөз тіркесі концептісі (65%).
Мұның ең көбі ғылыми дискурста (56%), ең азы кәсіби дискурста (9%) кездеседі.
5-кесте
Терминнің АӨ концептуалдық құрылымы (%)
Дискурс
Сөйлем
Бастауыш
Баяндауыш
Сөз тіркесі
Ғылыми
70%
62%
62%
56%
I курс
9%
15%
15%
9%
II курс
17%
18%
18%
10%
III курс
20%
9%
9%
20%
IV курс
24%
20%
20%
17%
Кәсіби
(мұғалімдер)
12%
12%
12%
9%
Қарапайым
(заңгер
студенттер)
-
-
-
-
Барлығы
84%
74%
74%
65%
Синтаксистің ғылымалды кезеңіндегі концептілерді талдау барысында
олардың ең көп реакциясы ғылыми дискурсқа тән екендігі анықталды. Біз-
дің зерттеу объектіміз тіл білімі, оның ішінде синтаксиске басты назар ау-
дар ғандықтан сауалнаманы осы бағытта жүргіздік. Нәтижесінде қарапайым
дискурсқа қатысушыларға бұл түсінік күрделі болып көрінді. Себебі, олар бұл
терминді күнделікті қарым - қатынаста қолданбайды. Тілдесім барысында жиі
қолданылып жүрмегендіктен қарапайым тіл сөйлерменінің санасындағы аталған
терминнің АӨ солғын реңде болды.
Грамматикалық және лексика - семантикалық деңгей
Терминнің ассоцицивтік құрылымы
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
20
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Енді терминнің ассоциативтік құрылымын талдауға көшейік. Терминнің
ассоциативтік құрылымы дегеніміз стимул (сөйлем) мен оған берілген
реакциялардың (жай сөйлем, толымды сөйлем, толымсыз сөйлем, атаулы
сөйлем, жақты сөйлем, жақсыз сөйлем, құрмалас сөйлем) арасында пайда
болатын қарым - қатынас. Стимул мен реакциялардың арасындағы қарым -
қатынасты талдау кезінде синтагмалық, парадигмалық және тақырыптық деп
үш қатынастың түрін ажыратамыз. Синтагмалық реакцияларға стимулмен
қандай да бір грамматикалық өзгеріске ұшырамаған синтаксемаларды (ойды
жеткізу, хабар беру) жатқызамыз. Парадигмалық реакциялар ассоциативтік
жұпта атауыштық қатынасты түсіндіреді (сөйлем түрлері, тұрлаулы мүшелер,
тұрлаусыз мүшелердің байланысы).
Тақырыптық реакциялар стимулмен синтаксемалар құра алмайды, бірақ
пропозицияның лексикалық бірліктері ретінде қарастырылады (сөз, сөз тіркесі).
Жалпы алғанда терминнің АӨ синтагмалық реакциялары - 52%, парадигмалық
- 74%, тақырыптық - 62% құрайды.
Синтагматикалық реакциялар саны ғылыми дискурста көбірек кездеседі–
40,4%, ең азы кәсіби дискурста - 12% көрініс табады. Ғылыми дискурста ең көп
көрініс табатын парадигмалық реакциялар – 59,1%. Тақырыптық реакциялар
ғылыми дискурста - 52,3 % , қарапайым дискурста - 2,3%.
Демек, алынған мәліметтер бойынша СИНТАКСИС терминінің дискурсы
қарапайым ортада жақсы меңгерілмегені байқалады. Өйткені, синтагмалық та,
парадигмалық та, тақырыптық та реакциялар саны көп емес.
6-кесте
Дискурс
Синтагмалық
Парадигмалық
Тақырыптық
Ғылыми
40,4%
59,1%
52,3%
I курс
10,1%
5%
11,8%
II курс
13,5%
15,2%
18,6%
III курс
3,3%
10,1%
8,4%
IV курс
13,5%
28,8%
13,5%
Кәсіби
(мұғалімдер)
12%
12%
12%
Қарапайым
(заңгер
студенттер)
-
-
2,3%
Терминнің лексика - грамматикалық құрылымы
Терминнің лексика - грамматикалық құрылымын сипаттауда төмендегідей
өлшемдер ескеріледі: зат есімдердің саны (атау септігіндегі, жекеше және көпше
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
21
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
түрі), сын есім, есімше, үстеу, естістіктер саны, сонымен бірге сөз тіркестері.
Жиі кездескен зат есімдерге бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш,
пысықтауыш; сын есімдерге - толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атау-
лы, бұйрықты, лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдер; етістіктерге - зерттейді,
қарастырады; сөз тіркестеріне - предикаттық қатынастан тұрады, ойды жеткізеді
секілді тіркестерді жатқызамыз.
Терминді ең аз меңгерген информанттар қарапайым дискурста кездесті.
Себебі, бұл термин олардың тілдік қолданысынан орын алмаған. Ғылыми және
кәсіби дискурста зат есімдер, сын есімдер жиі кездеседі.
7-кесте
Терминнің АӨ лексика – грамматикалық құрылымы (%)
Дискурс
Зат есімдер
Сын есімдер
Етістік
Сөз тіркесі
Ғылыми
65,9%
64,2%
57,4%
62,7%
I курс
15,2%
1,6%
13,5%
-
II курс
22%
8,4%
16,9%
6,7%
III курс
18,6%
23,7%
6,7%
15,2%
IV курс
10,1%
30,5%
20,3%
28,8%
Кәсіби
(мұғалімдер)
9,5%
12%
8,3%
12%
Қарапайым
(заңгер сту-
денттер)
2,3%
-
-
-
Байқап отырғанымыздай, синтаксис терминінің АӨ жазуда жоғары курс
студенттері сөз тіркестерін көбірек қолданған. Мысалы, предикаттық қатынас,
есімше оралым, көсемше оралым т.б. 1 курс студенттері сөз тіркестерін мүлдем
көрсетпеді. Мұның себебі, олар әлі синтаксис курсын оқымағандықтан бұл
түсініктермен таныс еместігінде болса керек.
Терминнің деривациялық құрылымы
АӨ деривациялық құрылымын талдау сөзжасамдық ұя жасайтын реак-
циялардың ең көбі ғылыми және кәсіби дискурста кездесті (82,2%). Оның басым
көпшілігі ғылыми дискурсқа - 70,2%, ең азы кәсіби дискурсқа - 12% тиесілі.
Ғылыми дискурстағы сөзжасамдық ұялардың бөлінуі төмендегідей болды:
толықтауыш - толықтыру (70,2%), анықтауыш - анықтау (67,8%), пысықтауыш -
пысықтау - (65,5%).
Кәсіби ортадағы дискурста төмендегідей сөзжасамдық ұялар кездесті:
толықтауыш - толықтыру (12%), баяндауыш - баяндау (12%), пысықтауыш -
пысықтау (12%), анықтауыш анықтау - (12%).
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
22
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Қорыта келгенде алынған нәтиже терминнің концептуалдық және дери ва-
циялық құрылымдарының белгілі бір дәрежеде сәйкес екендігін көрсетті.
Прагматикалық деңгей
Прагматикалық деңгейде терминнің АӨ субъективті бейнелілігі талда-
нады. Талдау өлшемдерінің бірі ретінде бағалау алынады. Әдетте бағалау
реакцияларының екі типі ажыратылады: біріншіде айқын көрініс тапқан бағалау,
екіншісінде имплицитті, жасырын, олар арнайы талдау немесе түсіндіру жолы-
мен анықталады. Біздің жұмысымызда бірінші типтегі бағалау реакциялары
қарастырылады. Жалпы алғанда терминнің АӨ жағымды баға берілген раекци-
ялар басымдық танытады (84,5%), жағымсыз баға берілген реакциялар саны аз
(15,4%). Жағымсыз реакциялар алынған нәтиже бойынша қарапайым дискурста
кездесті. Ал ғылыми және кәсіби дискурста жағымды реакциялар көрініс тапқан.
«Ғылыми - қарапайым» өлшемі бойынша дискурстың дамуы бағалау
категориясының (жағымды да, жағымсыз да) күшеюімен сипатталады, мысалы:
тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, атаулы сөйлем
деген сөздерді жағымды бағаға жатқызамыз. Ал, қарапайым дискурста кезде-
скен жауап беруге қиналамын, есіме түсіре алмадым, түсіну қиын деген секілді
жауаптарды жағымсыз баға қатарына жатқызамыз.
Алынған нәтижелерімізді қорыта келе төмендегідей тұжырым жасауға болады.
Біріншіден, терминнің АӨ құрылымы дискурс типіне тәуелді екені анықталды.
Бұл тәуелділік терминнің АӨ талдаудың барлық деңгейлерінде – когнитивтік,
грамматикалық және лексика – семантикалық, сонымен бірге прагматикалық
деңгейлерде кездеседі.
Екіншіден, «қарапайым/ғылыми» өлшемі бойынша дискурстарда
реакциялардың көбірек көрініс табуы ғылыми концептілерге тән, ал олардың
азаюы концептілердің ғылымалды кезеңіне тән екені анықталды; парадигмалық
реакциялар санының көбеюі мен тақырыптық және синтагмалық реакциялардың
азаюы анықталды; бағалау категорияларының әлсіреуі және олардың көрініс
табу тәсілдерін реттеу қажеттігі анықталды;
Кәсіби дискурстың АӨ бірқатар белгілері бойынша ғылыми дискурспен ұқсас
болып келеді.
Жүргізілген тәжірибені қорыта келгенде, ғылыми таным адамның жас
мөлшеріне, жинақталған тәжірибесіне, кәсіби біліміне тәуелді екеніне көз
жеткіздік. Себебі, жоғары курс студенттерімен кәсіби мамандар санасындағы
ғылыми таныммен төменгі курс студенттерінің танымы бірдей емес. Яғни,
төменгі курстар барынша қарапайым анықтама берді. Ал, филологиядан мүлдем
тыс құқық мамандығының студенттері бұл терминді түсіндіре алмады. Яғни,
бұған олардың таңдаған кәсіптерінің ерекшелігі, тіл білімі туралы тәжірибесінің
жоқтығы мен арнайы білімдерінің аздығы, оны жетілдіріп, дамытпауы себеп
болған деп ойлаймыз.
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
23
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Қорыта келгенде, терминді когнитивтік тұрғыдан қарастыру үшін тіл
сөйлерменінің санасындағы ментальды процестерді анықтап алған дұрыс. Ол
бізге термин аталымындағы күрделі ғылыми танымды түсінуге мүмкіндік береді.
Когнитивтік терминтаным тілге деген антропоцентристік көзқарастан
туындаған. Тіл арқылы жарыққа шығатын адам санасындағы дүниенің тілдік
бейнесі когнитивтік лингвистиканың негізгі нысандарының бірі болып та-
былады. Яғни, когнитивтік терминтаным терминді «адаммен байланысты»
қарастырады.
Зерттеу жұмысымызда тіл білімін, оның ішінде синтаксис саласына баса назар
аударғандықтан, ғылыми, кәсіби және қарапайым ортадағы аталған терминнің та-
ралымына сауалнама жүргіздік. Сауалнаманың ғылыми тәжірибесіне Қ.Жұбанов
атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факультетінің
I, II, III, IV курс студенттері, кәсіби тәжірибеге Ақтөбе қаласындағы №8, №50
орта мектеп мұғалімдері, ал қарапайым дискурсқа аталған оқу орнының құқық
мамандығында оқитын 3 курс студенттері қатысты. Сауалнама нәтижесінде
ғылыми тәжірибеге қатысқан студенттер арасында төменгі курс пен жоғарғы
курс студенттерінің ғылыми танымында айтарлықтай айырмашылық байқалды.
Төменгі курс студенттері синтаксис терминнің анықтамасын қарапайым сөзбен
беріп, АӨ де қарапайым ұғымдармен бейнеледі. Ал, жоғарғы курс студенттері
кәсіби тәжірибеге қатысқан мектеп мұғалімдерімен деңгейлес болды. Бұл жердегі
ескере кететін жағдай, біздің сауалнамамызға қатысқан мектеп мұғалімдері арна-
улы оқу орнын бітірген, енді бірі ЖОО бітірген жас мамандар. Ал, жоғарғы курс
студенттері болса кәсіби жолға қадам басқалы тұрған мамандар. Сондықтан,
олардың ғылыми танымы ұқсас деңгейде болды.
Ал, қарапайым дискурсқа қатысқан болашақ заңгер студенттер аталған тер-
минге анықтама беруде қиналды. Мұндай нәтиже көрсетуіне олардың таңдаған
кәсіптерінің ерекшелігі, тіл білімі туралы тәжірибесінің жоқтығы мен арнайы
білімдерінің жоқтығы әсер етті.
Сауалнамамызды қорыта келгенде, тіл білімнің бір саласына жататын син-
таксис терминінің қарапайым дискурста қолданылу аясы шектеулі. Сондықтан,
қарапайым тіл сөйлерменінің танымында оның анықтамасын айту және АӨ құру
қедергі келтірді.
Осыған орай, терминнің қоғамдық ортада таралуы келесідей тұжырым
жасауға мүмкіндік берді:
- терминді түсіну жинақталған кәсіби тәжірибемен тығыз байланысты;
- терминнің мәнін ұғынып, тәжірибеде қолданысқа енгізе білу адамның
жас мөлшерімен, кәсіби қызметіне тәуелді;
- терминнің санадағы бейнесін оны үнемі қайталап, кәсіби қызметте пай-
даланып, дамытып отырумен байланысты деп айтуға болады.
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
24
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
А. Әбділманов
Орал қаласы
Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ доценті,
филология ғылымдарының кандидаты
Достарыңызбен бөлісу: |