Терминологиялық СӨздік

бет2/4
Дата26.02.2023
өлшемі1,85 Mb.
#69999
1   2   3   4
Байланысты:
Терминологиялық сөздік лекция

Ғылыми-теориялық тұрғыдан айқындалған, практикалық тұрғыдан басы ашылған, аражігі ажыратылған, жүйеленген мəселелер аз емес. Дегенмен уақыт орнында тұрған жоқ. Ғылым мен технология жедел дамып, көптеген жаңа салалар пайда болуымен қатар, терминжүйеге, терминологиялық сөздіктерге қойылатын талаптар да күшейіп, оларды жасаудың əдістемесі де дамып жатыр. Бұл тұрғыдан келгенде терминологиялық сөздіктер жасауды ғылыми-əдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оның жаңа қазіргі уақыт талаптарына лайық түрлі сөздіканықтамалықтар жасау міндеті тұр. Бізде жалпы отандық лексикография жақсы дамып, əртүрлі типтегі сөздіктер жасаудың тəжірибесі орныққанымен кейбір елдердегідей терминологиялық сөздіктер түзудің теориясы мен практикасын арнайы қарастыратын жеке сала қалыптаса қоймаған. Терминологиялық сөздіктер жасау мəселесі əлі де лексикография шеңберінде қарастырылып келді. Мəселен, біздің ғалымдарымызға жақсы таныс көрші Ресейде бізбен салыстырғанда терминография мəселелері едəуір тереңірек зерттелген.

Орыс тілін отандық мамандардың бəрі білетін əрі олардың еңбектеріне қол жеткізу мүмкіндігі көбірек болғандықтан Ресей ғалымдарының бұл бағыттағы зерттеулері мен тəжірибесін де қажетіне қарай пайдалануға болады. Əрине, бұл жерде ұлт тілінің өзіндік ерекшеліктері мен ұлт мүддесі ескеруі тиіс. Алайда отандық терминографияның дамуына, өз мамандарымызды дайындап, өз орталықтарымызды қалыптастыруға да көбірек мəн берген орынды. Əзірге біз терминография мəселелерін арнайы зерттеген Е.Əбдірəсіловтің «Қазақ терминографиясының ғылыми-теориялық негіздері» (2007) атты докторлық диссертациясын ғана атай аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет