Терминологиялық түсіндірме сөздік



Дата06.12.2022
өлшемі42,98 Kb.
#55109

Терминологиялық түсіндірме сөздік
А
Агрегирлеу – жекелеген көрсеткіштерді бірыңғай жалпы
көрсеткішке біріктіру. Мысалы, жекелеген тауарлардың бағаларын
(олардың қарқынын) бағалардың жалпы деңгейінің (бағалардың
индексі) көрсеткіштеріне біріктіру.
Ағымдағы операциялар – тауарлар мен қызметтердің сыртқы
саудасы, ертеректе шығарылған жəне шеттен əкелінген капиталдан
түскен табыстарды аудару, жеке тұлғалардың ақшалай аударымдары,
қайтарымсыз негізде жəрдем жəне т.б. қамтитын төлем балансының
бөлімі.
Ажио – биржада сатылатын облигациялардың нақтылы құнымен
салыстырғанда қымбаттауы.
Айналым капиталы – өзінің құнын мерзімі бір жылдан аспайтын
дайындалатын өнімге ауыстыратын капиталдың бөлігі.
Айырбас – экономикалық қызметтің бір қатысушысынан
екіншісіне тауар мен қызмет қозғалысының үрдісі; нарықтық экономи-
када экономикалық қатынастардың жүйесі
Акциздер – тауарлар мен қызметтердің бағасына қосылатын
салық.
Акционерлік қоғам (АҚ) – жарғылық қоры белгілі акция-
лар мөлшеріне бөлінген шаруашылық қоғам. Акционерлер АҚ
міндеттемелері бойынша жауап бермейді жəне оларға тиесілі
акциялардың құны шегінде залалдар тəуекеліне жауапты емес.
Акциялар – акционерлік қоғамның капиталының пайына құқығын
білдіретін жəне дивиденд түрінде пайда алу құқығы бар бағалы
қағаздар.
Ақша – айналыс құралы, қазына мен жинақтардың құрылуының
құралдары, төлем құралы, құнды өлшеу фнукцияларын атқаратын
ерекше тауар.
Ақша-кредиттік саясат – экономиканы реттеуге бағытталған ақша
айналысы мен кредит саласында шаралардың жиынтығы.
Ақша жүйесі – мемлекеттегі ақшалай айналысты ұйымдастырудың
нысаны, яғни ақшалай қаражаттың қолма-қол немесе қолма-қолсыз
нысаны. Ол келесі элементтерден тұрады: ақшалай бірлік, бағалардың
ауқымы, мемлекеттегі ақшаның түрі, эмиссия тəрəтібі мен ақша айна-
лысы, сонымен қатар ақшалай айналыстың реттелуін жүзеге асыратын
мемлекеттік аппарат.
Ақшалай база – ҚРҰБ коммерциялық банктердің міндетті
резервтері мен қолма-қол ақшадан (МО агрегаты) тұратын қолданбалы
көрсеткіш.
Ақшалай рынок – есептік, банкаралық жəне валюталық рыноктар-
291
дан тұратын қысқамерзімді кредит (бір жылға дейін) операцияларының
рыногы.
Ақшалай сектор – ең бастысы табыстар, шығындар, қаржының
қозғалысымен түсіндірілген экономикалық ауыспалы айналымның
(экономикалық ауыспалы айналымды қара) бөлігі.
Ақшалай табыстар – еңбекақы түрінде, кəсіпкерлік қызметтен
алынатын табыс, зейнетақы, стипендия түрінде, меншік есебінен та-
быстар түрінде алынатын қаражат (пайыздар, дивидендтер, жылжы-
майтын мүлікті сатудан түскен табыс, ауылшаруашылық өнімді сату-
дан түскен табыс, əртүрлі қызмет көрсетуден түсетін табыс).
Ақшалай түсімдер (ақша ағыны) – фирманың коммерциялық
қызметінің таза (нетто) ақшалай нəтижесі.
Аралас кəсіпорындар – меншіктің əртүрлі нысандарының
үйлесіміне негізделген кəсіпорындар.
Ауқымның жағымды əсері – кəсіпорын мөлшерінің ұлғаюына
қарай өндірістің орташа жалпы шығындарының төмендеуі.
Ашық рыноктағы операциялар – нарықтық немесе алдын ала
жарияланған бағам бойынша орталық банктің коммерциялық банктер-
ден мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы немесе сатуы.
Ашық экономика – əлемдік шаруашылық байланыстарға
енудің жоғары деңгейі бар мемлекеттің экономикасы (халықаралық
экономикалық қатынастар).
Ə
Əкімшілік-командалық жүйе, орталықтандырылған жоспар-
лы, коммунистік жүйе – ертеректе КСРО, Шығыс жəне Орталық Еу-
ропа жəне бірқатар азия мемлекеттерінде басым болған экономикалық
жүйе. Оның айырықша ерекшеліктері – өндірістік ресурстардың
барлық түрлеріне қатысты «қоғамдық» (мемлекеттік) меншік,
айырықша нысандарды, экономиканың монополиясы мен бюрократия-
сы, шаруашылық механизм ретінде орталықтандырылған жоспарлау.
Əлемдік сауданың тауарлы құрылымы – берілген мемлекетте
экспорт жəне импорттағы тауарлардың жекелеген түрлері арасындағы
арақатынас.
Əлемдік экономика (əлемдік шаруашылық, бүкілəлемдік
шаруашылық ) – кең анықтама бойынша – əлемнің барлық ұлттық
экономикаларының сомасы, тар анықтама бойынша – тек сыртқы
əлеммен іс-əрекет ететін ұлттық экономиканың бөліктерінің жиынтығы.
Бірақ екі анықтама арасындағы айырмашылықтар уақыт өте келе күшін
жоюда, өйткені кез келген мемлекетте сыртқы əлеммен тікелей немесе
жанама түрде өзара іс-əрекет етпейтін салалар немесе қосымша сала-
лар кезедеседі.
Əлеуметтік салықтар – мемлекеттік бюджетке төленетін
əлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған кəсіпорындардың төлемдері
мен еңбекақы мен жұмыс күшіне салынатын салықтар.
292
Б
Баға дискриминациясы – сатып алушылардың əртүрлі топтары
үшін бір өнімнің бағасына əртүрлі баға белгілеу, мұндағы бағалардың
айырмашылығы шығындардың салдарынан болмайды.
Бағалардың индексі – уақыттағы бағалардың ара қатынасын си-
паттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Бағалардың тепе – тең деңгейі – жиынтық сұраныстың қисығы
жиынтық ұсыныстың қисығын кесіп өтетін бағалардың деңгейі.
Бағалаудағы табысты тəсілдеме – бағаланатын кəсіпорынның
болашақ табыстарын бағалауға негізделген тəсілдеме.
Бағалаудағы шығын тəсілдемесі – кəсіпорынның активтерінің
ұдайы өндірісі үшін қажетті шығындарды талдау негізінде
кəсіпорынның құнын анықтаудан туындайтын тəсілдеме.
Бағалы қағаздар нарығы (Қор нарығы) – рынокта акциялар мен
облигациялар, депозиттік сертификаттар, қазыналық міндеттемелер
мен басқа да ұқсас құжаттардың айналымы арқылы қаржы ресурста-
рына деген ұзақмерзімді қажеттіліктерді қамтамасыз ететін рынок.
Банк операциялары – банктердің қызметтерінің пайдалылығы
мен қызмет етуін қамтамасыз ететін операциялар. Пассивті жəне
активті операциялар, банк қызметтері мен банктің жеке операциялары-
на ажыратылады.
Банкаралық рынок – кредит мекемелерінің уақытша бос ақшалай
ресурстары тартылып, банктер арасында басымды түрде банкаралық де-
позиттер нысанында орналастырылатын ссудалық капитал рыногының
бөлігі.
Банкроттық – сот инстанциясымен айқындалған, қарыз
міндеттемелері бойынша төлемдерді жүргізудің қабілетсіздігі.
Банктер – өнеркəсіптік, сауда жəне басқа кəсіпорындар, ең басты-
сы салымдар түрінде алынатын қаражат есебінен кредиттеу бойынша
əмбебап операцияларды жүргізетін ұйымдар.
Банктік кредит – ақшалай қаражаттың иелері, басымды түрде
банк арқылы ақшалай ссудалар түрінде ұсынылатын кредит.
Басқарудың ұйымдастырушылық сызбасы – кəсіпорынның
бөлімшелері арасында өзара əрекеттің қисынды құрылымы.
Бəсекелестік – өнімді өндіру мен өткізудің ең үздік жағдайлары
үшін рынокқа қатысушылар арасындағы бəсеке.
Бəсекелестік артықшылық – рынокта тұрақты жағдайды
қамтамасыз ететін жəне оны басқа бəсекелестерден жағымды түрде
айыратын, кəсіпорын өнімінің баға, сапалық жəне басқа да сипаттама-
лары.
Бəсекелестің (бағыттың) бес күштің моделі – рынокта фирманың
жағдайын анықтайтын негізгі бəсекелес күштерді талдаудың əдісі:
ұқсас өнімді өндірушілердің басқа жабдықтаушыларының бəсекелес
күштері, фирмалар – əлеуетті бəсекелестер, фирмалар – алмастыратын
293
жабдықтаушылар, сонымен қатар ресурстармен жабдықтаушы жəне
өнімді сатып алушылардың бəскелестік ұстанымдары.
Бизнес-жоспар – кəсіпорынның (фирмалар) жағдайы, оның
мақсаты мен оған жету жолдары мен нəтижелерін сипаттайтын егжей-
тегжейлі, нақты құрылымды құжат.
Биржалық баға белгілеу – берілген рынокта жəне берілген уақыт
кезеңінде тауарлар немесе бағалы қағаздарды сатушының минималды
бағасы немесе сатып алушының максималды бағасы.
Биржалық индекстер – бағалы қағаздарға қатысты бағалардың
өзгеру беталысын анықтаудың əртүрлі тəсілдері (АҚШ-та Доу Джонс
жəне «Стэндард энд Пурс», Жапонияда – «Никкей», Германияда –
ДАКС жəне «Франкфурте Альгемайне Цайтунг», Ұлыбританияда –
Рейтер агенттігінің индексі).
Бөлу – шаруашылық қызметтің қатысушылары өндірілген өнімге
қатысатын сандық пропорциялар, үлестерін анықтау үрдісі.
Брокерлік фирма – бағалы қағаздар, тауарлар мен басқа да
меншіктің түрлеріне қатысты клиенттерден сату немесе сатып алу тап-
сырысын жəне осы қызметтерді көрсету есебінен комиссиялық алым
түрінде марапаттау алатын агент.
Бухгалтерлік пайда – жалпы түсім мен фирманың шығындары
арасындағы айырма.
В
Валюта – халықаралық есеп айырысуларда қолданылатын белгілі
бір ұлттық ақшалай бірлік түріндегі ақшалай міндеттемелер немесе кез
келген төлем құжаттары.
Валюталық арбитраж – əртүрлі валюталық рыноктарда (кеңістік
арбитраж) немесе бағамдар қарқынының айырмасында (уақытша ар-
битраж) бір ақшалай бірліктің валюталық бағамдарының айырмасы-
нан пайданы алу мақсатымен байланысты операциялар.
Валюталық баға белгілеу – ұлттық ақшалай бірліктің бағамын
шет ел ақшалай бірліктің бағамына тіркеу. Мұнда ұлттық ақшалай
бірлік тікелей баға белгілеу (1, 10, 100 шетел валютасының бірлігі =
х ұлттық валютаның бірлігі) нысанында, сонымен қатар айналым
баға белгілеу (1, 10, 100 ұлттық валютаның бірлігі = х нысанында шет
елвалютасының бірлігі) болып белгіленуі мүмкін.
Валюталық бағам – бір елдің ақша өлшемінің екінші бір елдің
ақша өлшеміне көрсетілген бағасы, салыстырмалы арақатынас
құнының өлшемі.
Валюталық жүйе – ішкі ақшалай-кредит қатынастары мен
халықаралық есеп айырысуларды қамтитын ақшалай қатынастарды
ұйымдастыру нысаны; ұлттық экономикасының базасында құрылады
жəне халықаралық экономикалық қатынастардың дамуымен əлемдік
валюталық жүйеге айналады.
294
Валюталық қоржын – жекелеген валюталардың орташа өлшенген
бағамын өлшеу үшін қолданылатын, белгілі əдіспен анықталған
валюталардың тіркелген жиынтығы. Халықаралық шоттық бірліктерін
құруда, сауда жəне кредит қатынастарының саласындағы сақтандыру
мен валюталық тəуекелдер, сонымен қатар бірқатар мемлекеттерде
ұлттық валюта бағамын орнату кезінде қолданылады.
Валюталық ресурстарды сақтандыру – келісімшартқа отыру
кезеңі мен оны орындау кезеңінде валюта бағамдарының мүмкін бола-
тын өзгерістермен байланысты валюталық, кредит, сыртқы сауда опе-
рацияларын жүргізуде валюталық жоғалтулардың тəуекелін алдын алу
мақсатымен байланысты операциялар.
Валюталық рынок – валюталық мəмілелердің субъектілерінің
арасында туындайтын барлық қатынастар жиынтығы. Институциялық
көзқарасы жағынан, валюталық рынок байланыс құралдарын (телефон
мен телекстерден бастап электронды жəне спутникалық жүйелерге
дейін) қолдану арқылы халықаралық төлем айналысына қызмет
көрсету үшін сұраныс пен ұсыныс негізінде валюталардың сатылуы
мен сатып алу үрдісі жүргізілетін көптеген ірі коммерциялық банктер
мен басқа да қаржы мекемелері.
Вексель (жай) – қарыз міндеттемесінің беру уақыты мен орны, со-
масы, орны мен төлем уақыты көрсетілген кредитордың атына қарыз
алушымен берілетін міндеттеме.
Ғ
ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық
жұмыстар) – жаңа білімдердің ашылуының ұйымдастырылған үрдісі.
ДД
ефицит дохода (Табыс тапшылығы) – халықтың тұрмыс деңгейі
төмен жіктерінің табыстарын өмір сүрудің минимум деңгейіне дейін
жеткізуге қажетті қосымша қаражаттың мөлшері.
Дивиденд – акционерлік қоғамның балансында белгіленген пайдаға
байланысты акциялар бойынша төлемдердің мөлшері.
Дилер – бағалы қағаздарды сату – сатып алу операцияларын жүзеге
асыратын жəне сату мен сатып алу бағамдарының арасындағы айырма-
сы түрінде табыс алатын биржа делдалы.
Дисконттау – күрделі пайызды есептеудің кері үрдісі (Күрделі пай-
ызды есептеуді қара).
Е
Ең аз шығындар – ақшалай өлшемде бағалануы қиын, жобадан
алынатын пайда алдын ала белгіленген жағдайларда қолданылатын
жобалық талдаудағы тəсіл.
Еңбек биржасы – жұмыс күшінің рыногында азаматтарды жұмысқа
295
орналастыру бойынша мамандандырылған қызметтерді көрсететін ме-
кеме.
Еңбек қатынастары – еңбекақыны төлем мен еңбек жағдайлары
бойынша жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыскердің арасындағы
қатынастары.
Еңбек өнімділігі – еңбек ресурстарын қолдану тиімділігінің
көрсеткіші. Өнімнің құндық көлемі немесе жұмыспен қамтылған орта-
ша жылдық санымен (жылдық еңбек өнімділігі) немесе өңделген адам/
сағат (сағат негізіндегі еңбек өнімділігі) санының ара қатынасының
түрінде айқындалады.
Еңбек нарығы – жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының
арақатынасы.
Еңбекақы – əртүрлі мамандықтардың жалдамалы жұмыскерлеріне
еңбек қызметтері үшін төлем жүргізуі.
Еркін сауда аймағы – қатысушы мемлекеттердің арасында сау-
да шектеулері, ең бастысы кеден баждары жойылатын экономикалық
интеграцияның нысаны.
Еркін экономикалық аймақ – салық жəне басқа да жеңілдіктерді
қолданатын, аймақтың мəртебесімен түсіндірілетін, шет ел жəне
отандық фирмалардың қызметі жүзеге асырылатын аймақ.
Есептік рынок – қазыналық жəне коммерциялық векселдер,
қысқамерзімді міндеттемелердің басқа да түрлерінің рыногы.
Есептік саясат – кредит операцияларына ықпал ету мақсатында
орталық банкпен коммерциялық банктерге ұсынылатын кредиттер
бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі.
Ж Жалпы табыс –
өнім санына бағалардың туындысы.
Жалпы шығындар – тұрақты жəне өзгермелі шығындардың со-
масы.
Жалпы ішкі өнім – берілген мемлекеттің аумағында орналасқан,
кəсіпорынның ұлттық нақышына қарамастан мемлекет экономикасының
барлық салаларында тауарлар мен қыметтердің барлық көлемдеріне
қосылған құн.
Жауапкершілігі шектеулі қоғам – жарғылық құжаттармен
анықталған, бір немесе бінеше тұлғаға жарғылық капиталы бөліктерге
бөлінген шаруашылық қоғамының мекемесі; оның қатысушылары
қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді жəне өздерінің
жарналарының шегінде залалдар тəуекеліне жауап бермейді.
Жеделдетілген амортизация – амортизациялық аударымдардың
нормаларын арттыру есебінен өндірілетін тауарлар мен қызметтерге
жеделдетілген түрде еңбек құралдарының құнын аудару болып табыла-
тын экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы.
296
Жеке кəсіпкер – заңды тұлға нысанынсыз кəсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын азамат.
Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы – жеке тұлғаларға
салынатын табыс салығы, əдетте прогрессивті болады (Прогрессивтік
салық салуды қара).
Жекешелендіру – жеке немесе ұжымдық шаруашылық
субъектілерге мемлекеттік немесе муниципалды меншіктің əртүрлі
шарттарының негізінде сату немесе табыстау жолымен болатын меншік
қатынастарының қайта құрылуы.
Жинақ – тұтынуға қолданылатын табыстың бір бөлігі.
Жобалық талдау – нарыктық экономикасы бар мемлекеттерде
инвестициялық жобалар негізінде жатқан жəне инвестициялық жобаға
жұмсалатын шығындарды салыстыру мен ол жобадан алынатын пай-
даны салыстыруға негізделген тұжырымдама
Жобалық цикл – инвестициялық жобаны əзірлеу мен жүзеге
асырудың уақытша сатылары
Жобамен бірге – жобасыз – екі балама негізінде фирманың
болашақ табыстылығын салыстыруға негізделген жобалық талдаудағы
тəсіл: а) фирма жобаны жүзеге асырады; ə) фирма бұл жобаны жүзеге
асырмайды
Жобаның рентабельділігі – инвестициялық жобадан түсетін
барлық дисконтталған табыстар мен ол бойынша барлық дисконтталған
шығындар арасындағы ара қатынасы
Жұмыс күшінің құрылымы – салалық, кəсіптік, білікті жəне
демографиялық сипаттары бойынша жұмыс күшінің құрамы
Жұмыссыздық – қоғамдық өндірісте жұмыс күшінің (экономика-
лық белсенді халық) бір бөлігінің жұмыссыз болғандағы əлеуметтік-
экономикалық құбылыс. Жұмыссыздық бірнеше түрлерге ажыраты-
лады: құрылымдық, циклдық, фрикциондық, мауысымдық, бөлшекті,
жабық, тоқырау, технологиялық.
Жүктелген шығындар – фирманың меншігі болып табылатын ре-
сурстарды қолданудың баламалы шығындары.
З
Залалсыздық нүктесі – барлық шығындар мен нөлдік пайданың
орнын толтыруды қамтамасыз ететін фирма өндірісінің көлемі мен
түсімі. Залалсыздық нүктесіне сəйкес келетін түсім – шекті түсім деп
аталады, ал сол нүктеде орналасқан өндіріс көлемі (сату) – өндірістің
(сату) шекті көлемі деп аталады
Заманауи нарыктық экономика (заманауи капитализм) –
нарыктық экономикасы дамыған елдерде қалыптасқан экономикалық
жүйе. Ұжымдық жеке меншік (акционерлік), шараушылық қызметтің
белсенді мемлекеттік реттеу, əлеуметтік сақтандырудың дамыған
297
жеке жəне мемлекеттік жүйе мен əлемеуттік қамтамасыз етілуінің
басымдылығымен сипатталады.
Зияткерлік меншік – зияткерлік өнімге қатысты меншік (зияткерлік
өнімді қара)
И
Инвестициялық жеңілдіктер – капитал салымдары мемлекеттік
экономикалық бағдарламалардың мақсаттары мен шарттарына сəйкес
келетін жағдайда, инвесторлардың салық төлеу мерзімін ұзарту мен
төмендету, субсидиялар түрінде ұсынылатын жеңілдіктер
Инвестициялық климат – өздерінің капиталдарын шетел экономи-
касына салатын, мемлекеттегі жағдайға қатысты шетел кəсіпкерлерінің
көзқарасы
Инвестор – инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды
тұлға
Институтционалды қайта құрулар – шаруашылық қызметтің
ресми жəне бейресми жағдайларының өзгеруі
Инфляция – біртіндеп бағлардың көтерілуінде байқалатын
ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеуі
К
Калькуляция – тауар бірлігін өндіру мен өткізуге жұмсалатын
шығындардың есебі. Толық өзіндік құнды калькуляциялау əдісі –
бұл əдіс тауардың (қызмет көрсету) бірлігін өндіру мен сатумен бай-
ланысты, барлық шығындардың (тұрақты жəне өзгермелі) есебін
қарастырады. Жабу мөлшері бойынша калькуляциялау əдісі тауардың
(қызмет көрсету) бірлігін өндіру мен сатумен байланысты тек өзгермелі
шығындарын қарастырады
Капитал – кəсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын, материалды,
ақшалай жəне зияткерлік құралдардың сомасы ретінде анықталатын
экономикалық ресурс
Капитал нарығы – орта жəне ұзақмерзімді кредиттер, акциялар
мен облигациялар рыногы
Капиталды жоба (инвестициялық жоба) – инвестицияларды жо-
спарлау мен жүзеге асыру нысаны
Капиталды құрылыс – капитал салымдарын жүзеге асыру жəне
негізгі қорларды іске қосу
Капиталдың қашуы – мемлекеттен заңсыз негізде жиналған
қаражатты алу үшін, жоғары салықтар, экономикалық жəне саяси
тұрақсыздық есебінен капиталдың кетуі.
Капиталдың халықаралық қозғалысы – шет елде капиталдың
орналасуы мен қызмет етуі, ең бастысы оның өзін-өзі арттыру
мақсатында жүзеге асырылады
298
Күрделі қаржыландыру – негізгі капиталдың (негізгі қорлар)
ұдайы өндірісіне салынатын инвестициялар (инвестицияларды қара.)
Кассалық операциялар – тікелей түрде тек мəмілеге отырғаннан
кейін атқарылатын қор рыногындағы операциялар
Кəсіпкерлік қабілеттілік – ең бастысы кəсіпкерлерді, сонымен
қатар кəсіпкерлік инфрақұрылымды, кəсіпкерлік əдеп пен мəдениетті
қамтитын экономикалық ресурстардың бір түрі
Кəсіпкерлік табыс – кəсіпкерлік қызметтен алынатын табыс
Кəсіпкерлік тəуекел – кəсіпорында қаржы жоғалтулардың
туындауының ықтималдылығы
Кəсіпорын (фирма) – коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін
экономикалық ресурстарды біріктіретін дербес шаруашылық бірлік.
Коммерциялық қызмет кəсіпорынға пайда əкелуі тиіс, үшінші тұлғалар,
жеке немесе заңды тұлғалар үшін тауарлар мен қызметтерді өндіру
бойынша қызметі болып табылады
Кəсіпорынды (фирманы) бағалау – уақыттың берілген кезеңінде
меншіктің нақты объектісінің құнын есептеу.
Кəсіпорынды қайта құрылымдау – экономикалық тиімділік,
нарыктық бəсекеқабілеттілік, нарыктық ортаға кəсіпорынның жал-
пы бейімделуіне бағытталған кең шаралардың шеңбері. Қайта
құрылымдаудың негізгі əдістері – ұйымдастырушылық құрылымды
оңтайландыру (ұйымдастырушылық қайта құрылымдау) жəне
қаржылық сауықтыру (қаржылық қайта құрылымдау).
Кəсіпорынды қаржылық негізде қайта құрылымдау – активтерді
реттеу кезінде баланстарды «тазалау», сонымен қатар көптеген
жағдайларда – кəсіпорынды тарату мен банкроттық тəртібі
Кемімелі қайтарымдылық заңы – бір ауыспалы ресурсты басқа
ресурстардың өзгермейтін мөлшерімен бірге қолданудың ұлғаюы,
белгілі бір кезеңде қайтарымдылықтың өсуін тоқтатады, содан кейін
оның қысқаруына əкеледі
Кемімелі шекті пайдалылылқ заңы – тұтыну көлемінің
ұлғаюымен, əрбір келесі тұтынылатын өнім бірлігінің пайдалылығы,
алдыңғы тұтынылатын бірлікке қарағанда төмен болады
Коммерциялық кредит – төлемнің мерзімін ұзарту негізінде тау-
арларды сату түрінде кəсіпорындардың басқаларға ұсынатын кредиті
Коммерциялық қызмет – коммерциялық пайда алу мақсатымен
үшінші тұлғалар (жеке жəне заңды) үшін тауарлар өндіру мен қызмет
көрсету бойынша қызмет
Консалтинг (кеңес беру) – кəсіпорындар, ұйымдар мен
мемлекеттік басқару органдарына кеңес беруші фирмалар немесе жеке
кеңес берушілер арқылы көрсетілетін экономика мен басқару салала-
рында кəсіпқой ғылыми – қызметтер.
Кредит (Несие) – ссудалық капиталдың қозғалысы, яғни пайыз
299
түрінде төлемді қайтару шартының негізінде ссуда түрінде ұсынылатын
ақшалай капитал
Кредит жүйесі – кредит-есеп айырысу қатынастары, кредиттеудің
нысандары мен əдістерінің жиынтығы немесе кредит-қаржы
институттарының жиынтығы
Кредит-қаржы құралдары – орталық банктер, коммерциялық бан-
ктер, мамандырылған кредит-қаржы құралдары (кредит ұйымдары)
Кредитор – белгілі пайызды төлеу мен белгілі мерзім ішінде
қайтару шартының негізінде белгілі тұлғаға қарыз қаражатты ұсынатын
жеке немесе заңды тұлға.
Күрделі пайыздарды есептеу – пайыздарды жинақтау есебінен
жинақтың негізгі сомасының өсу үрдісі.
Қ
Қалыпты пайда – фирманың басшыларымен өндіріске салынған
міндетті шығындарға тең пайда.
Қаржы – бюджет пен салықтардың синонимі, кей кезде – барлық
қаржы-кредит жүйесі (Қаржы-кредит жүйесін қара).
Қаржы-кредит жүйесі – бюджеттік, салық, ақшалай жəне кредит
жүйесі.
Қаржы нарығы (ссудалық капитал нарығы) – капиталдың
сұранысы мен ұсынысы негізінде делдалдардың көмегімен кредиторлар
мен қарыз алушылардың арасында капиталды қайта бөлу механизмі.
Қолда бар табыстар – салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді
шегергендегі номиналды табыстар.
Қолма-қолсыз ақша – банк шоттарындағы жазбалар.
Қолма-қол ақша – монеталар, банк билеттері (банкноттар) мен
қазыналық билеттер.
Қор – құрастырушы, қайырымдылық, мəдени, білім беру жəне басқа
да пайдалы мақсаттағы өз еркімен салынатын мүліктік жарналардың
негізінде азаматтармен жəне заңды тұлғалар есебінен құрылған
мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым.
Қор биржасы – белгілі тəртіпте құрылған бағалы қағаздар рыногы,
мұнда биржаның деладалдары бағалы қағаздарды қолдана отыра, сату-
сатып алу мəмілелерін жүзеге асырады.
Қор қайтарымдылығы – шығарылған өнім құнының негізгі
қорлардың орта жылдық құнына қатынасы.
Қоржынды инвестициялар – капитал салымының объектісіне
қатысты оның иесіне ұйымдаструшылық бақылау құқығын бермейтін
кəсіпкерлік инвестициялар.
Қоршаған табиғи орта – тарихи дамуындағы берілген кезеңде
өндірістік қызмет пен адами қоғамның өзінің өміріндегі жер
табиғатымен өзара əрекеті.
Қорытынды баланс (ресми есеп айырысулардың балансы)
300
– «Резервті активтер» бабынан басқа, төлем балансының барлық
баптарының балансы.
Қосылған құн – берілген кəсіпорында өндірістің үрдісінде
құрылған жəне шығарылатын нақты өнімнің құнын құруға нақты
үлесін айқындайтын құны.
Қосылған құн салығы – тауар немесе қызмет өндірісінің үрдісінде
қосылатын құн салығы (қосылған құнды қара.)
Құрылымдық ассиметрия – рыноктың əртүрлі сегменттерінің
біркелкі емес негізде дамуы (тауарлар, қызметтер, еңбек, капитал, жер
рыноктары).
Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің сұранысы мен
ұсынысының сəйкессіздігенен туындаған жұмыссыздық.
Құрылымдық саясат – ұлттық мүддеге қызмет ететін немесе ішкі
жəне сыртқы рыноктарда бəсекеге қабілетті салаларды қорғау мен
ынталандыру мақсатында халық шаруашылығының қайта құрылуы
мен тұрақты ұзақмерзімді экономикалық өсу үшін жағдайларды құру
мақсатында мемлекеттік реттеу шаралары.
М
Мақсатты бюджеттік қорлар – мемлекеттік бюджеттің құрамдас
бөлігі.
Маркетинг – өнімді өткізу үшін нарықты қамтамасыз ету мен құру
саласында ғылыми негізделген əзірлеме мен шешімдерді енгізу бойын-
ша қызметтер.
Материал сыйымдылығы – шикізат, отын, энергия, материалдар
мен жартылай фабрикаттарды қолдану құнының шығарылған өнімнің
құнына қатынасы.
Мемлекет иелігінен алу – меншіктің сипатын өзгертусіз
кəсіпорынның деңгейіне тиісті өкілеттікті табыстау жолымен эконо-
миканы тікелей мемлекеттік басқару механизмдерін жою.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – бюджетке кірмейтін жəне
мақсатты бағыты бар мемлекеттің ақшалай қаражаты.
Мемлекеттік қарыз – мемлекеттік органдардың жинақталған
қарызы.
Мемлекеттік қарыз мерзімінің ұзартылуы – қысқамерзімді жəне
ортамерзімді мемлекеттік қарыздың ұзақмерзімді қарызға айналуы,
яғни жуық арадағы төленуге тиіс қарыздың төлемінің кейінгі кезеңге
ауыстырылуы.
Мемлекеттің қаржы саясаты – өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастыру мен қолдану
бойынша мемлекеттің саясаты.
Меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары –
өзінің қызметінде заңдылық ерекшеліктерімен ерекшеленетін меншікті
нысан.
301
Əлемдік рынок – тауарлар мен қызметтердің ұлттық рыноктарының
жиынтығы, тар анықтама бойынша – бұл тек cыртқы рынокта сатыла-
тын жəне сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің жиынтығы.
Монополия – жақын алмастырушылары жоқ, берілген өнімнің
тек жалғыз сатушы фирма болып табылатын нарыктық жағдай; бұл
салаға жаңа фирмалардың кіруі үшін тосқауылдарды анықтап, одан
өту мүмкін емес.
Монополиялық (нарықтық) билік – фирма үшін сату көлемін
арттыру немесе төмендету арқылы, пайданы арттыру мақсатында
өнімнің бағасына ықпал етудің мүмкіндігі.
Мультипликатор (инвестициялық) – табыстың өсімі мен бұл
өсімді инвестициялар көлемінің ұлғаюы есебінен туындайтын үрдіс
арақатынасын білдіретін коэффициент.
Мүлік салығы – мүлік, сыйға беру, мұраға салынатын салықтар.
Міндетті резервтердің нормасы – орталық банкте пайызсыз шот-
тарда коммерциялық банктермен сақталатын резервтердің мөлшеріне
тікелей ықпал ету əдісі.
Н
Нарық – институционалды нормалар мен ережелерге реттейтін
негізде ықпал етуші бағалар қозғалысы арқылы жүзеге асырылатын
өндіруші мен тұтынушылар, сатып алушылар мен сатушылардың өзара
əрекеттерінің механизмі.
Нарықтың инфрақұрылымы – жекелеген рыноктарда
шаруашылық байланыстардың қызмет етілуін орнату механизмі, мы-
салы, тауарлы жəне қор биржалары, коммерциялық банктер жəне т.б.
Нақты пайыздық мөлшерлеме – инфляцияны ескергендегі
пайыздық мөлшерлеме; инфляциядан тазартылған номиналды
мөлшерлемеге тең.
Нақты сектор – ең бастысы өнеркəсіп, ауыл шаруашылық,
құрылыс, көлік жəне т.б.
Нақты табыстар – жеке азамат немесе жанұя белгілі уақыт
кезеңінде өздерінің номиналды табыстарына тауарлар мен қызметтер
мөлшерін сатып алуы.
Нарықтың жетілмеуі – мүлтіксіз бəсекелестікті қамтамасыз ететін
жағдайлардың аукытқуы.
Негізгі капиталдың амортизациясы – оның физикалық,
моральдық тозу үрдісі.
Негізгі капиталдың тозу коэффициенті – мерзімі нормативті
мерзімнен асатын негізгі қорлардың үлесі.
Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті – жыл бойында негізгі
қорлардың енгізілген құнының олардың жылдың соңындағы мөлшеріне
қатынасы.
Негізгі өндірістік құралдардың технологиялық құрылымы
20–7516
302
– негізгі қорлардың белсенді бөлігі (жұмыс машиналары, құрал-
жабдықтар жəне т.б.) мен пассивті бөлігінің (ғимарат, құрылыс)
арасындағы ара – қатынасы.
Номиналды еңбекақы – белгілі уақыт аралығында жалдамалы
жұмыскердің алатын ақшасының сомасы (апта, ай, жыл жəне т.б.).
Номиналды табыстар – белгілі уақыт аралығында азамат не-
месе жанұяның алатын ақшалай табыстарының сомасы; бағалардың
қозғалысын ескермейді.
О
Облигациялар – əдетте ірі топтамалар негізінде шығарылатын
қарыздық міндеттемелер.
Облигациялардың рейтингін бағалау – уақытында төлем жүргізу
жəне облигацияны жүзеге асыру мерзімінде эмитенттің уақытында
пайыздарды төлеу қабіліттілігін анықтау жүйесі; яғни бұл сенімділік
жүйесі (көрсеткіш).
Овердрафт – банктің өзінің клиентіне оның ағымдағы шоты бой-
ынша қалдығынан артық негізде кредит ұсыну.
Оңтайлы шығарылым нүктесі (өндіріс көлемінің ең қауіпті
нүктесі) – шекті табыс шекті шығындарға тең болатын өндіріс көлемі.
Орнын толтыру коэффициенті – өткізуден түскен түсімге қатысты
орнын толтыру сомасының үлесі немесе (жекелеген тауар үшін) тауар
бағасына қатысты орнын толтырудың орташа мөлшерінің үлесі
Орталық банктер – кредит жүйесінің орталығы болып табылатын
жəне банкноттардың шығарылуын жүргізетін мемлекеттік мекеме.
Офшорлық компания – төмен салық мөлшерлемелеріне кепілдік
берілген жəне шетел капиталына қатысты қатаң валюталық бақылуы
жоқ мемлекет немесе аймақта құрылған шет ел компаниясы.
Ө
Өзгермелі шығындар – фирма өндірісінің көлеміне байланысты
шығындардың мөлшері.
Өндіріс – қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
экономикалық игіліктерді құру үрдісі.
Өндірістік əлеует (өндірістік қуаттар) – кəсіпорынның белгілі
уақыт ішінде қажетті өнімнің сапасы мен ассортимент мөлшерін өндіру
қабілеттілігі.
Өндірістік тұтқа – фирма түсімі өзгерісінің, оның пайдасының
өзгерісіне ықпал етуі.
Өсу қарқыны – 100-ге көбейтілген өсу коэффициентіне тең
көрсеткіш
Өсім қарқыны – 100-ді шегергендегі өсу қарқынына тең
көрсеткіш
303
Өтімділік дағдарысы – кредиттік ұйымдар өздерінің ағымдағы
міндеттемелерін атқара алмайтын жағдай.
Өтімділік тұзағы – айналыстағы ақшаның мөлшері өсетін
макроэкономикалық жағдай (өтімді нысанда), бірақ пайыздық (есептік)
мөлшерлеме төмендемейді, өйткені ол өте төмен деңгейде орналаса-
ды. Оның нəтижесінде ешкім банкте қаражатты сақтағысы келмейді,
соның салдарынан жинақтар инвестицияларға айналмайды.
П
Пайда – сөздің кең мағынасында бұл алынған пайда мен жұмсалған
шығындар арасындағы айырма; тар мағынада – нақты капиталдан
түсетін пайда.
Пайда нормасы (рентабельділік деңгейі) – пайданың
қолданылатын капиталға қатынасы ретінде есептелетін капиталдың
қызмет ету тиімділігінің маңызды көрсеткіші.
Пропорционалды салық салу – салық базасының мөлшеріне
тəуелсіз салықтың бірдей мөлшерлемелерін қарастыратын салықтың
түрі.
Р Резервтік валюталар –
халықаралық есеп айырысуларда кеңінен
қолданылатын ұлттық валюталар.
Резиденттер – берілген мемлекетте тұрақты мекен-жайы бар
мемлекеттің жеке тұлғасы (оның ішінде уақытша мемлекеттен тыс
əрекет ететін тұлға ); берілген мемлекетте орналасқан мемлекеттің заңды
тұлғалары; кəсіпорындар мен ұйымдар – мемлекеттен тыс орналасқан,
мемлекеттің заңына сəйкес құрылған заңды емес тұлғалар; мемлекет-
тен тыс орналасқан дипломатиялық жəне басқа да өкілеттіктер; мемле-
кет резиденттерінің өкілеттіктері мен шетел филиалдары.
Рента – мөлшері табиғи ресурстарына қатаң шектеулі меншікті
жүзеге асырудың нысаны.
Ресурспен қамтамасыз етілуі – табиғи ресурстардың мөлшері
мен оларды қолдану мөлшері арасындағы ара-қатынасы. Жылдарға
жеткілікті берілген ресурстардың мөлшерімен немесе, халықтың жан
басына шаққандағы қорларымен анықталады.
Ресурстың шекті табыстылығы – берілген ресурстың қосымша
бірлігін қолдану есебінен болатын фирма табысының өсімі.
Ресурстың шекті шығындары – берілген ресурстың қосымша
бірлігін қолданудың есебінен болатын фирма шығындарының өсімі.
С
Салықтар – заңнамалық актілермен анықталған шарттар мен
тəртіпте мемлекеттік бюджетке жəне бюджеттен тыс қорларға төленетін
міндетті төлемдер.
304
Салықтық есептеме – салық төлеуші салық органдарына табыс
етілетін, салық тық міндеттемелерді есептеу туралы ақпараты бар
құжаттама.
Салықтық емес түсімдер – Қазақстан Республикасының Салықтық
кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін
түсімдерге жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа
да заңнамалық актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті,
қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа,
бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.
Салық мағлұмдамасы, есеп-қисабы – салық төлеушінің, салық
агентінің Салықтық кодексте белгіленген тəртіпке сəйкес салық орган-
дарына берілген жазбаша өтініші жəне (немесе) электрондық құжаты,
онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер
туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді есептеу мен төлеуге бай-
ланысты басқа да деректер туралы мəліметтер болуға тиіс.
Салық мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салық-
тық есептеулердің шамасы. Салық мөлшерлемесі салық базасының
өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Сатып алушылық қабілеттің басымдылығы – белгілі мемлекет-
те өндірілген ұқсас тауарлар мен қызметтер бағаларының арақатынасы
ретінде есептелетін, салыстырылатын мемлекеттердің валюталары
арасындаға нақты арақатынасы.
Сауда шарттары – сыртқы сауда айырбасының пропорциясын
көрсететін, мемлекеттің экспорттық жəне импорттық бағаларының
индекстерінің арақатынасы.
Сұраныс – берілген тауардың мүмкін болатын бағаларының
негізінде белгілі уақыт кезеңінде сатып алушылардың сатып алатын
тауарларының мөлшері.
Сұраныс жəне ұсыныс заңы – ұсыныс пен сұраныстың бағамен
іс-əрекетінің нəтижесінде жиынтық сұранысқа қатысты көлемі мен
құрылымы бойынша ұсыныс пен өндірістің бейімделуі.
Сұраныс заңы – басқа да тең жағдайларда тауарға деген баға төмен
болған сайын сұраныс мөлшері жоғары болады, жəне керісінше баға
жоғары болған сайын, сұраныс мөлшері төмен болады.
Сұраныстың құнсыздануы – бағалардың тұрақты өсуін
қамсыздандыратын жиынтық сұраныстың өсуінің салдары болып та-
былатын құнсыздану.
Т
Табиғи ресурстар – жер мен жер қойнауы, табиғи жəне жануарлар
əлемі, орман жəне су ресурстары, ауа бассейні.
Табыстар саясаты – халықтың жекелеген санаттарына əлеуметтік
төлемдер мен табысты алушылардың əртүрлі топтарына дифференци-
305
алды салық салу жолымен мемлекеттік бюджет арқылы халықтың та-
быстарын қайта бөлуге бағытталған мемлекеттік саясат.
Табыстарды бөлу – өндірістің негізгі факторларының (жер, капи-
тал, еңбек жəне кəсіпкерлік қабілеттер) үлестеріне сəйкес тауарларды
шығару мен қызмет көрсетуді жүзеге асырудың есебінен алынатын та-
быс.
Табыстардың индексациясы – инфляцияның деңгейіне бай-
ланысты номиналды табыстардың (еңбекақы, əлеуметтік төлемдер)
ұлғаюы.
Табыстылықтың ішкі нормасы (рентабельділік) – инвестиция-
лық жобаның тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші.
Таза келтірілген құн (табыстың таза келтірілген құны)
– инвестициялық жобадан түсетін таза дисконтталған табыстың
абсолютті мөлшері.
Тəуекел – коньюнктураның жиі өзгерістерге ұшырауы, тұрақсыз
жағдайларда күтілетін оқиғалардың ықтималдылығын бағалау.
Тепе-тең баға – бəсекелес рынокта сұраныстың мөлшері ұсыныстың
мөлшеріне сəйкес келетін жəне тауарлар мен қызметтердің тапшылғы
жоқ мөлшеріндегі баға.
Толық серіктестік – отырған келісім шартқа сəйкес серіктестік
атынан кəсіпкерлік қызметпен айналысатын жəне қоғамның мүлігінің
міндеттемелері бойынша жауап беретін қатысушылары (толық
серіктестер) бар шарауашылық серіктестік.
Төлемқабілеттілік дағдарысы – банктердің баланс өтімділігін
қайта құруға мүмкіндіктері жоқ жағдайы (активтер мен пассив-
тер қоржынын қайта құрылымдау есебінен), яғни оның нақты
бакнкроттыққа ұшыруы.
Төмен баға – бағаның төмендеуін шектейтін, жасанды көтерілген
баға
Транзакциялық шығындар – бас компания мен оның шет ел фи-
лиалдарынан тұратын шаруашылық құрылым.
Тратта (аударма вексель) – үшінші тұлғаға немесе ұсынушыға
белгілі соманы төлеу туралы бір тұлғаның (кредитор) екінші тұлғаға
(қарыз алушы) арналған жазба түріндегі бұйрығы.
Тұрақтандыру саясаты – бағалардың тұрақты деңгейінің
жағдайында өндіріс факторларының толықтай жұмыспен қамтылуына
жақын деңгейде, макроэкономикалық тепе-теңдікті қайта құру мен
қолдауға бағытталған саясат.
Тұрақты шығындар – өндірістің көлеміне байланысты емес
шығындардың мөлшері.
Тұтыну – қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
өндірілген тауарлар мен қызметтерді пайдалану.
Тұтынушылық бағалар индексі – өндірістік емес тұтыну
үшін қоғаммен сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің
306
бағаларының жалпы деңгейінде өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіш,
ол ағымдағы кезеңде тауарлар мен қызметтердің нақты тіркелеген
жиын құнының оның базалық кезеңіндегі құнына қатынасын өлшейді.
Тұтынушылық кредит – тұтынушылық тауарлар мен
қызметтерді төлеу үшін, банктер мен арнайы кредит институттарымен
ұсынылатын, сатылатын тауардың төлем мерзімін ұзарту негізінде сау-
да кəсіпорындарымен ұсынылатын кредит.
Тікелей инвестициялар – инвестор капитал салынған объектісінің
үстінен басқарушылық бақылауды иелену нəтижесіндегі кəсіпкерлік
инвестициялар.
Тікелей салықтар – салық төлеушінің табыстары немесе мүлігінен
алынатын салықтар.
У Унитарлы кəсіпорын –
меншік мүлкін тіркеуге меншіктің құқығы
жоқ коммерциялық ұйым.
Ұ
Ұлттық табыс – мемлекетте жыл ішіндегі қайта құрылған құн.
Ұлттық экономиканың салалық құрылымы – мемлекеттің ЖІӨ
ұлттық экономикасында өнімдер мен қызметтер салаларының құрамы
мен үлесі.
Ұсыныс заңы – басқа да тең жағдайларда сатып алушымен
ұсынылатын тауар саны көп болған сайын бағасы да жоғары болады,
жəне керісінше баға төмен болған сайын ұсыныс мөлшері төмен бола-
ды.
Ү
Үй шаруашылығы – үй шаруашылығын жүргізумен, яғни
тұтынумен байланысты экономикалық агенттер.
Ф
Фирманың айқын шығындары – фирманың меншігі болып та-
былмайтын (табиғи ресурстар, еңбек, капитал, кəсіпкерлік қабілеттілік)
өндіріс факторларының төлемдеріне қолданылатын шығындары.
Фирманың бəсекеқабілеттілігі – бəсекелестердің тауарлары мен
қызметтеріне қарағанда сатып алушылар үшін жағымды сандық жəне
сандық емес сипаттамалары бойынша тауарлар мен қызметтерді дай-
ындау мен өткізу бойынша фирманың нақты жəне əлеуетті қабілеті.
Х
Халықаралық (əлемдік) сауда – əртүрлі мемлкеттердің
экономикалық агенттері арасындағы сауда.
Халықаралық сауданың стандартты үлгісі – сыртқы сауданың,
307
саудамен айналысатын мемлекеттің негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштерінің ықпалын ашатын, қазіргі таңда кеңінен қолданылатын
халықаралық сауданың үлгісі: өндіріс, тұтыну, қоғамның əл-ауқаты.
Халықаралық экономикалық қатынастар – əртүрлі
мемлекеттердің заңды жəне жеке тұлғалары арасындағы шаруашылық
қатынастар.
Ш
Шаруашылық (экономикалық) қызмет – экономикалық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында экономикалық
ресурстардың бейімделуі жəне трансформациясы.
Шекті баға – бағаның өсуін шектейтін жасанды төмендетілген
баға
Шекті өнім – қолданылатын өзгермелі ресурстың мөлшерінің
бірлігін ұлғайтудың есебінен болатын натуралды түрдегі фирма
өнімінің өсімі.
Шекті пайдалылық – тауардың əрбір кезекті бірлігін тұтынудан
алынатын қосымша пайдалылық.
Шекті табыс – өнімнің əрбір қосымша бірлігін шығарумен байла-
нысты болатын табыстың өсімі.
Шекті шығындар – өнімнің қосымша бірлігін шығарумен байла-
нысты шығындардың өсімі.
Шығындардың құнсыздануы – өндірістік шығындардың өсуінің
негізінде бағалардың құнсыз өсуі (еңбекақы, шикізат, отын, құрамдас
бөліктері).
І
Ілгерінді салық салу – салық базасының өсуіне қарай салық
мөлшерлемесінің көтерілуін қарастыратын салық салудың түрі.
Ішкі салалық бəсекелестік – бір өнімді өндіру мен өткізу немесе
бір бірін алмастырушы өнімді өндірумен жəне өткізумен айналысатын
кəсіпкерлер арасындағы бəсеке.
Э
Экономикалық агенттер (шаруашылық субъектілер) –
шаруашылық қызмет (экономикалық) саласында тəжірибелік шара-
ларды жоспарлап, жүзеге асыратын, дербес түрде шешім қабылдайтын
тұлғалар. Олардың ішінде ең бастысы үй шаруашылығы, кəсіпорындар
(фирмалар), мемлекет, кей кезде – коммерциялық емес ұйымдар.
Экономикалық айналым – бір шаруашылық цикл түрінде
ұсынылған, ұлттық шаруашылық ауқымында өнім мен қаржының
өзара байланысты қозғалыстың үлгісі.
Экономикалық даму – ең бастысы экономикалық өсу,
экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен деңгейінің өсуі жəне өмір
сапасын айқындайтын кең жоспарлы құбылыс.
308
Экономикалық жəне валюталық одақ – бірыңғай экономикалық
жəне валюта-қаржы саясатын жүргізумен қатар жалпы рынокты
біріктіретін халықаралық экономикалық интеграцияның нысаны.
Экономикалық қажеттіліктер – тауарлар мен қызметтерге байла-
нысты қажеттіліктер.
Экономикалық өсу – экономикалық дамудың критерийі. ЖІӨ
көлемінің өсуінің абсолютті мөлшеріне қатысты, сонымен қатар
халықтың жан басына қатысты өсумен анықталады.
Экономикалық өсудің факторлары – Экономикалық ресурстар-
ды қара.
Экономикалық пайда – жалпы түсім мен фирманың барлық
шығындарының (нақты+міндетті) арасындағы айырмасы.
Экономикалық ресурстар – тауарлар мен қызметтерді өндіруде
қолданылатын ресурстардың барлық түрлері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу – белгілі доктринаға
(тұжырымдама) негізделген, мемлекеттің экономикалық жəне
əлеуметтік саясатты жүзеге асыру барысында қоғамның шаруашылық
өміріне жəне онымен байланысты əлеуметтік үрдісіне ықпал етудің
үрдісі. Ол мақсатқа жету, мақсатты белгілеуден тұрады, алға қойылған
мақсатқа жету үшін құралдардың белгілі жиыны қолданылады.
Экономиканың мемлекеттік секторы – мемлекеттің меншігінде
орналасқан жəне мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын
кəсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.
309
Əдебиеттер
1. М. В. Романовский, Финансы предприятий. Изд-во бизнес –
Пресса СПБ 2000.
2. В. В. Бочаров, В. Е. Леонтьев. Корпоративные финансы, изд-во
Питер 2004.
3. Финансы корпорации: теория, методы и практика. Ф.Ли, Джо-
зеф И. Финнерти перевод с английского Инфра – М.2000.
4. Принципы корпоративных финансов. Р. Брейли, с. Майерс пере-
вод с английского тройка диалог. Олимп – Бизнес – М.1997.
5. Н.В. Колчина и др. Финансы предприятий. Финансы – М.1998.
6. Ченг Ф. Ли., Джозеф, Флинерти И. Финансы корпораций: Тео-
рия, методика и практика.М: Инфра – 2000г.
7. Брейли Р, Майерс С. Принципы корпоративных финансов: Пер.с
англ.-М.:ЗАО «Олимп – Бизнес»,2003.
8. Бригхем Ю., Гапенски Л., Финансовый менеджмент. В 2х т.:
Пер. с англ./ Под ред. В.В.Ковалева – СПб: Экономическая__

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет