153
Кейбір ғалымдардың
63
атап көрсеткеніндей, жалпыха-
лықтық тіл қорын байытып отырған тəсілдің қай-қайсысы
да терминжасам процесінде өнімді қызмет атқара алады.
Əңгіме – тілдердің даму тарихында қанат жайған семанти-
калық, синтаксистік, морфологиялық амалдар туралы бо-
лып отыр. Бұл – қазақ əдеби тілінде қалыптасқан сөзжасам
принциптері терминдердің жасалуында да сақталады деген
сөз. Ғылым тілі негізінен осы принциптерге сүйене отырып,
сонымен бірге дəлдікпен дəйектілікке негізделген жаңа
сөз жасаудың өзіндік жүйесін түзеді. Мұның бəрі термино-
логиялық лексика талабына сай заңдылыққа лайықты жа-
салады.
Соңғы он бес-жиырма жыл барысында пайда болған
жаңа терминдер жəне арнайы лексиканың осы саласы жа-
йындағы пікірлер ыңғайына қарағанда, бұлар, біріншіден,
жалпы əдеби тілдің ерекше қызметі бар бір тармағы (яғни
ғылым тілі) болып табылатын тіл единицасы, екіншіден, ол
белгілі бір нысан мен ұғымдар атауы, үшіншіден, термин-
де анықтағыштық (дефиниция) белгі басым болуы керек,
өйткені белгілі бір ұғымның мазмұны осы анықтағыштық
қасиеті арқылы айқындалады. Ал бұл бір ұғымды келесі бір
ұғымнан айырып тану үшін жəне сол ұғымды арнайы бір
классификациялық қатарда қарастыруға мүмкіндік жасау
үшін қажет.
Сонда терминжасамның өзіне тəн мынадай өзгеше
белгілерін атап көрсетуге болатын тəрізді.
Жалпыға бірдей қарапайым сөздер қоғамдағы өзара
қарым-қатынас қажетіне байланысты туындап жəне оны
сол тілде сөйлейтін кез келген адам жасай алатын болса,
терминдер белгілі бір кəсіп пен мамандыққа тəн ұғымды
білдіру үшін жасалады да, сол саланың мамандары арасын-
63
Достарыңызбен бөлісу: