-лес, -дас -дес, -ман, -мен тəрізді морфемалардың қосылуы
арқылы жасалған аялдама (остановка), бейімдеме (приспо-
собление), ғарышнама (космология), дəйектеме (обоснова-
ние), дəуірнама (эпопея), есімнама (персоналий), жарияла- ма (объявление), жолдама (путевка), жоспарлама (планер-
ка), жүктеме (нагрузка), жылнама (летопись), кепілдеме (рекомендация), кескіндеме (живопись), лездеме (летучка),
мағлұматнама, анықтама (справочник), мадақнама (гра-
мота), өмірнама (биография), сапарнама (путевыезапи-
ски), топтама (серия, цикл), түсініктеме (комментарий),
оқырман (читатель), көрермен (зритель) сияқты сөздердің
де көзін тауып, қаузап қолдана білсе, терминжасам мүмкін-
шілігі мол екені байқалады.
Бірақ өнімділігі орташа делінетін алдыңғылардың да,
өнімділігі тіпті төмен аталатын бұлардың да мүмкіндігін
пайдаланып жүрген терминологтар, кейде қалыптасқан тер-
минжасау принципін ескере бермейтін сияқты. Ол прин-
цип бойынша барлық халықтарда ортақ интернационалдық
терминдерді, негізінен, сол күйінде қабылдау дəстүрі
179
біршама қалыптасып қалғаны мəлім. Осының нəтижесінде
ана тіліміздің халықаралық сипаты мен қоғамдық-саяси,
ғылыми-техникалық көркемдік сапасы күрделі де жоғары
түсінік, пайымның қандайын болса да білдіре аларлық
дəрежеге көтеріліп, қолданыс аясы мүлде кеңейе түсті емес
пе! Бұл əрине, терминжасам процесіндегі творчестволық
ізденіске жол жоқ деген ұғым туғызбаса керек. Дегенмен,
қолданысқа сол күйінде сіңіп кеткен эпопея, летучка, серия, космос, космонавт, ванна, космология, аудитория, фляга, фонотека, флагман, реставрация, чемпион, тротуар, рюк- зак, планерка, грелка, рекомендация, овощ, пластинка, кузов, юбилей, партнер, сквер, аллея, зарисовка, фасон, реликт, контакт, репетитор, модель, концепция, юмор тəрізді сан-
сыз көп термин сөздерді қазақшаға аудару əрекетінің кейінгі
кезде белең ала бастағаны ойландырады. Ол аудармалар
арасында өзінің терминдік мағынасының орындылығымен
көкейге қонатындары (жолдорба, жылытқы, көкөніс, ке-пілдеме, саябақ, саяжол, суреттеме т.б.) да, көңілге
жатпайтындары (дəуірнама, былау, жалаугер, жүктеме, мадақнама т.б.) да бар. Бұлардың қай-қайсысына да ə деген-
нен тыйым салу, əрине, əбестік болар еді. Өйткені сол ерсі
көрінген жаңалықтың өзі публицистикалық немесе көркем
əдебиет туындыларында стильдік не басқадай мақсатта
тілдің даму процесін ілгерілетіп, сөзжасамдық мүмкіншілігін
аша түсуі əбден мүмкін.
Ал сөзжасамның синтаксистік, яғни аналитикалық тəсі-
ліне келсек, бұлардың да терминжасамға тигізер септігі мол.
Бұл – екі немесе одан да көп сөздердің біріктірілуі арқылы
жасалатын тəсіл. Терминжасаудың бұл тəсілі термин
біріктірумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге ол сөздердің
немесе терминдердің тіркесімі арқылы да жасала береді.
Қазіргі қазақ тілінің терминжасам процесі көрсеткеніндей,
мұның екі түрі де морфологиялық тəсілден кейінгі орында
тұратын тəрізді. Бұл арқылы кілең күрделі тіркестер жа-
салды. Мынадай басты-басты модельдерді іштей жіктеп
180
көрсетуге болады. Біріншіден, термин құрайтын екі
компоненттің екеуі де бір-біріне тəуелсіз тең мағыналы төл
түбірлер болып келуі мүмкін: көз-қарас (мировоззрение),
үш-бұрыш (треугольник), өнер-кəсіп (промышленность), еңбек-ақы (трудодень), қол-таңба (автограф), өмір-баян (автобиография), қол-өнер (ремесло)немесе біріктірілетін
сөздің бірі туынды түбір болып, яғни əлгі лексикалық
единицалардың
жасалуына
морфологиялық
амалдар
қатысуы арқылы да жасалуы ықтимал. Мысалы, сенімхат, көзқарас, өнертапқыш, қос өкіметтілік, онкүндік, бес- жылдық, атқосшы, тарихтану т.б. бұны бір жағынан,
морфологиялық-синтаксистік біртұтас тəсіл ретінде қарауға
итермелейді. Төл түбір мен кірме сөздердің бірігуінен
жасалған модель де осы қатарда қарастырылуға тиіс (ки- ножарнама, кинотаным). Бұл ретте кейін күрделі термин
жасауға септігі тиген байырғы қоссөздер қатары есте болуға
тиіс. Мəселен, орақ-балға, тəлім-тəрбие, үгіт-насихат, қоғамдық-саяси, оқу-ағарту тəрізділер осы ретпен келіп
қосылған терминдер. Яғни тілдің термин жасаудағы бұл
мүмкіншілігін де сарқа пайдалануға болады деген сөз. Тіпті,
керек десеңіз, қосарлы қалпында тұтас қабылданған марк- сизм-ленинизм, философиялық-методологиялық, саяси-эко- номия тəрізді күрделі сөздер де терминжасамның бір түрі
есебінде əңгімеленуге хақы бар. Осы тектес күрделі сөздер
қатары қазіргі тіл қолданысы-мызда жиірек кездеседі.
Сонымен, қазақ терминологиясының жасалу, қалыптасу
мəселелерін жазу, сызумен байланыстыра қарастыру қажет-
тігі туындайды. Шынында, өзінің негізгі қызметі ғылым
тілін өркендетуге орай көрінетін термин сөздерді жазу-
сыз көзге елестету мүмкін бе? Əрине, жоқ. Осы тұрғыдан
ой өрбітсек, қазақ халқының өмірінде əлденеше жазу нұс-
қалары болғаны мəлім. Соның ішінен біздің тілімізге ең
етене жақыны орхон-енисей жазуы десек, мұның да тер-
мин қалыптастыру түгілі, жалпыға ортақ əмбебап сипа-
ты бола қоймағаны анық. Ендеше, қазақ тілінде термин
181
қалыптастыруға қызмет еткен үш жазу төңірегінде ғана сөз
болғаны жөн. Ол – араб, латын, кириллицаға негізделген
қазақ жазуы.
Ең алдымен айтарымыз, мұның үшеуінің де өзді-өзіне
тəн оңды белгілеріне қоса, тіл дамуына, əсіресе, ғылым тілін
жандандыруға келгенде байқалған кемшіліктері де болды.
Айналасы он-он бес жылдың ауқымында үш бірдей жазу
үлгісін қолданып үлгерген елден не талап етуге болады.
Соған қарамастан, əдеби тіліміздің бүгінгі деңгейіне жетуіне
бұл үш жазу да қал-қадарынша қызмет етіп бақты. Деген-
мен, түйіп айтқанда, мұның үшеуі де қазақ тілінің өзіне
тəн ерекше белгілерін, заңдылықтарын түгел қамти ал-
мады. Міне, сондықтан ұлттық жазу мəселесі бүгін тағы
да күн тəртібінен түспей тұруы бекер емес. Бүкіл түркі
жұртшылығы əлемдік прогрестен қалмау мақсатын көздеп
жəне түркілік рухани тұтастық қамын жасап, латын əліпбиін
жетілдіріп жатқанда біздің де қатардан қалмағанымыз абзал.
Бұл тарауда қарастырылған екінші бір үлкен мəселе
термин жасау амалдары хақында. Зерттеу нəтижесінде,
біз қазақ тілінде термин жасаудың мынадай жолдарының
қалыптаса бастағанын байқадық. Ол – семантикалық, мор-
фологиялық, синтаксистік, қысқарту, аудару, калькалау
тəсілдері. Бұлардың қай-қайсысы да қазақ терминологиялық
лексикасының қатарын толықтырып отырған амалдар.
Бұлар ойдан шығарылған немесе көктен түскен тəсілдер
емес, тіліміздің сөз жасам процесінде жылдар бойы қа-
лыптасқан, соның негізінде терминжасамға ойысқан заңды
жолдар. Осы тəсілдер арқылы қаншама атау сөздер тіл
байлығымыздың қазынасын толтырды. Əңгіме осыларды өз
ретінде сауатты, саналы қолдана білуде.