Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата05.02.2017
өлшемі1,84 Mb.
#3429
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

ҒЫЛЫМИ 
МАҚАЛАЛАР

262
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТЕРМИН ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ 
Қазақ  тіліндегі  термин  реттеу  жолдары  неше  алуан 
ізденіс соқпақтарына жетелейді. Бұл негізінен терминдердің 
қалыптасу,  даму  тарихымен  байланысып  жататын  өте 
күрделі  мəселе.  Қазақ  тілінде  термин  жасаудың  тарихын, 
қолда бар деректерге сүйене отырып, ХІХ ғасырдың екінші 
жартысынан бастап жүрміз. Мұның өзіндік негізі бар. Шы-
нында да, сол кезеңде шыққан «Дала уəлаятының газеті» мен 
«Түркістан  уəлаяты  газеті», «Қазақ»  газеті  жəне  «Айқап» 
журналы тəрізді басылымдар тілге тиек ететін біраз деректер 
береді. Мұнда терминдік пішінге ие болып, тұрақты атаулық 
қызмет  атқара  бастаған  жекелеген  сөздерді  кездестіреміз. 
Бұл ретте «Қазақ» газетінің орны айрықша. 
Сол  дəуір  мен  қазіргі  кезең  аралығын  саралап  қарасақ, 
термин реттеудің алуан кезеңдері мен бағыттары байқалады 
екен. Біздіңше соның басты-бастылары мыналар деп шама-
лаймыз: 
Біріншіден,  термин  жасаудың  алғашқы  кезеңі – ХІХ  ға-
сырдың ІІ жартысы. Бұл кезеңде орысша білім алған қазақ 
зиялылары  термин  жасаумен  арнайы  шұғылданбағанымен, 
өздерінің  сөз  саптауларына  терминдік  ұғым  арқалаған 
сөздерді  қолдана  бастаған.  Олардың  арасынан  Ыбырай, 
Абай, Шоқандарды айрықша атау жөн. 
Екінші  кезең – Ахмет  Байтұрсынұлы (1910-1930 ж.ж.) 
есіміне  тікелей  байланысты.  Ол  жазу,  əліпби,  емле 
мəселелерімен  ə  дегеннен  түбегейлі  шұғылданып  жүріп, 
қазақ  тілінің  жəне  қазақ  əдебиетінің  терминдік  жүйесін 
жасауды  қолға  алады.  Əсіресе,  ол  жасаған,  құрастырған 
алғашқы  «Тіл – құралдары»  мен  «Əдебиет  танытқышы» 
терминделген  сөздерге  тұнып  тұр.  Терминжасамның  күні 
бүгінге  дейін  мəнін  жоймаған  үлгісі  осыларда.  Қаншама 
жылдар  өтсе  де  Ахмет  қалыптастырған  бұл  термин  сөздер 
сол  қалпынан  айныған  емес.  Қазақ  тілі  пəнінің  терминдері 
асқан  шеберлік  пен  ерек  зердені  танытқандай.  Бастау-
ыш,  баяндауыш,  толықтауыш,  пысықтауыш,  анықтауыш 

263
тəрізді  сөйлем  мүшелерінің,  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім, 
есімдік,  етістік  сынды  сөз  таптары  атауларының  қазақ 
тіліне кірігіп кеткендігі соншама, бір кезде бұлардың арнайы 
жасалған сөздер екенін ойлап та жатпайсыз. Қазақ қауымы 
басынан  неше  қилы  аласапыран  заманды  өткізгенімен, 
А. Байтұрсынұлы жасаған, қолданған термин сөздердің бір 
де бірін өзгерткен жоқ. Сол бастапқы қабылданған қалпында 
сөзжасамның тамаша үлгісі ретінде тілімізге сіңіп кетті. 
Ахаң  айдалып,  атылып  кеткеннен  кейін  қазақ 
зиялыларының  алдында  «ұлтшыл»  жасаған  терминдерді 
бұрынғыша  қалдырамыз  ба,  жоқ  əлде  жаңаша  жасаймыз 
ба?» деген сұрақ тұрғаны мəлім. Əралуан пікірлер мен теріс 
əрекеттер  болғанымен,  Ахаң  қалыптастырған  атауларды 
халықтық мұра есебінде қабылдамау мүмкін емес еді. 
Сондағы  байқалатын  бірнəрсе  мынау.  А.  Байтұрсынұлы 
жəне оның серіктестері терминжасам ісінде негізінен басты 
бір қағиданы қатып ұстанған. Ол – қазақ тілінің өз сөз байлы-
ғын  барынша  сарқа  пайдаланып,  іске  қосу,  нақты  қолда-
нысқа  шығару.  Бұл  мақсатты  олар  мүлтіксіз  орындаған. 
Олардың бір де бірі дайын нəрсені пайдалануға құмар бол-
маған,  яғни  өзгетілдік  элементтерді  қажетінде  қабылдауға 
тырысқанмен,  қазақ  тілінің  төл  байлығын  жарқырата  көр-
сету  жағына  баса  назар  аударып  отырғаны  көрінеді.  Ахаң 
бастаған  алыптар  тəжірибесінен  біз  ылғи  осыны  аңғарып 
отырамыз.  Рас,  ол  тиімді  жерінде  бүкіл  əлем  тілдеріне  тəн 
грамматика,  морфология,  синтаксис,  фонетика  тəрізді 
ортақ үлгілерден де бас тартпайды. Алайда бұлардың саны 
көп  емес.  Термин  зерттеушінің  міндеті  осыларды  саралап, 
кезеңіне  жəне  тіл  заңдылықтарына  тəн  тұстарын  дұрыс 
бағалап  отыру.  Дегенмен,  терминжасамда  мұны  ескермей 
өтуге болмайды. Өйткені тілімізге ендірілген əрбір атаудың 
өзіндік сыры, келу жолы бар. 
Үшінші  кезең – жиырмасыншы  жылдардың  аяғы  мен 
30-40-жылдарды қамтиды. Бұл кезең қазақ халқының тари-
хында  ең  бір  шимай-шатағы  көп  тұс.  Үш  бірдей  жазудың 

264
бірін-бірі  ауыстырып,  сауат  ашу  жағдайымызды  солғын-
датып  тұрған  кез.  Біз  А.  Байтұрсынұлын  қазақ  термино-
логиясының  атасы,  яғни  термин  жасаушы,  тудырушы, 
қалыптастырушы,  терминжасам  негіздерінің  алғашқы  ны-
шандарын  сомдаушы,  жасампаз  тұлға  деп  бағаласақ, 
Қ.  Жұбановты  терминдердің  ғылыми  негізін  реттеуші, 
жүйелеуші деп санаймыз, яғни терминология мəселесі жеке 
ғылыми  пəн  есебінде  өзінің  бастауын  осы  кезеңнен  алады. 
Бұл  тұста  көзге  айрықша  байқалатын  нəрсе  мынау.  Тер-
мин  жасау  мен  қабылдаудың,  реттеудің,  қалыптастырудың 
жақсылы-жаманды  негізгі  арналары  жүйеленіп,  жұртшы-
лыққа  ұсынылды.  Негізін  Қ.  Жұбанов  түзген  он  тармақтан 
тұратын бұл қағидалар жүйесі күні бүгінге дейін тұтасымен 
басшылыққа  алынып  келді.  Мұндағы  көзге  түсетін  негізгі 
ерекшелік интернационалдық терминдер турасында болды. 
Бұл  кереғар  екі  түсініктің  талас-тартысының  нəтижесінде 
пайда  болған  ағым  еді.  Бұрын  интернационалдық  тер-
миндерді не аударып, не өз тілімізге икемдеп алу бағыты ба-
сым  болса,  енді  оларды  сол  қалпында,  яғни  орыс  тіліндегі 
жазылуын  сақтап  қабылдайтын  болдық.  Əсіресе,  латын 
жазуы  кезеңінде  белең  алған  бұл  пікір-таластары  ақыры 
кирилшеге  көшкеннен  соң  да  жалғасып  барып,  ақыры 
интертерминдерді бұлжытпай, сол орыс тіліндегі қалпымен 
дайын  үлгі  ретінде  қабылдайтын  болып  тындық.  Термин 
қалыптастыруда 1935 жылы құрылған мемлекеттік термино-
логия комиссиясының рөлі орасан зор болды. Оның тұңғыш 
төрағасы  Қ.  Жұбановтың  басшылығымен  қыруар  шаруа 
тындырылғаны мəлім. Мемтерминком бюллетенінің 4 саны 
жарық  көрді.  Терминологиялық  сөздік  шықты.  Ғылыми 
ізденістер, арнайы мақалалар жариялана бастады. 
Төртінші  кезең  ретінде 40-80-жылдар  аралығына  на-
зар аударамыз. Бұл – таза кирилге негізделген орыс жазуын 
əбден мойындап, қалыптастырған кезең. Осыған орай интер-
терминдер  мен  орыс  атауларын  сол  қалпында  қабылдауды 
қатты  ұстандық.  Соның  салдарынан  қазақ  тілінің  сөздік 

265
құрамы  интертерминдерге  барынша  молықты.  Мұны  біз 
тіл  байытудың  бір  көзі  деп  масаттандық.  Солай  екені  де 
рас,  бірақ  түбі  мұның  қазақ  тілінің  қауқары  мен  қуатын 
солғындата  түсер  «байлық»  болатынын  сезсек  те,  мəн  бер-
мей жүріп алдық. Тек елуінші жылдардың басында термин 
жасауға байланысты кейбір дүмпулер болды. Ол дүмпулер, 
əсіресе «Қазақ əдебиеті» газетінің (І. Жарылғапов, Т. Əлім-
құлов,  Р.  Бердібаев,  т.т.)  бетінде  айқын  көрініс  тапты. 
Көптеген  сөздердің  төркіні  іздестіріліп,  қалтарыста  қалған 
қазақ  сөздері  терминдік  қолданыс  қатарына  қосылды.  Кей 
тұста баяғы араб-парсы сөздерімен алмастырылып жатты. 
Терминология  ісіндегі  ең  күрделі  де  қызық  кезең 1985 
жылдың көктемінен басталды. 
Сол 1985 жылдан күні бүгінге дейінгі аралықты бесінші 
кезең  есебінде  қарастырамыз.  Қазір  қазақ  тілі  терминоло-
гиялық  «Бумды»,  яғни  жаңа  сөздер  мен  жаңаша  қолданыс-
тар  дүмпуін  бастан  кешіріп  отыр.  Барлық  баспасөз  бетте-
рін  сарапқа  салсаңыз, 1985 жылдан,  əсіресе,  соңғы 10-
15  жыл  бедерінде  пайда  болған  жаңа  қолданыстар  мен 
терминжасампаздықта  есеп  жоқ.  Тіпті  басқасын  былай 
қойғанда,  егемендік,  тəуелсіздік,  жарғы,  бағдарлама, 
құжат,  айқындама,  тұғырнама,  кеңес,  достастық,  ырық-
тандыру  тəрізді  сөздердің  өзін  саралағанда  да,  қазақ 
тілінің  ашылмай,  іске  жаратылмай  жатқан  көздері  көптігін 
дəлелдей  түсіп  отыр.  Осы  арқылы  неше  алуан  мүмкіндік 
көзі ашылды. Ендігі əңгіме сол жаңа қолданыстар тіліміздің 
заңдылықтарына сəйкес жасалуда ма, негізгі тілдік талапқа 
сай  ма  деген  мəселелерді  Мемтерминком  мəжілістерінде 
қарап, талқылап, дұрыс үлгілерді (бір есептен бұл кезеңнің 
өзін бірнеше топқа бөліп қарастыруға да болады) жұртшы-
лық қолданысына ұсынуға байланысты болмақ. Зерттеушілер 
бұл жайтты ғылыми сараптау негізінен өткізіп, ана тіліміздің 
табиғи  сұранысына  тəн  заңдылықтарды  анықтап  беруі  ке-
рек. Қоғамдағы ірі оқиғаларға орай өрбитін іргелі ойлар мен 
ұғымдарды,  түсініктер  мен  мағыналарды  айна-қатесіз  əрі 

266
дəл, əрі түсінікті етіп берерлік сөздердің іздестірілуі табиғи 
қажеттілік.  Осы  қажеттілікті  өтеу  барысында  сан  алуан 
сөздер  жаңаша  қолданысқа  түсіп,  жаңаша  мағыналық  өріс 
алып  жатады.  Соның  нəтижесінде  тосын  терминдер  тобы 
пайда  болады.  Əлгіндей  ізденістер  ана  тіліміздің  тұтыну-
шыларын,  сөз,  тіл  мамандарын  лексикалық  қабаттарды 
ақтармалап қарауға мəжбүр етеді. Олар – жазушылар, жор-
налшылар,  баспагерлер,  ғалымдар  т.б.  Ұлтымыздың  əрбір 
саналы  өкілі  ана  тілінің  тазалығына,  мəдениетіне  мəн  бер-
мей  тұра  алмаса  керек.  Тіл  жөніндегі  ізденістерді  осы 
тұрғыдан қарап түсіну қажет жəне əрбір жаңалық, əрбір жаңа 
қолданыс тіл шырқын бұзбайтын тіл мəдениетіне қосылған 
үлгі есебінде қабылдау мақұл. 
Сондықтан бəз біреулер сияқты кейінгі кезде орын алып 
отырған терминологиялық ізденістерден үрке берудің қажеті 
жоқ. Қазір, əсіресе, тілімізге соңғы 75 жылдың ауқымында 
кедергісіз,  саралаусыз  еніп  алған  интернационалдық 
терминдерді  ретке  келтірудің  түрлі  жолдары  қарастыры-
луда.  Ғалымдардың  есебі  бойынша  бұлардың  жалпы  саны 
70 пайызға барып қалған екен. Ал олардың қазақ тіліне енуіне 
кезінде  ешқандай  тосқауыл  болмаған.  Тілді  байытудың 
төте  жолы  осы  деп,  тіпті  оларды  арнайы  қабылдап 
отырдық.  Бақсақ,  ол  сөздердің  көбін  тіліміздің  сөзжасам 
заңдылықтарына  орай  қайта  саралап,  оларды  аударудың, 
баламалаудың,  калькалаудың  түрлі  тəсілдері  арқылы  не-
месе  аударуға,  баламалауға  келмейтіндерін  қолданысқа 
сəйкестендіріп қабылдауға əбден болады екен. 
Егемендікке  қол  жеткізген  соңғы  онжылдықтардың 
көлемінде  ғылым  мен  білімнің  сан  алуан  салаларында  екі 
тілді терминологиялық сөздіктер бірнеше рет басылым көріп 
үлгерді. Қазақ тілін шын мəнінде мемлекеттік тіл дəрежесіне 
көтеру жолында мемлекетаралық қатынас, ғылым, техника, 
заң жəне тағы да басқа осы іспеттес көптеген қоғам дамуының 
əртүрлі салаларындағы терминдер мен атауларды, терминдік 
тіркестерді  біріздендіруге  қатысты  ауқымды  міндеттер 

267
атқарылуға  тиіс  болатыны  баршаға  белгілі.  Күнделікті 
баспасөз  беттерінде,  əртүрлі  арналардан  беріліп  жүрген 
телехабарларда  бір  терминнің  бірнеше  нұсқада  беріліп 
жүргені, тіпті əлеуметтік-экономикалық реформаларға бай-
ланысты елімізде үсті-үстіне қабылданып жатқан заңдардың 
өзінде əртүрлі қолданылып жүргені рас. Осы орайда тіліміз-
дің терминдер жүйесін қайта жүйелеп, кемелдендіру мақса-
тын  көздеген  Қазақстан  Республикасы  Мəдениет  жəне 
ақпарат министрлігінің басшылығымен республикалық мем-
лекеттік «Рауан» баспасынан жарық көрген салалық сөздік-
тер  топтамасын  айта  кеткен  жөн  болар.  Терминологиялық 
сөздіктер топтамаларында берілген терминдер мен олардың 
аудармалары  ғылым  мен  білім  салаларының  дамуына 
қосылған  қомақты  үлес  болып  саналады.  Десек  те,  осы 
топтамалардың  да  кемшін  тұстары  байқалып  қалады.  Ол 
негізінен  топтамалар  арасындағы  өзара  үйлесімдіктің  бол-
мауында жатқан тəрізді. 
ХХІ  ғасырға  бейімделген  жаңа  білім  беру  жүйесін  жа-
сау  қажеттігі  айқын  болып  отыр,  себебі  жаңа  өркениетте 
қоғамдық  өмірдің  аса  маңызды  өнімі  ақпараттық  ресурс-
тар  болып  табылады.  Сондықтан  мұндай  жүйенің  мəні 
компьютерлік  телекоммуникациялық  құралдарды  тиімді 
пайдаланудың  негізінде  жаңа  білім  беру  технологияларын 
жасаумен анықталады. 
Мұндай  жағдайларда  Қазақстандағы  білім  беру  жүйесі 
үшін  ақпараттық  инфрақұрылым  элементтерін  əртүрлі  тіл-
дерде, əсіресе, қазақ тілінде жасау проблемаларын біртіндеп 
шешу  аса  маңызды  рөл  атқарады.  Бұл  проблеманың 
шешілуі  көп  жағдайда  ақпараттану,  есептеу  техникасы,  те-
лекоммуникация,  автоматика  жəне  электроника  салалары 
бойынша  көптілді  терминологиялық  жəне  түсіндірме  сөз-
діктерін түзуге байланысты. 
Белгілі бір ғылым саласының пайда болуына орай оның 
ұғымдық  аппараттарын  беру  үшін  арнайы  терминдер 
жүйесінің жасалып, өмірге енетіні қалыпты жағдай. Соңғы 

268
он-он  бес  жыл  əлетінде  бүкіл  əлемде  ақпараттық  техноло-
гиялар  қарқынды  дамуға  ие  болды.  Қазіргі  кезде  ақпарат-
тық  технологиялардың  қоғам  өмірінде  қолданылмайтын 
саласы  кемде-кем  десек,  артық  айтқандық  емес.  Соның 
нəтижесінде тұтастай ақпараттық технологиялар саласының 
арнаулы сөздік қоры, терминологиялық жүйесі қалыптасып, 
ол  күн  сайын  толығу,  молығу  үстінде.  Осы  орайда  ар-
наулы  терминдер  мен  атауларды,  терминдік  тіркестерді 
біріздендіруде,  жіктеп  жүйелеуде  көп  тілді  салалық 
терминологиялық  сөздіктер  түзудің  тұтынушыларға  берері 
көп  екендігін  өмірлік  тəжірибе  сан  рет  дəлелдеді.  Бір  топ 
маман-автордың  құрастыруымен  Қазақстанда  жарық  көр-
ген  «Ақпараттану  жəне  есептеу  техникасы  терминдерінің 
орысша-қазақша-ағылшынша  сөздігінің»  көздегені  де  осы 
еді.  Нақты  заман  талабынан  туып,  жұртшылықтың  пайда-
лануына  ұсынылған  сөздік  көпшілік  көңілінен  шыға  білді. 
Жоғары  оқу  орындарының,  студенттердің,  компьютерші 
мамандардың, салалық мекемелер мен ұйымдардың кітапқа 
деген қызығушылығы мен сұранысы жоғары болды. Қалың 
қауымның талап-тілегін ескере отырып, сөздікті толықтыра 
отырып, қайта басып шығу да ойымызда бар. 
Ақпараттық  технология  саласына  арналған  сөздіктің 
Қытайда тұратын қандастарымызды да бей-жай қалдырмай, 
сөздікке  айрықша  ілтипат  білдіріп  жатуы  бізді  ерекше 
қуанышқа  бөлейді.  Олардың  жай  қызығушылық  танытып 
қана  қоймай,  оған  терминдердің  қытай  тіліндегі  балалама-
ларын да қоса шығаруға қызу атсаласысқаны құптарлық іс. 
Өйткені ғылымда шек, шекара болмайды. Ол – адамзаттың 
ортақ асыл қазынасы. Мақсат – осы ортақ қазынаға өзіндік 
үлесімізді қосу, ел мен елдің, халық пен халықтың мəдени-
ғылыми байланыстарына жол ашу. Сөздің орайын пайдала-
на отырып, екі ел арасындағы алтын көпір қызметін атқарып 
отырған жəне осы сөздікті қытай тіліне аударып, толықтап 
құрастыруға ерекше еңбек сіңірген Қытайда тұратын қандас 
бауырларымыз – Шыңжаң телевизиясының басшысы Қанат 

269
Ережепұлы  мен  Шыңжаң  телевизиясының  аудармашысы 
Серік  Сұңғатайұлына  авторлар  құрамы  мен  Халықаралық 
«Қазақ  тілі»  қоғамы  атынан  ерекше  ризашылығымызды 
білдіріп, рахмет айтамыз!
Оқырман  қауымның  құзырына  ұсынылып  отырған 
«Ақпараттану  жəне  есептеу  техникасы  терминдерінің 
орысша-қазақша-ағылшынша сөздігінің» ерекшелігі – бұрын-
соңды жарық көрген екітілді сөздіктердің озық жетістіктерін 
ескере отырып, ақпараттану жəне есептеу техникасы саласы-
на  қатысты  терминдер  мен  терминдік  тіркестерді  барынша 
қамтып, оларды қазіргі қолданыста тұрақтанған жəне жаңа-
дан  жасалған  қазақша  баламаларымен  беруде  болып  отыр. 
Бұл сөздіктің 2007 жылғы басылымы Қазақстанға жəне одан 
тыс  елдерге  есімі  белгілі  ғалым,  ақпараттану  жəне  есептеу 
техникасы  саласының  маманы,  техника  ғылымының  док-
торы,  профессор,  Халықаралық  Ақпараттандыру  академия-
сының академигі Жақсыбек Сарыпбекұлы Сарыпбековтың, 
техника  ғылымының  кандидаты,  профессор,  Халықаралық 
Ақпараттандыру  академиясының  академигі  Боранқұл  Əлі-
бекұлы  Шенсізбаевтың,  филология  ғылымдарының  док-
торы,  профессор  Сакина  Ғабдұлқайымқызы  Ахметованың 
жəне  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  бірінші  вице-
президенті  Жəнібек  Бəкірұлы  Нəлібаевтың  қатысуымен 
құрастырылған. 
Аталмыш  терминологиялық  сөздіктің  негізіне  қазақ 
тілді  мамандарды  даярлау  кезінде  оқу  құралдарын  ұйым-
дастырудың  көпжылдық  тəжірибесіне  негізделген  термин-
дерді  аударудың  ұғымдық-мағыналық  тұжырымдамасы 
алынып отыр. 
Ұсынылып  отырған  сөздіктің  өзгелерден  жəне  бір 
ерекшелігі  ретінде  соңғы  жылдардағы  Қазақстанның  Мем-
лекеттік  Терминологиялық  Комитетінің  сарабынан  өтіп, 
ресми  бекітілген  салалық  ұғымдар  мен  атауларды  кəсіби 
мамандардың ой елегінен өткізе отырып, барынша қамтуға 
тырысқандықтарын  айтар  едік.  Сонымен  қатар  бұрын-

соңды  жарық  көрген  басылымдардағы  орын  алған  кейбір 
олқылықтар  мен  оқырмандардың  ұсыныстарына  ерекше 
көңіл бөлінді.
Құрастырушылар  ілгеріде  шыққан  сөздіктерді  мұқият 
елеп-екшеп,  талапқа  сай  келетін  сəтті  деген  терминдерді 
түгел  алуға  жəне  халықаралық  терминдерді  мүмкіндігінше 
қазақшаландыруға баса көңіл бөлінген.
Қытайда  тұратын  қандас  бауырларымыз  бен  жалпы 
қытайлық  оқырмандарға  жол  тартып  отырған  бұл  сөздік 
еларалық ғылыми диалогқа жол ашып, оқырман қауымның 
ойынан шығады ғой деп есептеймін.

271
ПРОФЕССОР Қ. Қ. ЖҰБАНОВ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ 
ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ
Қарт тарихтың қай бетін ашсаң да, ұрпақ санасына салмақ 
түсірер  саралы  жолдар  мен  сұңғыла  соқпақтар  кездеседі. 
Сонда елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қана қоймай, сол 
үшін күресіп, соны жетілдіре, жеткізе тірлік кешкен жандар-
ды  əздектете  əңгімелеп,  үлгі  тұтпай  өте  алмайсыз.  Əр  кез 
өзінің осы тектес ұлдары мен ұлыларының ерен еңбектері-
мен əйгілі.
Рухани  əлемімізді  асқақтатып  кеткен  ұлы  Абайдан  соң 
да тағдыр қазаққа таланттар беруден тарынбаған. Қараңыз, 
XX  ғасырдың  алғашқы  ширегінің  өзінде  Ахмет,  Əлихан, 
Шəкəрім,  Мұстафа,  Халел,  Жаһанша,  Міржақып,  Сəкен, 
Тұрар,  Сұлтанбек,  Ілияс,  Мағжан,  Жүсіпбек,  Мұхтар, 
Бейімбет,  Қаныш,  Марғұлан  сынды  алыптар  шоғырын 
түйдек-түйдегімен берген. Бұдан да басқа ғылым мен өнерге, 
мəдениет  пен  білімнің  өркендеп  өсуіне  өлшеусіз  зор  үлес 
қосқан  тұлғалардың  өздері  мен  еңбегін  санамалап  тауыса 
алмайсыз. Бір ғажабы – бұлардың қай-қайсысы да халқына 
қалтқысыз  қызмет  ете  жүріп  ұлт  рухын  асқақтатқан  рухы 
биік  жандар.  Сондағы  олардың  сүйенгені  мен  сиынғаны – 
қазақ тілі мен тарихы, мəдениеті мен өнері болған.
Құдайберген  Жұбанов – осы  қатардағы  ерен  тұлғалар-
дың бірі.
Өз өмірін тұтастай қазақтың тілі мен мəдениетінің өрлей 
түсуіне бағыштап, небəрі 40-қа енді шыққан шағында халық 
жауы атанып мерт болған тілшінің өзге еңбектерін өзге жұрт 
айта  жатар.  Менің  бұл  жолғы  мақсатым – Қ.  Жұбановтың 
қазақ  жазуының  емлесі  мен  терминологиясына  қатысты 
еңбектеріне  назар  аудару,  əсіресе,  терминологияға  байла-
нысты ойлары мен пікірлеріне бойлау.
Бір  қарағанда,  оның  термин  туралы  жазған  еңбегі  ша-
малы  ғана.  Атап  айтқанда  «О  специфике  слов-терминов» 
(1933 ж.), «О терминологии казахского литературного языка» 

272
(1935  ж.), «Принципы  терминологии  казахского  литера-
турного  языка,  принимаемые  государственной  терминоло-
гической  комиссией», «К  пересмотру  казахской  орфогра-
фии» (1935 ж.) деп аталатын еңбектерін атауға болады.
Ғалым  бұл  еңбектерінде  емле  ережелерінің  дұрыс 
түзілмеуінің  салдарынан  бірнеше  жыл  бойы  қаншама 
терминнің  сан  түрлі  үлгіде  жазылып  жүргеніне  күйінеді. 
Сауатты  жазудың  тірегіне  айналудың  орнына,  анархияны 
үдетіп  отырған  бұл  жағдайдың  себеп,  салдарын  зерттеп, 
одан  шығудың  жолдарын  қарастырады,  ғылыми  термин 
сөздерге  қойылар  талаптың  басты-басты  шарттарын  анық-
тап береді.
Термин сөздің тұңғыш рет ғылыми анықтамасын жасап, 
олардың лексиканың өзге қатпарларынан өзіндік ерекшелігін 
қолға  таяқ  ұстатқандай  етіп  көрсетіп  береді.  Анықтаманы 
сол тұпнұсқадағыдай түрінде ұсынамыз:
«Термином  называется  специфический  вид  определен-
ных  словесных  обозначений,  передающих  определенные 
понятия, установленные на данном этапе развития науки и 
революционной  практики,  причем  передаваемые  термином 
терминологическое понятие может не совпадать со словар-
ным значением, которое присуще данной словесной величи-
не в обыденной жизни» (Жұбанов Х. Исследования по казах-
скому языку. Алматы: Ғылым, 1966. 273 б.).
Осыдан  аңғаратынымыздай,  термин  дегеніміз – белгілі 
бір  кезеңнің  сөз  əлеміндегі  ғылыми  атаулық  кейпі.  Бұл 
ғылыми  ұғым  осы  сөздің  лексикалық  мəнімен  сəйкес  кел-
меуі де мүмкін. «Атом», «психология», «яровизация» тəрізді 
терминдерді мысалға ала отырып, Қ. Жұбанов бөлінбес ұғым 
деп  жүрген  бұл  сөздер  де  қоғам  дамуының  кейінгі  кезең 
сатыларында  əрі  қарай  бөлшектеніп,  жаңа  бір  мəн  туында-
тып кеткенін əңгімелейді.
Қ.  Жұбанов  термин  сөздердің  эволюциялық  даму  ерек-
шелігін,  өзіндік  даму  заңдылықтарын  дұрыс  болжап  кет-
кен.  Мұндай  процесті  көптеген  терминдердің  де  жаса-

лу,  қалыптасу  тарихынан  аңғарамыз.  Терминжасамдағы 
қателіктің  ең  бастысы,  Жұбановша  айтқанда,  аударыл-
майтын  сөздерді  аударуға  тырысудан,  ал  аудара  қалғандай 
жағдайда терминнің өзін емес, оның лексикалық мағынасын 
аударудан туындайтыны рас. Орыс тіліндегі «лощадь», «ко-
рова», «толстый», «мелкий»  сөздерін  қазақ  тідіндегі  ат, 
сиыр, жуан, жіңішке сөздерімен салғастыра сөз етіп, ескер-
меуге  болмайтын  кызықты  тұстарға  мəн  береді.  Мəселен, 
бұл сөздер бір қарағанда бір-біріне тепе-тең балама іспеттес 
боп көрінгенмен, белгілі бір кезеңнің сұранысына орай олар 
ғылыми  ұғымға  ие  бола  алмаса,  терминге  қойылар  талап 
шартына  жауап  бере  қоймағаны.  Қараңыз,  шынында, «ло-
щадь» дегенді қазақтар «ат» деп те, кейде «жылқы» деп те 
айта береді. Ал қазақтың атын орыстар кей жағдайда «ме-
рин» деп, екінші бір тұста «конь» деуі мүмкін. Сонда ауда-
рып термин жасауға мəжбүр болып отырған маман сөздердің 
осы тектес құбылысын дəл басып саралай қолданбаса шата-
суы əбден мүмкін. Сол сияқты «толстыйдың» қазақта «жуан» 
(жуан  сабақ), «қалың» (қалың  қағаз)  боп, «мелкийдің» 
«ұсақ» (ұсақ  тастар),  тайыз  (тайыз  су – мелкая  вода)  бо-
лып құбылатыны жөнінде жасалған талдамалар терминтану 
іліміне қосылған үлкен үлес. Мұны ол қалыптасқан табиғи 
заңдылық қатарында сөз етеді. Оның ойынша, сөз дегеніңіз 
тек  зат,  нəрсе  атауы  ғана  емес,  сонымен  бірге  санаға 
сіңген,  қалыптанған  заттардың  да  атауы.  Қоғам  дамуының 
ерекшелігіне  сəйкес  бұл  танымдық  құбылыс  əр  халық 
ұғымында əр алуан қалыптасуы ықтимал.
Қ. Жұбанов 1930-1935 жылдары терминология мəселесіне 
жиірек  көңіл  бөлген.  Бұған  негізгі  себептің  бірі  жоғарыда 
айтылғандар  болса,  екіншіден,  оның 1933 ж.  мемлекеттік 
терминология  комиссиясына  төраға  болуымен  байланыс-
ты. Ол жазу мен терминология мəселесін нақты қадағалап, 
бір  орталықтан  басқарып,  ұйымдастырып  отырмайынша 
нəтиже  болмайтынын  ерте  түсінген.  Сөйтіп  жедел  түрде 
мемлекеттік  терминология  комиссиясын  ұйымдастырып 

274
қана  қоймай,  онда  қаралған  мəселелерді  дер  кезінде 
жұртшылыққа жеткізудің жолдарын қарастырып, бюллетень 
шығарды.  Ғалым  бюллетеньнің  шыққан 4 санының  өзінде 
қазақ терминологиясының басты мəселелерін қозғап үлгерді. 
Сонымен  бірге  ғылымның  əр  саласында  бой  көрсетіп,  əрі-
сəрі қолданылып жүрген терминдердің дені (10 мыңдайын) 
Мемтерминком  мəжілісінде  талқыланып,  бекітіліп,  бюлле-
теньде жарияланды. Бұл терминдер кейін қазақ ғылымының 
қалыптасуына негіз болды деп айта аламыз.
Қазақ терминологиясының өзекті мəселесінің бірі – оның 
принциптерін қалыптастыру. Қ. Жұбанов өзі қарап бекіткен 
10  мыңнан  аса  термині  қандай  принциптерге  сүйеніп  жа-
сады?  Ол  бұл  мəселеге  алдын-ала  үлкен  əзірлікпен  кел-
ген.  Бұл  жөніндегі  өзінің  ойларын  ол  əуелі 1935 ж. 20 ма-
мырда  Алматыда  өткен  мəдениет  қайраткерлерінің  бірінші 
құрылтайында  баяндап  береді.  Ол  съезде 11 принцип 
ұсынады. Өз сөзімізбен қысқартыңқырап айтқанда олардың 
жалпы мазмұны мынадай:
1. Көптеген əдеби тілдерде аударылмай қалыптасқан ха-
лықаралық терминдерді, казақ тіліне аудармай сол қалпында 
алу (революция, совет, теория, практика, тенденция, хирур-
гия, климат, абсолютный, конкретный т.т.).
2. Көптеген əдеби тілдер тəжірибесінде аударылып алын-
ған  халықаралық  терминдер  (производство,  труд,  деньги, 
корень,  стебель,  мышцы,  деление,  умножение  т.т.)  қазақ 
тіліне де аударылады, егер аударма термин мағынасын дəл 
бере алмай, бұзатын болса, онда оларды (сословие, состав, 
клетка, слет т.т.) орыс тіліндегі қалпынша алу.
3. Əрқилы пəнде бір мағынада қолданылатын терминдерді 
бірегейлетіп алу; мысалы, форма – форма (философия, фи-
зика),  материя – материя  (физика,  философия),  корень – 
түбір (математика, ботаника, лингвистика), реакция – реак-
ция (химия, биология, политика) т.т.
4.  Білімнің  əр  саласында  əрқилы  мағына  білдіретін  тер-
миндер (мануфактура, продукт, легенда) бір салада термин 

275
ретінде, басқасында жай сөз ретінде қолданылады. Мысалы: 
мануфактура  экономикалық  даму  кезінде  термин  болады, 
бірақ тауар түріне жата алмайды.
5.  Халықаралық  сөздер  түрінде  қалыптасқан  терминдер 
орыс тіліндегі үлгімен қабылданады (пролетариат, физика, 
биология).
6.  Терминдерді  түсініксіз  етіп  жіберетін  жасанды 
сөзжасамға бармай-ақ, қазақ тілінің грамматикалық ерекше-
ліктерін де, атаудың ғылыми мəнін де толық қамтый алатын 
терминдердің (Мысалы: беріліс – передача, көпкіл – много-
угольник,  тоқыма – текстиль,  тəжірибе – практика  т.б.) 
баламасын табу. 
 7. -изация, -ификация, -ация тəрізді формалды элемент-
термен  (машинизация,  электрофикация,  объективация) 
келетін  сөздерді  қазақ  тіліндегі  материаландандыру, 
электрлендіру,  объективтенулер  түрінде  қалыптастыру 
келеді. Сол сияқты популярная книга – популяр кітап, абсо-
лютная величина – абсолют шама, буржуазная идеология – 
буржуаз идеология, дифференциальное уравнение – диффе-
ренциал теңгерме түрінде қысқартып алу.
8.  Қазақ  тіліне  халықаралық  терминдермен  ілесіп  -ист, 
-изм қосымшалары жəне ре, син, де, суп, анти, контр тəрізді 
префикстер енгізіледі.
9.  авто-,  аэро-,  авиа-  сияқты  қысқартылған  формаларға 
қазақ сөздері бірігіп (автожол, аэрошана, авиашана, авто-
қатынас) жазылады.
10.  Қаркөмір  (Қараганда  уголь),  Халкомжер  (Нарком-
зем) т.т. сияқтыларды қысқартып қолдану.
11. Бұрын терминологиялық қолданыстан шығып қалған 
диктатура, революция, совет, теория, практика, контрре-
волюция, милитаризм сияқты терминдерді қазақ тіліне қайта 
енгізу.
Профессор  Қ.  Жұбанов  ұсынған  бұл  принциптер  съезде 
10 пункте шақталып, негізінен қабылданды. Əрине, негізінен 
ғылыми  тұрғыда  дəйектелген  бұл  қисындар  термин  жасам 

276
процесінде зор рөл атқарғанын айту лазым. Біз профессордың 
осы жүйелеуінің арқасында ғылым тілін бірізге салуға жол 
ашқандай болдық. 
Алайда  кезінде  қазақ  терминологиясын  жасау  ісінде 
орыс  үлесінің  ықпалы,  яғни  «орыстандыру»  саясатының 
əсері айрықша болғанын аса сауатты лингвист Қ. Жұбанов 
еңбектерінің өзінен байқамай өте алмайсыз. Соның салқыны 
мына  принциптерден  аңғарылады.  Қазақ  тілінің  даму,  қа-
лыптасу заңдылықтары мен ерекшеліктерін мейлінше терең 
білетін тіл білімпазының өзі ұлттық терминологияны ұлттық 
негізде жасауға кесірін тигізетін ұстанымдарды басшылыққа 
алуға мəжбүр болған сыңайлы. Əйтпесе, интернационалдық 
терминдер мен орыс тілінде қалыптасқан үлгілерді олардың 
қазақ  тілінде  баламасының  бар-жоқтығына  қарамастан, 
бұлжытпай қапысыз қабылдай берейік деудің қисынға келе 
бермейтінін өмірдің өзі дəлелдеді. 
90-жылдардан  бері  термиидерді  ұлттық  негізге  қарай 
икемдеу,  ыңғайлау  бақыты  басымдық  ала  бастады.  Бұл 
ретте  казақ  баспасөзінің,  журналист  қаламгерлердің  еңбегі 
зор. Күні бүгінге дейін ғылым тілінің 70-80 пайызын құрап 
келген интернационалдық терминдердің жап-жақсы қазақы 
нұсқасы  жасалып  отыр.  Мұны  кезінде  кеңестік  тəрбие 
өтіңкіреп  кеткен  кейбір  əріптестер  əлемдік  өркениеттен 
алшақтау,  ұлттық  сыңаржақтық  деп  түсіндіргісі  келеді. 
Қалай  дегенде  де  терминдерді  «қазақшыландыру»  үрдісі 
жұртшылық сұранысы тұрғысынан кең қолдау табуда. Шы-
нында бұл кісі шошырлық үрдіс емес. Қайта ес жиып, есей-
ген  ұлттың  əлемдік  өркениетке  нендей  өзіндігімізбен  бара-
мыз,  соған  еркін  апаруға  өз  тіліміздің  қауқары  жете  ме  де-
ген  саналы  толғанысынан  туындайтын  заңды  əрекет  бұл. 
Мұндай  əрекет  қашанда  қоғам  мен  тіл  арасындағы  өзара 
байланыстан, өзгеріс-өрістер барысынан пайда болады.
Қараңыз, бір кезде программа (бағдарлама), устав (жар-
ғы),  совет  (кеңес),  презентация  (тұсаукесер),  коррупция 
(сыбайлас жемқорлық), гонорар (қаламақы), бартер (баспа-

277
бас), юбилей (мерейтой), заказ (тапсырыс), самолет (ұшақ), 
вертолет (тікұшақ), церемония (рəсім), атмосфера (ахуал), 
договоренность (уағдаластық), оптимальный (оңтайлы) т.т. 
қазақша  баламасын  ойластыру  түгілі  «пəледен  машайық 
қашыпты» деген сақтық жетегінде жүрдік емес пе?
Бұл  мəселе  ұзақ  жылдар  бойы  көптің  көңілін  күпті  етіп 
келді  де,  тəуелсіздік  таңы  атысымен  өзінің  бар  аумағымен 
күн  тəртібіне  қайта  көтерілді.  Терминология  мəселесі 
тұңғыш  рет  докторлық  диссертация  тақырыбына  айна-
лып,  оның  көптеген  көмескі  мəселелері  ғылыми  сарапқа 
түсті. Содан бері қазір бұл сала 4-5 докторлық диссертация 
ауқымында  қаралды.  Ондаған  кандидаттық  жұмыстар  тер-
минологияның  сан-салалы  зерттеу  объектісіне  айналдыру-
да.  Сөйтіп,  ғылымның  қазақ  терминологиясы  дейтін  жаңа 
саласы қалыптаса бастады. Қазақ терминологиясының жаңа 
үрдісі өмірге жолдама алды.
Тілші ғалымдардың жоба есебі бойынша (Ə. Қайдар) қазақ 
тілінде 70 мыңнан аса терминологиялық единица бар. Соның 
70-80 пайызы əлі күнге терминдік сұрыпталудан өткен емес. 
Яғни  бұлардың  бəрі  терминделу  процесін  бастан  кешіруі 
тиіс. Ол мемлекеттік тіл мəртебесі үшін, əсіресе, оның негізгі 
тармақтарының  бірі – ғылым  тілінің  қанат  жаюы  үшін  аса 
қажет  шара.  Бұл  көл-көсір  жұмыс.  Қазіргі  қарастырылып 
жүрген терминдер теңіз астында жатқан алып мұздың аздаған 
үстіңгі жағы ғана. Оның өзі де көңілден шығып жатқан жоқ. 
Бұлай болуының себебі неде? Не істеу керек сонда? Мұның 
бірінші  себебі  мен  мұндалап  тұр.  Біріншіден,  терминоло-
гия  мəселесіне  мемлекеттік  көзқарастың  орнықпауынан, 
қажетті  қамқорлықтың  жоқтығынан.  Екіншіден,  əлгіндей 
немқұрайлылық  салдарынан  арнайы  дайындықтан  өткен 
мамандардың  жоқтығы.  Үшіншіден,  əлі  күнге  қажетті  ма-
мандарды дайындамай отыруымыз.
Егер бұдан ары да маман даярлау ісі дəл осылай созбұйдаға 
салына беретін болса, қазақ тілінің терминологиясын жуық 
арада жөнге саламыз деу асылық. Өзін ел етіп ұстап отырған 

278
мемлекеттің  қай-қайсысында  да  осы  іспен  шұғылданатын 
арнайы  мемлекеттік  мекемелері  бар.  Мəселен,  Ресейде 
ғылыми-техникалық терминология комитетінің жұмыс істеп 
келе жатқанына жарты ғасырдан асты. Мына тұрған іргелес 
көршілер  Қытай,  Моңғолия,  Украина,  Балтық  бойындағы 
тəуелсіз  мемлекеттер  т.т.  бұл  шаруаны  үнемі  назарында 
ұстайды.
Əрине,  тілді  жұмсай  білу,  сөзден  сөз  жасап  шығару  кез 
келгеннің  қолынан  келе  бермесі  мəлім.  Ол  үшін  термино-
логиялық  лексика  мен  ұғымдар  жүйесінің  ерекшеліктерін 
дөп басып тани білетін кабілетті маман керек, бар маманға 
жағдай керек. Осыдан барып мынадай проблема туындайды
Соның бірі осы күнге дейін халықаралық терминдер жүйесін 
түркі  тілдеріне  аударудың  принциптерінің,  ережесінің  жа-
салмай келуі, оларды жазу, қабылдау тəртібінің белгіленбеуі. 
Кері  кесірін  тигізіп  жүрген  мəселе  осы.  Сонымен  бірге 
термин  шаруашылығын  ғылыми  тұрғыда  жүйелеп,  оның 
мəселелерін түбегейлі қарастыру қажет екенін мақұлдайтын 
болсақ, бұл жұмысты бір Орталыққа шоғырландыру қажет. 
Жəне  бұған  мемлекеттік  тұрғыдан  қамқорлық  жасалып 
отырмаса болмайды. Бұл шаруа тек науқандық шараға ғана 
айналып  кетсе,  ең  қиыны  сол.  Қазақша  сөздіктер  шығып, 
олар  жұртшылық  қолына  тиіп  жатыр.  Ал  оларды  ғылым 
сарабынан  өткізіп,  қазақтың  ғылым  тілін  қалыптастыруға 
септігі  қай  дəрежеде  дегенді  анықтайтын,  саралайтын  кім? 
Əлгі  біз  ұсынып  отырған  Орталық  осындай  шаруамен  ай-
налысуы тиіс. Бірақ мұндай жұмыс ешбір көмек, қолдаусыз 
жүріп кете қоймайды. Тағы да қайталап айтамыз, оған маман 
керек, маманға жұмыс істеткізу үшін жағдайын жасау қажет.
Əрбір  бас  қосудың  нəтижесі  болып  жатқаны  қандай 
жақсы. Мына бүгінгі жиынның да нəтижесі болғай деп тілей 
отырып, жоғарыдағы айтылған ойларымды ұсынысқа ұлас-
тырмақпын.
Қазақ  тілінің  ғылымдағы  орны,  ғылым  тілін  қалыптас-
тырудың  кезек  күттірмейтін  мəселелері  туралы  ой  қозғап 

279
жүргенімізге бірнеше жыл болды. Мұның бəрі мемлекеттік 
тіліміздің  мəртебесін  орнықтыру  амалдары  ғой.  Осы  игі 
мақсатымызға  жақында  жеткендей  болдық.  Ұлттық  Ғылым 
академиясы  мен  Ғылыми  жəне  жоғары  білім  министрлігі 
дейтін  мекеме  бар  екенін  білесіздер.  Ғылым  тілі  осында 
қанат  жаймағанда,  қайда  барып  баян  таппақ.  Мемлекеттік 
тілдің де өріс алар жерінің бірде болса бірегейі осы. Атал-
мыш министрліктің басшысы В.С. Школьник біздің көтерген 
мəселеміздің қаншалықты маңызы барлығын түсініп, қолдау 
көрсетті.  Соның  нəтижесінде  кеше  ғана  А.  Байтұрсынұлы 
атындағы Тіл білімі институтының жанынан бұрынғы бөлім 
негізінде Ғылыми терминологиялық Орталық құрылды. Əу 
баста біз дəріптейтіндей болмағанмен, жылдар бойы қатып, 
қалыңдаған тоңның қабаты жібігендей болып отыр.
Ендігі  əңгіме  осы  орталықтың  жұмысын  жолға  қою 
жөнінде.  Ол  əлденеше  мəселеге  тəуелді.  Ең  алдымен  ай-
тарым:  негізгі  міндет,  лажы  болса  қазақ  терминологиясы-
ның  дамуы  мен  қалыптасуға  септігі  тиер  жұмыстарды 
ғылыми  тұрғыда  зерделеп,  оның  əрі  теориялық,  əрі  прак-
тикалық  мəселелерін  қалыптастыру;  бұрынғы  жəне  қазір 
жасалған терминдерді реттеп, жүйеге түсіріп, қалыптанды-
ру;  барлық  ғылым  салалары  бойынша  ертелі-кеш  жарық 
көрген  терминологиялық  сөздіктерді  қамти,  саралай  оты-
рып,  ғылыми  жұртшылықтың  сұранысына  жарарлық  тер-
минологиялық сөздік серияларын баспаға дайындау; Қазақ-
стан  Республикасындағы  терминологиялық  жұмыстарды 
үйлестіріп отыру жəне аспирантура, кандидаттық ізденістер 
шеңберін ұлғайту арқылы ұлттық терминология мəселесімен 
шұғылдана алатын сауатты мамандар əзірлеу.
Бұл  тіпті  де  оңай  шаруа  емес.  Ол  үшін  аталмыш  Орта-
лықтың  барлық  мұқтаждығы  қамтамасыз  етілуі  керек.  Ең 
алдымен  қаржы  жайы  алаңдата  береді.  Біздің  министрлік 
қал-қадарынша жəрдем қолын сұраумен, мəселеге түбегейлі 
қамқорлық жасар халде емес.

280
Термин  мəселесін  қажетсінбейтін  мекеме  жоқ.  Бүгінгі 
мəслихатты  өткізуге  мұрындық  болып  отырған  ҚР  Мəде-
ниет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігінің де бұл 
мəселеге  тікелей  қатысы  бар.  Егер  өзара  үйлестіре  жұмыс 
істейтін болсақ, екі министрліктің де терминологияға байла-
нысты мұқтаждығы өтеліп қана коймай, ғылым тілін өрістете 
түсуге  мүмкіндік  ашылар  еді.  Осындай  мақсатпен  біз 
Тілдерді дамыту департаментіне өтініш қағаз түсіргенімізге 
біраз  болды.  Департамент  бастығы – Ербол  Шəймерденов 
ініміз  мұқтаждарымызды  түсініп,  елгезектік  танытқанмен, 
нəтиже болмай отыр. Күдер үздірмей отырған уəдесі бар.
Біз, қазір жоғарыда еске салғанымыздай, бірнеше сөздік 
дайындаудамыз. Бітуге таяуы, жалғасып жатқаны бар. Тіпті, 
егер Тіл департаментімен осындай жұмыстар жөнінде шарт-
қа тұруға да бармыз. Ал тапсырыс беретіндей жағдай болса 
оған да барғалы отырмыз.
Əйтеуір,  ортақ  істі  оңашаға  тарта  бермей,  осылайша 
қауымдасып,  қолға  алатын  жерде  нəтиже  басқаша  болары 
даусыз.
Биыл – халық  бірлігі  мен  ұрпақ  сабақтастығы  жылы. 
Біз  елі  үшін  еселеп  еңбек  еткен  кешегі  зиялыларымыз – 
А.  Байтұрсынұлы, X. Досмұхамедов,  Қ.  Жұбановтардың 
ғылымдағы  жолын  жалғастырушыларымыз.  Ұрпақ  сабақ-
тастығының  бір  түрі  осы  болса  керек.  Сонау  бодандылық 
кездің өзінде ана тілін аялай тұтынып, атамекенін асқақтата 
білген ұстаздардың бүгінгі ұрпақтары тəуелсіздігіміздің бір 
тірегі – мемлекеттік тіліміздің мəртебесін биіктете түспесе, 
төмендетпес деген сеніммен сөзімді түйіндемекпін!

281

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет