МЕББМ « Қазақстан- Ресей медициналық университеті
NSEO «Kazakh-Russian medical university»
Мақсаты: Термодинамика заңдары туралы түсінік алу. Изопроцестер, олардың медицинада қолданылуын анықтау.
Мақсаты: Термодинамика заңдары туралы түсінік алу. Изопроцестер, олардың медицинада қолданылуын анықтау.
Өзектілігі: Термодинамика заңдары, изопроцестердің медицина ғылымында өзекті екенін баяндау
Міндеті: Термодинамика, термодинамика заңдары және изопроцестер туралы анықтама беріп баяндау.
Термодинамика дегеніміз не?
Термодинамика - физика ғылымындағы жылудың жұмыс және басқа энергия түрлерімен арадағы қарым-қатынасын зерттейтін тармағы. Термодинамика — тәжірибелерден жинақталған нәтижелерге сүйенетін феноменологиялық ғылым. Ол көптеген құрамдас бөліктерден тұратын макроскопиялық жүйелер - термодинамикалық жүйелерді зерттейді. Мұндай жүйелерде жүретін процестер макроскопиялық шамалар, мысалға қысым немесе температура арқылы сипатталады және олар молекулярлық деңгейде қолдануға келмейді.
Термодинамика заңдарының қолданылуы
Термодинамика заңдылықтары жалпы сипатта қолданылады және заттардың атомдық деңгейдегі құрылымына тәуелді емес. Сондықтан термодинамика ғылым мен техниканың энергетика, қозғалтқыштар, фазалық ауысу, химиялық реакциялар, секілді көптеген салаларында қолданылады.Термодинамиканың физика мен химияның бірқатар салаларында, химиялық технология, аэроғарыштық технология, машина жасау, жасушалық биология, биомедициналық инженерия секілді алуан түрлі салаларда алатын орны ерекше.
Термодинамиканың бірінші заңы
Термодинамиканың бірінші бастамасы — термодинамикалық жүйелер үшін керек энергияның сақталу заңы.
Бірінші заң бойынша жүйеге берілетін жылу оның ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің сыртқы күштерге қарсы жұмысына жұмсалады.