Термохимия реакцияның жылу эффектісін зерттейтін физикалық химияның саласы


Полярография және оның фармацияда қолданылуы



бет8/15
Дата19.05.2023
өлшемі136,16 Kb.
#95383
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
1-13 (копия)

17. Полярография және оның фармацияда қолданылуы.
Полярографиялық талдау әдісі – электрохимиялық талдау әдісінің бірі болып табылады. Ол электрополярографиялық ұяшықтағы зерттелетін ерітіндінің электролизі кезінде алынатын вольтамперлі қисықтарды анықтауға негізделген. Бұл әдісті 1923ж чех ғалымы Я.Гейровский ерітіндідегі ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттей отырып, ұсынды. Оны одан әрі қарай дамытқан А.М. Фрумкин.
Полярография (фр. Polarographie) – ток пен заттың концентрациясының өзара тәуелділігінен туатын электр тогын анықтауға негізделген әдіс болып табылады. Полярографиялық тәсілдің басты ерекшелігі – катод ретінде сұйық тамшылауыш сынапты пайдалану (электрототықсызданатын заттарды анықтауда). Тамшылауыш сынап электроды дегеніміз диаметрі өте жіңішке түтіктен тамшылап сынап ағып тұратын құрылғы. Тамшының диаметрі 0,4 - 0,7 мм, ал бетінің ауданы 2– 6 мм.кв. Сынап электродында тамшы үзілген сайын оның беті жаңарып, яғни қасиеттері бірдей иондардың разрядталуына жағдай жасалады. Сонымен қатар, тамшы бетінің ауданының мардымсыз болуы электрод яғни, катодтың поляризациялануын анодқа қарағанда бірнеше есе арттырады. Ал, қосымша электрод (анод) қызметін катод бетінің ауданына қарағанда аудан беті жүз еседей үлкен, арнаулы ыдыстағы сынап (каломель, хлоркүміс) атқарады (электрототығатын заттарды анықтауда) және бұл іс жүзінде поляризацияға ұшырамайды. Полярографиялық ыдыс арқылы өтетін ток күші өте аз және бұл ыдыстың кедергісі мардымсыз болғандықтан мұны жоюға кететін кернеу шамасы да өте аз болады. Сонымен ток күшінің өзгеруіне байланысты ыдыстағы кернеудің артуы немесе кемуі тек катодтық потенциалдың өзгеруіне байланысты яғни, φ+=const, φ-=U. Демек, электродтарға берілетін кернеу толығымен катод потенциалын өзгертуге жұмсалады.
Полярографиялық әдіс өте сезімтал болып келеді яғни зерттелетін заттың өте аз мөлшерін (10-3 – 10-11) анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ полярографиялық әдіспен қосылыстарды бір-бірінен бөлмей-ақ, бір мезгілде бірнеше заттарды анықтауға болады. Анықтауға кететін уақыт – біренше (10) минут.
Қондырғының жұмыс істеу байыбын айтпас бұрын, оның құрылысмен танысайық. Полярографиялық талдау арнайы полярографтарда орындалады. 
Полярографиялық әдіс арқылы ерітіндінің сапалық және сандық құрамын анықтауға болады, себебі әр түрлі иондар үшін ТСЭ катодын да, тотықсыздану потенциалдары да әр түрлі. Ортаның қышқылдылығын өзгертіп, фармациялық талдауға әр түрлі қоспалардағы жеке заттарды анықтауға мүмкіндік бар. Поляризациялық әдіс өте сезімтал, сондықтан өте аз мөлшердегі еріген және дәрілік заттардың мөлшерін дәл анықтауға көмектеседі. Мысалы, фолий қышқылын, никотинамидті, аскарбин қышқылын, фенолдарды, күрделі эфирлерді, аминқышқылдарын және олардың эфирлерін, амидті спирттерді және олардың эфирлерін, сульфоқышқылдар амидтерін, пиразалон 5-туындыларын, барбитураттарды, алкалоидтарды, гормондарды, дәрумендерді, антибиотиктерді және т.б көптеген заттарды осы әдіспен табады. Сонымен қатар, полярография әдісі билогиялық объектілердегі және өндіріс орындарындағы улы заттарды ( мысалы, қорғасын, таллий, сынап т.б.) анықтауда, адам ағзасындағы оттегінің қанға таралу мөлшерін, ауа құрамын ( мысалы, қорғасын, хром, марганец, мырыш, формальдегид т.б) анықтауда қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет