«Терроризм және экстремизм оның зардаптары» Сынып жетекші



Pdf көрінісі
бет38/70
Дата14.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#114808
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
Байланысты:
9-10 сынып ҚМЖ тәрбие сағаты 23-24

«Біз екеуміз бірге…»
Бұл ойында бала ата-анасымен бірге үнемі не істейтіндерін 
жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз 
екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б. 
VIII. Оқушыларға арналған жағдайларды талдау:
Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін 
ұстазың саған 
ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің? 
Сенің досың – шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң 
«Досына қарап 
өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен 
бірге жүруді қой деді. Не істер едің? 
Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы 
ең ауыр күнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді 
жинастырып, шай тамағымды дайындап қой.»– деп кетті. Сен 
болсаң кешке дейін далада ойнап, дәл анаң келер уақыттан 15 


минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. 
Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің?
IХ. «Менің отбасымдағы дәстүрлер» топтастыру.
Бауырласқан жанымыз 
Бұзылмаған салтымыз. 
Кең даланың ежелгі 
Қазақ деген халқымыз. 
Өзге ұлттай біздің де 
Бар дәстүр мен салтымыз, - дегендей әр отбасында жақсы 
дәстүрлер сақталған. Соларды топтастырып жазсаңдар 
Қоры 
тынды 
10 мин 
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі 
дәстүрдің сақтаушысы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген 
күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, 
ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін 
сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, 
отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын 
жапырақтарға жазып іледі. Яғни, «Отбасы – алтын діңгек» 
екенін дәлелдейді. 
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы, алтын 
діңгегі. 
Топтарға қошемет көрсету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет