Тәртіп- қоғам мүшелерінің белгілі бір ережеге бағынуы
Тәрбие- жеке тұлғаның рухани дамуын жүйелі мақсатты түрде дамыту үдерісін арнайы ұйымдастыратын тәрбиелік жүйе
Топ- формальді /формальді емес негізгі индивидтердің өзара әрекеттесуі
Кәсіптік мамандыққа бейімдеу жұмысы- бұл жастарды жеке басының ерекшеліктерін және еңбек нарығындағы әлеуметтік - эканомикалық жағдайды ескере отырып, мамандық таңдауға дайындауға , жастарға кәсіби өзін - өзін анықтауға және жұмысқа орналасуға көмектесуге бағытталған іс- шаралар жүйесі
Кәсіптік бейімделу- жас адамның кәсіптік қызметке кідіру үдерісі / Мамандық ерекшелігіне бейімделу
Қоғамдық пайдалы еңбек - қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру,жеке адамның дамуына мүмкіндік жасау құралы
Өнімді еңбек - адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасауы
Инклюзивті- жалпы білім беретін мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесін сипаттау үшін қолданылытын термин
Педагогикалық интеграция - бұл дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру бағдарламасымен анықталатын,оқу материалын меңгеру қабілетін қалыптастыру
Дене шынықтыру- бұл әртүрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолданылатын мәдениеттін арнайы және тәуелсіз саласы
Ғылым қағидаты- денсаулықты жақсартуға бағытталған барлық жүргізіліп жатқан іс-шараларды,ғылыми негізделген және практикалық тексерілген әдістерді күшейту
Диагностика- оқушының даму үрдісі мен нәтижиесін талдау
Циклограмма - тәрбиешінің қызметі қатаң белгіленген ретпен және уақыт шекараларында белгіленген құжат
Темперамент - адамның психикалық іс- әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақты жеке ерекшеліктердің жиынтығы
Адамгершілік тәрбиесі- тәлім тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың ,этикалық білімділікті адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы
Еңбек тәрбиесі- тәрбиенушілердің жалпы еңбектік біліктіліктері мен қабілеттерімен еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің іс- әрекеті.
Тәртіптілік - қоғамдық тәртіптің белгіленген нормаларына саналы түрде бағыну
Кәсіби іріктеу- тұлғаны мамандық әлемінде таңдау еркіндігін ұсынуға бағытталған
Инклюзивті термин беру- бұл барлық балалар олардың дене психикалық т.б ерекшеліктеріне назар аудармай жалпы білім беру жүйесінде енгізілген оқыту және тәрбиелеу процесі
Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым –қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.
Тәрбие технологиясы - процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.
Тәрбиелік әлеуметтану - қоғамның тәрбиелік күшін, адамды әлеуметтендіру процесін, әлеуметтік институт ретінде тәрбиені зерттейтін ғылым саласы.
Өзін-өзі бағалау - өзін-өзі білу арқылы өзіне баға беретін өзіндік сананың құрамдас бөлігі.
Өзін-өзі тәрбиелеу - саналы түрде қойылған мақсатқа сәйкес адамның тұлға ретінде қалыптасуы.
Педагогика- тәрбиелеу, жетектеу, бағу
Педагогикалық басқару – қойылған мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру процесі.
Педагогикалық диагноз – оқушының қабілетін, мінезіндегі ауытқуларды, оқу барысында кездесуі мүмкін қиындықтарын анықтау. Педагогикалық диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі туралы мәліметтер негізінде, оның оқу іс-әрекеттерін бақылау және нәтижелерін талдау және т.б. арқылы қойылады