Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет29/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126
қ~й. Жазба ескерткіш тіліндегі қ дыбысы қазақ тілінде й дыбысымен айтылады. Мундақ. Мұндай. Сүлайман булмады мундақ са´адат 526 (Сүлейменде болған жоқ дәл мұндай бақыт).

Ескерткіштегі к дыбысы қазақ тілінде м дыбысына ауысқан сияқты әсер етеді. Шындығында, біл түбіріне жалғанған -ім, -ік – екеуі екі басқа жұрнақ. Грамматикалық мағыналарында да айырмашылықтар бар. Білік сөзі архаизмге айналуына байланысты -ік түбірге сіңісіп кеткен. Билик. Білік (білім). Билик билмак ичинда жаухари син 451 (Білік-білмек ішінде гәуһарсың сен).

М. Ескеева «Орхон ескерткіштері тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі моносиллабтар құрамында ең көп кездесетін дауыссыз дыбыстардың ауслаут жағдайдағы д ~ й, д ~ с, з ~ й, б ~ у, ш ~ с, с ~ ш сәйкестіктерінің архитұлғасы қазіргі түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты өзгеріске түскендіктен олардың бастапқы тұрпаты тарихи дыбыс сәйкестіктерінің бағыты арқылы немесе элизия, метатеза, протеза, эпитеза, редукция т.б. фонетикалық заңдылықтар негізінде анықталады, яғни моносиллабтардың жалпы түркілік тұрпаты ортақ болғанымен тұлғасы әр тілде түрліше қалыптасқан» деп көрсетеді [45, 191-195 бб.].

Біз орта ғасыр ескерткіші тілі мен қазіргі қазақ тілінің арасында қандай фонетикалық өзгерістер бар деген сұраққа тоқталып өттік. Түркі тілдерін топтастыруда, олардың жіктелімділік жүйесін айқындауда ч мен ш, ш мен с, й мен ж, т мен д, ғ мен у (не й), з мен й, б мен м т.б. дыбыстардың атқаратын рөлі зор екені белгілі. Қазіргі кезге дейін бұл дыбыстардың қайсысының қолданылуына байланысты түркі тілдері жүйе-жүйеге бөлініп, өзара айырмашылықтары көрініп, сараланған.

Зерделеу барысында қазақ тілі орта ғасыр ескерткіші «Мухаббат-наме» мен басқа түркі тілдерінен мына дауыссыз дыбыс айырмашылықтарымен ерекшеленеді: ч орнына ш-мен (қылыч орнына қылыш, үчүн орнына үшін ), ш орнына с-мен (баш орнына бас, таш орнына тас), й орнына ж-мен (йол орнына жол, йел орнына жел) д орнына т-мен (дауыс орнына тауыс, дағы орнына тағы), ғ орнына у-мен (ағыр орнына ауыр, ағыз орнына ауыз), б орнына м-мен (бойун орнына мойын).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет