Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет45/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

-ЛҮ, -ЛЫ, -ЛИ жұрнағы. Мн ескерткішінде -лық, -лүк жұрнағына қарағанда -лү, -лы, -ли жұрнақтары сөз құрамында көбірек кездесті.

1) зат есімдерге жалғанып сапаның, күйдің, қасиеттің барлығын білдіретін сын есімдер жасайды: көрүклү (көрікті), татлы (тәтті), йүзлү (жүзді).

Қыйамат көрклүсин хүснүңға не сөз 225 (Қиямет көріктісің, сұлулығыңа не сөз бар). Шакардин татлы сөзли дилрубасын 305 (Шекерден сөзі тәтті сен жан – жүрексің). Кел, ей ай йүзлү дилбар, тут бирар куш 379 (Кел, ей, ай жүзді ару, қолыңа ал бірер тостақ).

2) теңеу түрінде қолданылатын сөз тіркестеріне қосылып жасалған күрделі сын есімдер жасалынған: ачық сөзли (ащы сөзді), татлы сөзли (тәтті сөзді), ай йүзлү (ай жүзді), йақут еринли (жақұт ерінді), наргис көзли (наркес көзді), шакар дудағлы (шекер ерінді), ширин сөзли (шырын сөзді).

А.Н. Кононовтың пайымдауынша, -лы/-ли, -лү/-лү жұрнағы сын есімнің -лық/-лик, -луқ/-лүк жұрнағының соңғы қ, к, ғ, г дыбыстары ықшамдалып түсірілуінен жасалған. Түркі тілдерінің оғыз тобында қолданылады [58, 106 б.].

Қазіргі түркі тілдерде -лы жұрнағының мынадай түрлері сақталған: ұйғыр тілінде -лық, -лик; қырғыз, алтай тілдерінде -луу, -лүү; оғыз, қыпшақ тобындағы тілдерде -лы, -ли түрінде кездеседі. Н.А. Баскаков -лы формасының негізгі даму сатылары ретінде қазіргі түркі тілдерінде сақталып қалған деп мына түрлерін көрсетеді: «Таким образом, процесс фонетического развития данного форманта имел три основные ступени, сохранившиеся в живых современных языках, а именно: -лығ/-лиг> -луу/-люю> -лы/-ли» [41, 192 б.].

Ж. Тектіғұл жалпытүркілік -лы мен -лық (-лақ) қосымшаларының өзектестігі жайында қазіргі түркі тілдеріндегі, соның ішінде қазақ тіліндегі қосымшалардың қалыптасқан мағыналық, тұлғалық, қызметтік ерекшеліктеріне байланысты қосымшалар дамуының мынадай жолдарын анықтайды: «Оның біріншісі – белгілі бір қосымшаның алғашқы нақты мағынасынан жалпылама грамматикалық мағынаның дамып шығуы мен дербестікке ие болуы, екіншісі – қосымшаның қолданылу шеңберінің кеңеюі мен қолданылатын мағыналық топтарының сан жағынан өсуі. Мұндайда алғашқы бәріне ортақ мағына бір топтан екінші топқа ауысқан сайын сапалық жағынан өзгеріп, басқа да сөз топтарында қолданылуға мүмкіндік алады. Үшіншісіне – қосымшалар эволюциясының нәтижесінде бір сөз табына жататын қосымшаның екінші сөз табына өту процесін де жатқызуға болады» [60, 95 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет