Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


«Мухаббат-наме» ескерткішіндегі көне сөздер



бет51/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

1.5 «Мухаббат-наме» ескерткішіндегі көне сөздер

«Мұхаббат-наме» он бір хаттан, газель, месневи, фард және кіріспе сөзден тұратын араб-парсының аруз өлшемімен жазылған поэзиялық шығарма. Осыған байланысты ескерткіштің лексикасында араб-парсы элементтері де кездеседі. Ал түркі элементтеріне келетін болсақ, түбір сөздері де, туынды сөздері де әртүрлі диалектіден тұрады. Ескерткіште едәуір архаизм элементтері ұшырасады.

Ескерткіштер тілін зерттеп жүрген ғалым Б. Сағындықұлы қазіргі тілде ұшыраспайтын сөздерді шартты түрде архаизмдер деп атайды. Себебін ескерткіштегі бірқатар сөздер қазіргі тілдердің тұрғысынан архаизм болып саналғанымен өз кезінде /ескерткіш жазылған кезде/ архаизм болмауы мүмкін деп түсіндіреді [65, 47 б.].

Орта ғасыр ескерткіштерін зерттеуші ғалымдар жәдігерлер тілінде кездесетін сөздерді қазіргі қазақ тілі тұрғысынан «көне сөздер», «көнерген сөздер» деп атаудың өзі шартты екендігін ескертеді. Сондай-ақ, ол сөздер ескерткіштер жазылған дәуірде «көне сөзге айналған», «сол кездің өзінде де мағынасы күңгірт болған» деген пікірдің де шартты екенін айтады.

Біз де жоғарыдағы пікірге қосыла отырып, Мн лексикасында кездесетін сөздерді қазіргі қазақ тілі тұрғысынан «көне сөздер», «көнерген сөздер» деп көрсеттік. Яғни сөздерді қазіргі қазақ тілі тұрғысынан көнерген сөздер ретінде қарастырамыз. Ескерткіш көлемі шағын болғандықтан, ондағы кездесетін архаизмдер сан жағынан аз. Біз Мн ескерткіші лексикасындағы сөздердің түркі бөлігін екіге бөлеміз: 1) архаизмдер; 2) фонетикалық өзгерістерге ұшырап, қазіргі қазақ тілінде сақталған сөздер.

Бұл сөздердің кейбіреулері бір фонетикалық белгісі бойынша немесе көнерген жұрнақ, жалғаулары бойынша қазіргі қазақ тілі тұрғысынан архаизм болып саналғанымен қазіргі түркі тілдерінде сол көне форманы сақтап, әлі күнге дейін қолданылатынын ескерте кетуді жөн көрдік. Мүмкіндігінше көне сөздер қатарына жатқызылған сөздердің тұсына қазіргі түркі тілдерінде кездесетіні көрсетілді.

Сонымен біз зерттеп отырған ескерткіш тіліндегі архаизмдерді: 1) мағынасы мен тұлғасы ішінара өзгеріске ұшырап қазіргі тілде сақталып қалған көне сөздер; 2) қазіргі қазақ тілінде ұшырамайтын көне сөздер деп бөліп қарастырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет