Ер-көмекші етістік. Ol mẹniŋ birlä ẹrdi ДТС 175 (Ол менімен бірге болды). Жәдігер тілінде е- күйінде қысқарған тұлғасы есаң сөзінде ұшырасады. Қачан ким шад есаң ғамгина рахм ет Мн 417 (Көңілің шат болса, қамыққанға рақым ет). «Е» көмекші етістігінің ескерткіште ер- толық формасы да жұмсалған: ерди, ерүр. Мысалы, Дариға болмаса ерди завалы Мн 224 (Дариға, болмаса еді зауалы); Ерүр йүзи қуйаш тек ´алам арай Мн 256 (Жер жүзін арайлатқан күндей болып).
Улус. Халық, ел. Улус туттың қамуқ ´ақлың күчидин Мн 123 (Ұлысты биледің мол ақылың күшімен). Ен.орх. осындай; е.ұйғ. Балық улус қала халқы, көне ескерткіштерде халық деген сөздің орнына ұлыс сөзі қолданылған. Монғол тілінде де улс сөзі мемлекет, ел, үкімет, халық деген мағынаны білдіреді екен. Қазақ тілінде ұлт деген мағынада – көнерген сөз. Қазақ халқында Наурыз мейрамы – ұлыстың ұлы күні делінеді. Яғни бұл жердегі ұлыс «халық» деген мағынада айтылған.
Ең. Өң. ẹšitgil munï sẹn aja qïrγu eŋ ДТС 174 (Сен мұны естігін, алқызыл өңді). Аның ким ал еңинда мең йаратты Мн 11 (Оның ал қызыл өңінде мең жаратты).