Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


Му. Ма. сұрау есімдігі. Шакарму ерниңиз, йа қанд, йа жан Мн 441 (Шекер ме ерніңіз, әлде қант па, ей, жаным?). Инжу



бет55/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Му. Ма. сұрау есімдігі. Шакарму ерниңиз, йа қанд, йа жан Мн 441 (Шекер ме ерніңіз, әлде қант па, ей, жаным?).

Инжу. Інжу. Тишиң инжүсидин гаухар уйалур Мн 204 (Інжудей тістеріңнен гауһар жолда қалады).

Қазіргі түркі тілдерінде: түрк., inci; әзірб., inci; түркм., dür; қырғ., akak, marbar; башқ., ınyı; өзб., incu; тат., inci; ұйғ., incu; қаз. інжу [43, 388-389 бб.].



Толун. Толық. Tolun bolsa andïn ažunqa jarur ДТС 574 (Ай толық болса, одан әлем жарқырайды). Толун айдек қылур бир қатра суны Мн 10 (Толған айдай қылар бір тамшы суды). МК толу және толун; е.ұйғ. толу.

Текин. Дейін, шейін. Бүгүн таңқа текин май нүш қылғын Мн 59 (Бүгін таңға дейін шарап ішіп).

Билик. Білім. Bilig birlä avnur žanïn sẹmritür ДТС 99 (Біліммен жанын семіртер). Билик билмак ичинда жаухари син Мн 451 (Білік-білмек ішінде гәуһарсың сен). Тарихи сөздіктерде, ескерткіштерде осындай.

Дағы. Тағы, және. Бираз кечти, дағы мажлис ысынды Мн 77 (Біраз [уақыт] өтіп, мәжіліс тағы да қызды). Біз қарастырып отырған ескерткіш тілінде дағы, тағы варианттары жарыса қолданылған. Ен-орх. тағы; е. ұйғ. тақы; МК дақы (оғыздікі), тақы (түркінікі). Түркі тілдерінде: қар., дағы; башқ., тағы, дәхи; құм., дағы; қаз., тағы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет