Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


Суйурға-. Сыйлау, есіркеу. Агар берса суйурғаб хақ тағала Мн 215 (Хақ тағала кеңшілігін берсе егер). Е.ұйғ., ҚБ осындай. Қапуғ



бет60/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126
Суйурға-. Сыйлау, есіркеу. Агар берса суйурғаб хақ тағала Мн 215 (Хақ тағала кеңшілігін берсе егер). Е.ұйғ., ҚБ осындай.

Қапуғ. Есік. ẹlig qapuγqa qïsïdï ДТС 421 (Қол есікке қысылды). Қуйаш хар күн йүз урур ол қапуққа Мн 453 (Ол қақпаға күн сайын күн жүзін бұрады). Қапумен салыстырыңыз; Е.ұйғ. қапығ және қапағ, Ен-орх. Темір қапығ темір қақпа; ҚБ қапуғ; МК қапуғ қақпа, қапға үлкен қақпа; түрік тілінде қапи; қаз. қақпа.

Ескерткіштегі қапуқ сөзінің қапы формасы мына тілдерде әлі күнге дейін: түрк., kapı; әзірб., gapı; түркм., gapı; қырғ., kalğa, түрінде қолданылса, дәл осы мағынаны беретін жәдігер тіліндегі ишик сөзі мына тілдерде: башқ., işik, eşik; өзб., eşik; тат., işik; ұйғ., işik; қаз. есік сөз басында е ~ и сәйкестін құрай отыра ұшырасады [43, 434-435 бб.].



Гизлан. Тығылу, жасырыну. ẹr tavar kizlädi ДТС 311 (Ер мүлкін жасырды). Йүзүңдин гизланиб түр хулд ара хур Мн 342 (Жүзіңнен жасырынып хор [қызы] жұмақта тұр). Бұл сөзден жасалған туынды сөздер қазіргі түрік тілінде көп кездеседі. Бірақ онда негізгі түбір гизли-.

Қатла. Рет. Көне түркі тілінде қата тұлғасында берілген. Teŋizdin kärimräk šahïm miŋ qata ДТС 432 (Теңізден шахым мың есе қайырымдырақ). Вафадин жавриңиз миң қатла хошрақ Мн 578 (Адалдықтан жәбіріңіз мың есе жақсырақ). Е.ұйғ. МК. қата түрінде кездеседі.

Йула. Шырақ. jula uδundï ДТС 278 (Шырақ өшірілді). Көңүл парвана болды ол йолаға Мн 412 (Көңілім сендей шыраққа көбелек болды). Ен.-орх.; е. ұйғ., МК, ҚБ осындай.

Үзра. Үстінде. üzä täŋri as[ra] jẹr ДТС 629 (Үстінде аспан, төменде жер). Талим айуан үзра учқан хума мин Мн 606 (Талай алтын сарайдың үстінен ұшқан құмаймын). Ен-орх., е. ұйғ., ҚБ-те мұнымен қатар үзрә деген варианты да кездеседі. Бұл ертедегі -ра жұрнағы арқылы жасалған. Түрік тілінде үзер, татар тілінде үзрә түрінде ұшырасады.

Билгүр-. Біліну. Jïpar kizläsa sen jïδï belgürär ДТС 93 (Жұпарды қанша жасырсаңда оның хош исі білініп тұрады). Йүзүңдин билгүрүр даулат нишаны Мн 261 (Жүзіңнен білінер дәулет нышаны).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет