Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет61/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   126
Төрат. Жарату. Qamuγ sẹn törättiŋ ДТС 580 (Барлығын сен жараттың). Қара топрақдин сүнбүл төратти Мн 13 (Қара топырақтан сүнбіл жаратты).

Ашуну. Бұрын. Men andan ašnu keldim ДТС 63 (Мен одан ерте келдім). Жехандин ашуну миң йыл қылды халиқ Мн 481 (Жаһан жаралмастан мың жыл бұрын). МК осындай; андын ашну /одан бұрын/; Мн-де ашну және ашуну формаларында да ұшырайды.

Инжү. Тиісті, меншіктелген деген мағынада. Inčü baγčïlarqa qalan kesmiši joq ДТС 210 (Меншіктелген жерлерге құн салынбады). Қулуң көп түр, вали мен инжү қулмин Мн 531 (Құлдарың көп, бірақ мен еншіңе тиген құлыңмын).

Дудағ. Ерін. Шакар дудағлы, ширин сөзлилар бар Мн 558 (Тәтті ерінді, шырын сөзділер бар). Қазіргі түркі тілдерінің ішінде, әзір. додаг, түрк. дудак, түркм. додак (додақ), чув. тута түрінде кездеседі екен.

Қуйаш. Күн. Йүзүң нуры қуйашның нурын өртар Мн 393 (Жүзіңнің нұры күннің де нұрын өртейді). Қуйаш сөзі қазіргі түркі тілдерінде: қарм. қуйаш; әзірб. күнәш; башқ., ноғ., тат. кояш; түрк. гүнеш; өзб. қуеш; ққарп., ұйғ. қуяш түрінде қолданылады.

Орта ғасырлардағы жазба мұралар тілінде «күн» сөзінің бізге бейтаныс екі формасының қуйаш, күнаш кездесетін талдай отырып, ғалым Б. Сағындықұлы мынадай түйін жасайды: «Екеуі де біріккен сөз: қуй+аш, күн+аш. Бұлардың аш формасы ғана «күн» ұғымын береді. Ал қуй мен күн – анықтауыш. Архаизмге айналған қуй сөзінің жіңішке формасы – күй сөзі. Сонда қуйаш біріккен сөзін қазіргі тұрғыдан «күйіп тұрған күн» деп түсіндіруге болады. Қуйаш ~ күнаш, шындап келгенде, «қары ~ кәрі» сияқты жуанды-жіңішкелі бір сөз. Айырмашылығы – жіңішке дыбысталатын күн ежелгі н дыбысын сақтап қалса, жуан дыбысталатын қуй (құй) сақтай алмаған. Этимологиялық жолмен қалпына келетін *қун вариантындағы н ығыстырушы қызмет атқаратын й сонорына өз орнын берген. Яғни қун>қуй» [29, 117-118 бб.].



Қоп-. Орнынан тұру. Uluγ kelsä qopγïl adaqïn örü ДТС 456 (Ұлық келсе аяғыңнан тік тұр). Агар қопсаң, қыйаметлар қопар хам Мн 396 (Егер тұрсаң, қиямет қиыншылықтар бас көтереді). Қазіргі түрік тілінде бұл форма осы мағынада қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет