Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет66/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Бойы бирла сачыны тең йаратты 12 (Бойы мен шашын өлшеп тең жаратты). Шакар тек тил била туты тилиңиз 67 (Шекердей [тәтті] тоты тіліңіз). Қара мең ал йаңақыңда йарашур 191 (Қара меңің ал қызыл өңіңе жарасып тұр). 192 Башым дайим адақыңқа йарашур 192 (Басым әрдәйім аяғыңды құшуға жарасады). 193 Бойуң сарв-о санавбар тек, белиң қыл 193 (Бойың тіп-тік қарағайдай, белің қылдай). Қолум сим алмаңызға йетмади хеч 200 (Қолым күміс алмаңызға еш жетпеді). Тишиң инжүсидин гаухар уйалур 204 (Інжудей тістеріңнен гауһар жолда қалады). Йүзүң қашың қуйаш ай буржи ичра 402 (Жүзің – күн, қасың – ай шоқжұлдыздар арасында). Қара кирпүкүңга күндүз теңалмас 455 (Қара кірпігіңе құндыздағы теңелмес). Дудағыңдин көңүл жан хасыл етмас 457 (Ерніңнен көңілім де, жаным да дәме етпейді).

Қазіргі түркі тілдерінде дене мүшелері атауларының фонетикалық ерекшеліктері мынадай: түрк., ağız; әзірб., ağız; башқ., avız; қырғ., ōz; өзб., áğız; тат., avız; түркм., ağız; ұйғ., eğız; қаз., ауыз. түрк., ayak; әзірб., ayag; башқ., ayak; қырғ., ayak, but; өзб., áyák; тат., ayak, täpi; түркм., ayak; ұйғ., ayak, put; қаз., аяқ. түрк., baş; әзірб., baş; башқ., baş; қырғ., baş; өзб., báş; тат., baş; түркм., baş; ұйғ., baş; қаз., бас. түрк., bel; әзірб., bel; башқ., bil; қырғ., bel; өзб., bel; тат., bil; түркм., bil; ұйғ., bäl; қаз., бел. түрк., boy; әзірб., boy; башқ., buy; қырғ., boy; өзб., boy; тат., buy; түркм., boy; ұйғ., boy; қаз., бой. түрк., boyun; әзірб., boyun; башқ., muyın; қырғ., moyun; өзб., boyün; тат., muyın; түркм., boyun; ұйғ., boyun; қаз., мойын. түрк., dil; әзірб., dil; башқ., til; қырғ., til; өзб., til; тат., til; түркм., dil; ұйғ., til; қаз., тіл. түрк., diş; әзірб., diş; башқ., tiş; қырғ., tiş; өзб., tiş; тат., tiş; түркм., diş; ұйғ., tiş; қаз., тіс.

Адамның дене мүшелеріне байланысты атаулардың бір қатары көне, орта ғасырлардағы жазба ескерткіштеріне ғана емес, қазіргі түркі тілдеріне де ортақ. Олар тек ғана фонетикалық өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Бұлардың ішінен қазіргі қазақ тілінде қолданылмайтын йаңақ, дудағ, елгин, елик сөздерін архаизм тұрғысынан қарастыруға болады. Дегенмен бұл сөздер оғыз тобындағы түркі тілдерінде осы күнге дейін қолданылады. Қарақ сөзі түркі тілдерінде көз, көздің қарашығы, көздің шанағы дегенді білдіреді.

Ескерткіште ерин, дудағ тұлғалары қатар қолданылған. Қазіргі түркі тілдерінің оғыз тобы ескерткіштегі дудағ, ал қыпшақ тобындағы тілдер ерин түрін сақтап қалған болса, қарлұқ тобындағы тілдер мүлдем басқа форманы иемденген: түрк., dudak; әзірб., dodag; башқ., irin (zär); қырғ., erin; өзб., läb; тат., irin (lär); түркм., dödak; ұйғ., kalpuk, läv; қаз., ерін [43, 190-191 бб.].

2 Отбасылық, туыстық қатысты білдіретін сөздер: оғул (ұл), йигит (жігіт), йетан (жиен).

Тағы от ичра Азар оғлын асрар 30 (Тағы от ішінде Азар ұлын аман сақтады). Йигит сен, бада ичкил, нуқл ашағыл 171 (Жігіт сен, шарап ішіп, тәтті тағам асағыл). Шахиншах Жаныбек ханға йетансиз 112 (Шаһтардың шаһы Жәнібек ханға жиенсіз).

Туысқандық қатынасты білдіретін атаулар қазіргі қазақ тілімен салыстырғанда фонетикалық айырмашылықтарымен ғана ерекшеленеді.

Қазіргі түркі тілдерінде: оғул түрк., oğul; әзірб., oğul; башқ., ul, oğul; қырғ., ūl; өзб., oğıl; тат., ul, oğul; түркм., oğul; ұйғ., oğul., қаз., ұл. түрк., yeğen; башқ., yiyän, өзб., ciyän; түркм., yeğen; ұйғ., ciyän., қаз., жиен.



Оғул тұлғасы қазіргі қазақ тіліне ұл болып қалыптасуына дейін мынадай даму заңдылықтарын басынан кешіріп, былай дамыған: оғыз тілдерінде *туғулан > тоғулан > оғлан. Қыпшақ тілдерінде: *туғулан > уғулан > ұлан > ұл [29, 5 б.]. Бір қызығы көркем шығарманың басты кейіпкері қыз бола тұрса да, біз зерттеп отырған ескерткіш мәтінінде «Гүлстандағыдай» qïz немесе qïz oğlan [47, 181 б.] деген атау ұшыраспайды.

3 Кәсіп иесін және мамандықты білдіретін сөздер: қарақчы (қарақшы), барбатчы (музыкант), биткачи (көшіруші).

Қарақлары қарақчы, өзи ´аййар 250 (Көзіңнің қарашығы – қарақшы, өзің аяр). Уттариид-биткачи, барбатчы Нахид 138 (Жазғыш – Утарид, сазды – Нахид).

Мамандық пен кәсіп иесін білдіретін сөздердің барлығы қазіргі қазақ тіліндегі сияқты зат есімнен туынды зат есім жасайтын -чы, -чи формалары арқылы жасалған. Қарақчы сөзі башқұрт, татар, ноғай тілдерінде «ұры» мағынасында жұмсалады екен. Қазақ тілінде де осы «ұры» мағынасында қолданылады [70, 119 б.].

4 Әлеуметтік, қоғамдық саяси атаулар: Қоңрат (Қоңырат), уруғ (ұрық), улус (ұлыс), улуғ (ұлығ), хан (хан), бек (бек), султан (сұлтан), той (той), бай (бай), байрам (мейрам), буйур- (бұйыр), киши (кісі) ел (ел), қул (құл), сахиб-қыран (сайыпқыран), тақсир (тақсыр), черик (әскер).

Зехи арслан йүрак Қоңрат уруғы 107 (Ей, арыстан жүректі, Қоңырат ұрпағы). Улус туттың қамуқ ´ақлың күчидин 123 (Ұлысты биледің мол ақылың күшімен). Кирар разм ичра тойға кирү йаңлық 131 (Ұрысқа кіргенде тойға кіргендей кіреді). Бизниң бек йадыға ´ишрат қылалы 157 (Біздің бектің назарына ишарат қылайық). Вафа қылған кишиларга вафа қыл 194 (Опа қылған кісілерге опа қыл). Қулуң бичара Хоразмини асра 228 (Бишара құлың Хорезмиді бақ-асыра).

Ескерткіш мәтініндегі жалпы есім ретінде кездесетін Қоңрат этнонимі жәдігер тілін қазақ тіліне бір табан жақындатады.

Ескерткіштегі кездесетін улус (ұлыс), улуғ (ұлығ), хан (хан), бек (бек), султан (сұлтан), қул (құл), тақсир (тақсыр) сөздері қазіргі қазақ тілінде қолданыстан шығып үлгерді. Кезінде үстемдік алып, ел билеген адамға қарапайым халық тақсир деп бас иіп қызмет көрсететін еді. Қазіргі кезде мұндай қарым-қатынас мүлде жойылу себебінен бұл сөз де қолданыстан ығысып үлгерді. Бұл топтағы хан, бек, султан сөздері Кеңес дәуіріне дейін сол кездегі әлеуметтік, қоғамдық саяси жағдайларға байланысты тілдік қолданыста болған. Кейіннен қоғам мен заманның өзгеріп, дамуына байланысты лауызымды білдіретін атаулар басқаша сипат алды.

5 Құрал-сайман, қару-жарақ атаулары: оқ (оқ), башақ (ұш), йа (жақ), қылыч (қылыш), қамчы (қамшы), оқ-йа (оқ пен жақ).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет