Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет69/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   126
Түн ақшам ким көрүнди байрам айы 39 (Түн. Ақшам. Көрінді мейрам айы). Хамиша йаз ерүр жаннат хауасы 146 (Жаз бойы мұнда еседі жаннат ауасы).

Түркі тілдеріндегі фонетикалық айырмашылықтары: түрк., tan; әзірб., dan; башқ., taη; қырғ., taη; өзб., taηg; тат., taη; түркм., daη; ұйғ., taη; қаз., таң; түрк., kiş; әзірб., giş; башқ., kiş; қырғ., kiş; өзб., kiş; тат., kiş; түркм., giş; ұйғ., kiş; қаз., қыс; түрк., yaz; әзірб., yay; башқ., yäy; қырғ., cay; өзб., yàz; тат., cäy; түркм., tomus; ұйғ., yaz; қаз., жаз; түрк., bu gün; әзірб., bu gün; башқ., bögön; қырғ., bügün; өзб., bügün; тат., bügin; түркм., bu gün; ұйғ., bügün; қаз., бүгін.

14 Жер асты байлықтарының, бағалы тастардың атаулары: инжү (інжу), йақут (жақұт), гаухар (гауһар).

Қамуқ йақут еринли, сөз дүрлар 543 (Барлық жақұт ерінді сөзі дүрлер). Тишиң инжүсидин гаухар уйалур 204 (Інжудей тістеріңнен гауһар жолда қалады).

15 Ағаштардың өсімдіктердің, гүлдердің атаулары: тал (тал), бутақ (бұтақ), чечак (шешек), тикан (тікен), қуруқ (қурай) сөздерімен қатар араб, парсы тілдерінен енген гүл (гүл), чаман (шалғын), сүнбүл (сүнбүл), армағани (жұмақ ағашы), чимган (шалғын), лала (лала), тоба (ағаш) сөздері ұшырасады.

Чечак йапрақлары йирга түшүптүр 153 (Шешек жапрақтары жерге түсіп тұр). Кел, ей ужмақ гүли, чимганга чық қыл 155 (Кел, ей жұмақ гүлі, көгалға шық). Тикандин қудратиң пайда қылур гүл 593 (Тікеннен құдіретің гүл жаратты). Гүл афшанлық қылур бустан ичинда 150 (Гүлдің жұпар иісін бүкіл баққа жайып тұр). Айыт қыл, ей бойуң тоба бутақы 245 (Ей, бойың сенің тоба ағашының бұтағындай де).

Қазіргі түркі тілдерінде: түрк., çiçek; әзірб., çiçäk; башқ., säsäk; қырғ., çeçek; өзб., çeçäk; тат., çäçäk; ұйғ., çeçäk; қаз., шешек. әзірб., gül; башқ., göl; қырғ., gül; өзб., gül; тат., göl; түркм., gül; ұйғ., gül; қаз., гүл. түрк., dal; әзірб., budag; башқ., botak; қырғ., butak; өзб., buták; тат., botak; түркм., pūdak; ұйғ., putak; қаз., бұтақ.

16 Үй хайуанаттарының атаулары: мал (мал), қой (қой), ит (ит), ат (ат).

Берүр қой күтмага Мусаға суғбан 27 (Қой күтуге Мұсаға аса таяқ берген). Етман мал үчүн мадх-о санамин 612 (Мал үшін мақтамаймын, мадақ етпеймін). Орамуң итлариниң иттихады 363 (Көшеңнің иттерімен сыйлас болу). Ашар йелдин сениң йилганда атың 117 (Сенің атың желгенде желден озады).

Осы топтағы сөздер қазіргі тілімізде ешбір фонетикалық өзгерістерге түспей сол қалпында сақталған күйі қолданылуымен ерекшеленгенімен, түркі тілдеріндегі т ~ д сәйкестігін ескерткіш тіліндегі ат сөзін салыстырғанда байқаймыз: түрк., ad; әзірб., ad; башқ., at; қырғ., at өзб., at; тат., at; түркм., at; ұйғ., at; қаз., ат [43, 4-5 бб.].

17 Әртүрлі жәндіктердің атаулары: ары (ара), сиңак (маса).

Берүр йарым сиңак елкинга сатур 23 (Жарымжан масаның қолына селебе пышақ береді). Ары гүлни арының ашы қылды 19 (Таза гүлді араның асы қылды).

Ары сөзі қазақ тілінде азғана фонетикалық өзгеріске ұшырағанымен басқа түркі тілдерінде орта ғасырлық формасында түрк., arı; әзірб., arı; түркм., arı; қырғ., arı сақталса, мына тілдерде фонетикалық ерекшелігі бар екені аңғарылады: ұйғ., härä; өзб., äri; қаз., ара. Басқа түркі тілдерінде башқ., bal korto, hağızak; тат., bal kortı., şöpşä; кездесетінін көруге болады [43, 24-25 бб.].

Қазақ тілінде қанатты қан сорғыш жәндік маса, көбінесе үй ішінде, қора-қопсы төңірегінде ұшып жүретін, қос қанатты кішкене жәндік шыбын, қос қанатты насекомдардың ең кішісі шіркей деп аталады. Мн ескерткішіндегі сиңак қанатты жәндік түркі халықтарында шыбын, шіркей, аққанат, маса деген әртүрлі атауға ие болғанын мына мысалдан байқаймыз: түрк., sivri sinek; әзірб., ağcaganad; башқ., siräkäy; қырғ., çirkey; өзб., çivin; тат., çirki; түркм., çibın; ұйғ., pasa [43, 784-785 бб.].

18 Аң атаулары: арслан (арыстан), бөри (бөрі), киш (бұлғын), күндүз (құндыз).

Ачықмыш бөри қойға кирү йаңлық 132 (Аш бөрінің қойға тигеніндей тиеді). Қыйа бақсаң болур арсланлар ауың 202 (Көз қиығыңды салсаң арыстандар торыңа түседі).

Бұл топтағы аң атауы арслан этимологиясын Э.В. Севортян көп ғалымдардың пікірлерін тұжырымдай отырып анықтаған [71, 178 б.] болса, қазақ тіл білімінде Б. Сағындықұлы да осы сөздің шығу төркініне толық тоқталып арыс сөзі еліктеуіш сөз, ал лан, тан – бір замандағы анықтауыш сөз болған дейді [29, 40 б.]. Осы арслан сөзі тува тілінде арзылаң тұлғасында кездеседі екен [40, 90 б.].

Түркі тілдерінде: түрк., aslan; әзірб., aslan; башқ., arıslan; қырғ., arstan; өзб., ärslán; тат., arıslan; түркм., arslan; ұйғ., arslan; қаз., арыстан [43, 28-29 бб.].

Ескерткіштегі бөри сөзі түркі тілдерінде түрлі фонетикалық вариантта айтылады: башқ., büri; қырғ., börü, karışkır; өзб., böri; тат., büri; ұйғ., börä; қаз., бөрі, қасқыр. Ал мына тілдерде: түрк., kurt; әзірб., gurd, canavar; түркм., gūrt, möcek, böri тұлғасында ұшырасады [43, 518-519 бб.]. Бұл аң атауының оғыз тілдеріндегі курт формасы емес, қыпшақша бөрімен берілуін сол кездегі қыпшақ тілінде сөйлейтін ру-тайпаларының аң аулау, саят құру тіршілігінен хабар жеткізуіші белгі ретінде тануға болады. Қазақ тілінде киш сөзін бұлғын сөзі алмастырған.

19 Құстардың атаулары: шунқар (сұңқар), қыран (қыран), қу (аққу), туты (тоты), қуш (құс), булбул (бұлбұл).

Хауа үзра берүр шунқарға қуны 9 (Көкте қуды сұңқардың жемі етеді). Қылур жан тутысы танларда парваз 440 (Жан тотысы тәндерден сол сәтте ұшып кетеді). Тама´ дамында қалур қуш емас мин 605 (Нәпсінің тұзағында қалатын құс емеспін).

Бұл топтағы қу сөзі түркі тілдерінде мына вариантта кездеседі: қуғу түр., ғуғушу аз., құу түркм., келесі бір тілдерде ақ қуш «лебедь»: аққош башқ., тат., оққуш өзб., аққуш ұйғ., ақкуу ноғ., ақ қуу қарқ., ак куу қырғ., қазақ тілінде аққу болып қалыптасқан. Яғни, қу тұлғасында «ақ» деген сема бар екені зерттеушілер тарапынан анықталған. Қу – ақ, боз мағынасында да жұмсалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет