Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет70/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Булбул атауы араб-парсы тілінен енген. Түркі тілдерінің бірқатарында осы атаумен қатар сандуғаш варианты да қатар қолданылады. Оны мынадан көруге болады: башқ., handuğas, bılbıl; тат., sanduğaç, bılbıl; қаз., бұлбұл, сандуғаш. Ал мына тілдерде тек ғана булбул сөзі қолданылып фонетикалық вариантарымен ерекшелінеді: түрк., bülbül; әзірб., bülbül; түркм., bilbil; қырғ., bulbul; өзб., bulbul; ұйғ., bulbul [43, 88-89 бб.].

Қыран мен тоты сөздері аздаған фонетикалық ерекшеліктерімен барлық түркі тілдерінде кездеседі. Қазіргі қазақ тілінде бұл құс атаулары жалқы есімдер ретінде танылған лексема қатарына жатады.

К.М. Мұсаев «Лексика тюркских языков в сравнительном освещении (западнокипчакская группа)» деген еңбегінде түркі жазба ескерткіштері мен барлық түркі тілдерін негізге ала отырып, жануарлар, жануарлардың дене мүшелері, өсімдіктер, өсімдік бөлшектері, туыстық атаулар, апта күндері, сын есімдер мен етістіктер деген лексикалық-тақырыптық және лексикалық грамматикалық топтарды кешенді түрде зерттейді [72].

20 Түр, түсті білдіретін сөздер: қара (қара), көк (көк), ал (ал қызыл).

Қара топрақдин сүнбүл төратти 13 (Қара топырақтан сүнбіл жаратты). Аның ким ал еңинда мең йаратты 11 (Оның ал қызыл өңінде мең жаратты).

Бұл топтағы сөздердің ішінен қара мен көк сөздері қазақ тілінде беретін мағыналары мен фонетикалық формасы жағынан ерекшеленбейді. Түркі тілдерінде: түрк., kara; әзірб., gara; башқ., kara; қырғ., kara; өзб., kàrä; тат., kara; түркм., gara; ұйғ., kara; қаз., қара.

Ескерткіште көк сөзі аспан деген мағынада қолданылған. Ал сөзі көне түркі жазуларында, қазіргі түркі тілдерінде ашық қызыл деген мағынаны білдіреді. Орыс тіліндегі алый сөзінің түбірі осы түркі тілінің байырғы түбіріне барып тіреледі. Н.К. Дмитриев орыс тіліндегі алый сөзі түркі тілдерінен ауысқан деген пікірді ұстанған. Өзге түркі тілдерде ал сөзі заттың түсін білдіру үшін ал қызыл, қырмызы қызыл арасындағы реңкті байқататын сияқты: түрк., al; әзірб., al; башқ., al; қырғ., kızıl; өзб., kızıl; тат., al; түркм., al; ұйғ., al, kıpkızıl; қаз. ал қызыл [43, 12-13 бб.].

21 Заттар мен құбылыстардың, адамның, жан-жануарлардың сын-сапасын, әртүрлі қасиетін білдіретін сөздер: егү (игі), йаман (жаман), йахшы (жақсы), узун (ұзын), тең (тең), тар (тар) толун (толы), кичик (кіші).

Жеханға егү атыңны йайайын 58 (Жаһанға игі атыңды жаяйын). Кичик йашдин улығларның улуғы 108 (Кішік жастан ұлықтардың ұлығы). Йаман көздин йырақ тутсун сени хақ 180 (Жаман көзден жырақ тұтсын сені хақ). Неча ким түн узун болса таңы бар 274 (Түн қанша ұзақ болса да ататын таңы бар).

22 Абстрактылы ұғымдарды білдіретін сөздер: тила- (тіле-), иштийақы- (сағыныш), менгү (мәңгі), күч (күш).



Күчүм йетмишча көп хидмат қылайын 57 (Күшім жеткенше, көп қызмет қылайын). Айағың ким ки өпса менгү йашар 222 (Аяғыңды кім өпсе, мәңгі жасайды). Қулуңнуң хаддин ашты иштийақы 246 (Құлыңның сағынышы шектен асты).

23 Музыкаға байланысты сөздер: саз (саз), бахарийат (көктемде айтылатын өлең).

Хүсайни пардаси үзра түзүб саз 43 (Хұсайын пернесі саз түзіп). Қыш ортада бахарийат оқуйын 144 (Қыс ішінде көктемгі өлең оқиын).

24 Ас-тағам атаулары: аш (ас).

Ары гүлни арының ашы қылды 19 (Таза гүлді араның асы қылды).

Орта ғасыр ескерткішінде аш (ас) сөзі адам мен түрлі жәндік, жан-жануар үшін бір ғана атау ретінде қолданылғанға ұқсайды. Бұндай атауларды тілдің тарихының қойнауынан кездестіреміз. Көне ғасырда оғул сөзі туылған баланың, жануарлар төлінің, балапанның жалпы атауы болғаны белгілі. Қазіргі қазақ тілінде адамзат үшін ас, тағам, тамақ сөздері, хайуанаттар үшін жемтік сөзі жұмсалады.

25 Сан-мөлшер атаулары: бир (бір), икі (екі), икки (екі), төрт (төрт), алты (алты), йеті (жеті), он (он), он бир (он бір), елли (елу), еллик (елу), йүз (жүз), миң (мың).

Бурун он дедим, он бир болды 590 (Бұрын он деп едім, енді он бір болды); Ики ´аламда дилбар иттихады 488 (Екі дүниеде сүйгенімен кездесу); Йети йүз елли төрт ичра түганди 622 (Жеті жүз елу төртінші жылы жазылып бітті).

Түркі тілдерінде: түрк., bir; әзірб., bir; башқ., bir; қырғ., bir; өзб., bir; тат., bir; түркм., bir; ұйғ., bir; қаз., бір; түрк., dört; әзірб., dörd; башқ., dürt; қырғ., tört; өзб., tört; тат., dürt; түркм., dört; ұйғ., tört; қаз., төрт; түрк., yedi; әзірб., yeddi; башқ., yiti; қырғ., ceti; өзб., yetti; тат., cidi; түркм., yedi; ұйғ., yättä; қаз., жеті; түрк., bin; әзірб., min; башқ., miη; қырғ., miη; өзб., ming; тат., miη; түркм., müη; ұйғ., miη; қаз., мың.

26 Сезім мүшелеріне байланысты сөздер: көрмак (көру), ешит (есту), татмақ (тату, дәмін көру), тутмақ (ұстау).

Сүйүрмин көзни сизни көрмак үчүн 423 (Көзімді сүйермін сізді көрмек үшін). Қылыч тек тил била туттум жеханны 607 (Қылыштай тіліммен ұстадым жаһанды). Ешиттиң ерса Йүсүпниң жамалин 91 (Есітіп пе едің Жүсіптің сұлулығын).

27 Дәмді білдіретін сөздер: татлы (тәтті).

Шакардин татлы сөзли дилрубасын 305 (Шекерден сөзі тәтті сен жан – жүрексің).

28 Заттың көлемі мен аумағын білдіретін сөздер: ағыр (ауыр), қатық (қатты), ұлығ (ұлы), кішік (кіші), узун (ұзын), көп (көп).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет