Тест «Отбасылық тәрбиенің стратегиясы»


Балаңызды сыныптасы ренжітсе, не істейсіз?



бет2/2
Дата29.09.2023
өлшемі43 Kb.
#111586
1   2
Байланысты:
otbasyly-trbien-strategiyasy

Балаңызды сыныптасы ренжітсе, не істейсіз?

А. Ренжимін, баламды сабырлыққа шақыруға тырысамын.
Б. Ренжіткен баланың ата-анасымен сөйлесуге барамын.
В. Балалар өз қарым-қатынастарын өздері шеше алады, оның үстіне олардың ренжулері ұзаққа бармайды.
Г. Мұндай жағдайларда өзін қалай ұстау керектігіне кеңес беремін.



  1. Балаңыздың бейпілауыздығына қалай қарайсыз?

А. Біздің отбасыда, тіпті тәрбиелі адамдар ортасында бұл дұрыс емес екендігін түсіндірүге тырысамын.
Б. Бейпілауыздықты жатырда жатқанда-ақ қойғызу керек! Жазалау мұнда қажетті, ал тәрбиесіз құрбыларымен қарым-қатынастан келешекте сақтандыру керек.
В. Онда тұрған не бар! Біз барлығымыз осы сөздерді білеміз. Оған мән берудің қажеті жоқ.
Г. Бала біздің көңілімізге қонбайтын тәсілмен болса да өз сезімін білдіруге құқылы.



  1. Сіздің жасөспірім балаңыз ата-аналарынсыз достарымен бірге саяжайда дем алғысы келеді. Сіз жіберер ме едіңіз?

А. Жоқ, мұндай жиылыстар жақсылыққа апармайды. Егер балалар дем алғысы келсе, ата-аналарының бақылауында өткізсін.
Б. Мүмкін, егер оның достарының тәртіпті және сенімді екенін білсем.
В. Ол өзі шешім қабылдай алатын саналы адам. Бірақ, әрине, ол болмаған кезде мен қобалжимын.
Г. Тыйм салуға себеп көріп тұрған жоқпын.



  1. Балаңыздың сізге өтірік айтқанын білсеңіз, не істер едіңіз?

А. оның өтірігін әшкерелеп, оны ұялтуға тырысамын.
Б. Егер себебі тым мағыналы болмаса, мән бермеймін.
В. Ренжимін.
Г. Неліктен өтірік айытқандығының мәнісін ашып көруге тырысамын.



  1. Сіз балаңызға лайықты үлгі бола аламын деп ойлайсызба?

А. Әлбетте.
Б. Тырысамын.
В. Үміттенемін.
Г. Білмеймін.


Нәтижелерді өңдеу:



Мінез-құлқы стилі


































1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Беделді

Б

В

В

Г

В

Г

А

Б

Г

Б

Басқыншыл

А

А

Г

В

Б

Б

Б

А

А

А

Либералдық

В

Б

Б

Б

А

А

Г

В

В

В

Индифферентті

Г

Г

А

А

Г

В

В

Г

Б

Г

Тест нәтижелерін интерпретациялау:


Кестені пайдалана отырып, өзіңіз таңдаған жауаптар нұқасын белгілеңіз және ата-ана мінез-құлқының біріне сәйкес келетін типін анықтаңыз.


Жауаптардың бір типінің көбірек болуы отбасыңызда тәрбиенің белгілі бір стилі қалыптасқандығын білдіреді. Егер сіздің жауаптарыңыздың ішінде ешқандай категориядан жауаптар артық болмаса, онда, мүмкін, тәрбиенің қарама-қайшылықты стилі жөнінде әңгіме болады деген сөз, онда нақты принциптердің болмағандығы мен ата-аналардың мінез-құлықтары аяқ асты көңіл-күйіне байланысты болатынын білдіреді.
Балаңызды қандай адам ретінде және өзіңізді ата-ана ретінде қалай көргіңіз келетіндігін түсінуге тырысыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет