Тест Сан есім. Жинақтық сан есім жасайтын жұрнақтарды табыныз



бет1/5
Дата19.05.2023
өлшемі38,42 Kb.
#94830
  1   2   3   4   5
Байланысты:
тест5 класс


Тест Сан есім.
1.Жинақтық сан есім жасайтын жұрнақтарды табыныз. 
A) – ға, -ге.  B) – ып, -іп. C) – ның, -нің. D) – ау, -еу. E) – мен, -пен. 
2.Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын анықтаңыз. 
A) Сан есім. B) Зат есім. C) Сын есім. D) Етістік. E) Үстеу. 
3.Көп нүктенің орына керекті сан есімді жазыңыз. 
... қырлы ..... сырлы. 
А) Екі, бес. B) Төрт, үш. C) Тоғыз, алты. D) Сегіз, бір. E) Он, жеті. 
4.Жұрнақ дұрыс жалғанған жинақтық сан есімді табыңыз. 
A) Оннау. B) Бесеу. C) Тоғызау. D) Сегізау. E) Он бесеу.
5.Реттік сан есімді белгілеңіз. 
A) Жүз. B) Тоғызыншы. C) Бесеу. D) Отыздаған. E) Үштен бір.
6.Топтау сан есімді белгілеңіз. 
A) Бес жарым. B) Жүзден. C) Үш. D) Екінші. E) Елулеп.
7.Реттік сан есімді белгілеңіз. 
A) Он бүтін жүз елу бір. B) Тоқсандай. C) Жүз жиырма. D) Екі-екіден E) Жүз отыз бесінші. 
8.«Жетеу» -сан есім қай түріне жататынын анықтаңыз. 
A) Реттік. B) Топтау. C) Есептік. D) Бөлшектік. E) Жинақтық. 
9.Бөлшектік сан есімді белгілеңіз. 
A) Екі бүтін оннан бес. B) Үшеу-үшеуден. C) Жүз шамалы. D) Жүздеген. E) Тоғыз жүз бір. 
10.Топтау сан есімді табыңыз. 
A) Екі мың. B) Он-оннан. C) Тоқсан бес. D) Бір мың тоғыз жуз. E) Екі бүтін оннан бес. 
11.Есептік сан есімді табыныз. 
A) 8-сынып. B) Алтау. C) Қырық. D) Он шақты. E) Екеуден. 
12.Есептік сан есімді табыныз. 
А) Бес. B) Алтау.C) Сегізінші. D) Он тоғызыншы. E) Жетеу. 
13.Реттік сан есімнің жұрнағынтабыңыз. 
А) –ау, -еу. В) –тан, -тен. С) –ыншы, -інші. D) –шы, -ші. Е) –лау, -леу.
14.Күрделі сан есімді тіркесті табыңыз. 
А) Үш қала. В) Тоғыз қозы. 
С) Үш жүз қорық. D) Бес көлік. Е) Үш шақ. 
15.Дара сан есімі бар сөйлемді табыңыз. 
А) Есіл өзенінің ұзындығы екі мың төрт жүз елу шақырым. 
В) Балқашта балықтың он екі түрі бар. 
С) Барсакелмес қорығы 1939 жылы ашылған. 
D) Бурабайдың жағасында он бес демалатын орын бар. 
Е) Біздің қаламызда төрт ескерткіш бар. 
16.«Бүтін, жарым» сөздері сан есімнің қай түрінде болатынын анықтаңыз. 
А)Есептік сан есім. В)Реттік сан есім. С)Жинақтық сан есім. DБөлшектік сан есім. Е)Болжалдық сан есім. 
17.Жинақтық сан есімдер санын анықтаңыз. 
А) Он бес. В) Жеті. С) Он бір. D) Алты. Е) Бес. 
18.Бөлшектік сан есімді табыңыз. 
А) Он екі. В) Екі. С) Төрттен бір. D) Төртінші. Е) Біреу. 
19.Бөлшектік сан есімі бар сөз тіркесін табыңыз. 
А)Алтыншы сынып. В)Он екі ай. С)Жиырма төрт сағат. D)Екі бүтін оннан бес пайыз. Е)Досым жетеу. 
20.Жинақтық сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз. 
А) Жері байдың- елі бай. В) Сулы жер құрақсыз болмас. С) Қоян көлеңкесінен қорқады. 
D) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Е) Құс жеткен жеріне қонады. 
21.Күрделі сан есімі бар сөйлемді табыңыз. 
А) Қазақстанда тоғыз мемлекеттік қорық бар. 
В) Қазақстанда жеті ұлттық табиғи саябақ бар. 
С) Қазақстанда екі табиғи резерват бар. 
D) Қазақстанда елу жеті мемлекеттік қорық бар. 
Е) Қазақстанда төрт республикалық мәні бар қорық бар. 

22.Реттік сан есімі бар сөйлемді табыңыз. 


А) Қазақстаннан 50 жеке полк батальоны соғысқа қатысты. 
В) Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталды. 
С) Қазақстаннан 12 атқыштар дивизиясы соғысқа қатысты. 
D) Қазақстаннан 4 атты әскер дивизиясы қатысты. 
Е) Қазақстаннан 7 атқыштар дивизиясы соғысқа қатысты. 

23.Сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз. 


А) Әке - балаға сыншы. В) Жігітке жеті өнер де аз. С) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. 
D) Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.  Е) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 

24.Сан есімді табыңыз. 


А) Барлық. 
В) Ешқашан. 
С) Қазына. 
D) Қырық. 
Е) Қолайлы. 

25.Сан есімі бар мақал-мәтелді


табыңыз. 
А) Туған жерге туың тік. 
В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес. 
С) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. 
D) Отансыз адам- ормансыз бұлбұл. 
Е) Татулық табылмас бақыт. 

26.Сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз. 


А) Досыңа достық - қарыз іс. 
В) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді. 
С) Ынтымақ түбі - береке. 
D) Отанды сүю отбасынан басталады. 
Е) Туған жерге туың тік. 

27.Мақал-мәтелдегі сан есімнің түрін анықтаңыз. 


Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. 
А) Есептік сан есім. В) Реттік сан есім. С) Жинақтық сан есім. D) Бөлшектік сан есім. Е) Болжалдық сан есім. 

28.Жұмбақтың шешуін табыңыз. 


Қырық екі аты бар, танысаңдар - айтыңдар. 
А) Карта. 
В) Әліпби. 
С) Дыбыс. 
D) Мектеп. 
Е) Кітап. 

29.«9, 5, 3, 7» сан есімдерінің дұрыс жазылуын көрсетіңіз. 


А) Тоғыз, бесінші, уш, жетті. В) Тогыз, бес, үшінші, жети. С) Тоғыз, бес, үш, жеті. 
D) Тогыс, бес, іш, жеті. Е) Тогыз, бес, ұш, жеті. 

30.Сөйлемдегі сан есімді табыңыз. 


Қазақ тілі үйірмесіне сағат төртте барамын. 
А) Қазақ тілі. В) Үйірмесіне. С) Сағат. D) Төртте. Е) Барамын. 

1.D
2.А


3. D
4. В
5. В
6. В
7.Е
8:Е
9. А
10. В
11. С
12. А
13. С
14. С
15.: Е
16. D
17. В
18. С
19.: D
20. D
21. D
22.В
23. В
24.: D
25. В
26. В
27. С
28. В
29 С
30. D





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет