2 тапсырма. Жалаң сөйлемді табыңыз. А) Ызғарлы жел өршелене түсті.
В) Жел өршелене түсті.
С) Теңіздің толқыны кешке таман күшейді.
Дұрыс жауап
3 тапсырма. Жайылма сөйлемді белгілеңіз. А) Толқын күшейді.
В) Жас балалар оқуға тегіс тартылды.
С) Күн шықты.
Дұрыс жауап
4 тапсырма. Қате мәлімдемені көрсетіңіз. А) Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз.
В) Тұрлаусыз мүшелер өздігінен сөйлем құрай алады.
С) Толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
1.6. Күрделі сөйлемдерді синтаксистік талдау Бақылатын элемент коды 1.6.3. Күрделі сөйлемдерді синтаксистік талдау, толымды, толымсыз сөйлемдер, сөйлем мүшелері, бастауыш, баяндауыш, сөйлем түрлері.
1 тапсырма.Толымды сөйлемді анықтаңыз. А) Ардақ ешуақытта мұндай қуанған емес. В) Күнбатысқа қарады, ауылға көз салды. С) Жоғары қарады.
Дұрыс жауап 2 тапсырма.Құрмалас сөйлем А) Әйгерім үй тапсырмасын орындады. В) Асқар әжесіне хат жазды. С) Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
Дұрыс жауап
3 тапсырма.Синтаксистік талдау кезінде сөйлемнің қай мүшелерінің астын сызу керек?
А) тұрлаулы В) тұрлаусыз С) тұрлаулы және тұрлаусыз