Тест тапсырмалары
1.Қай ғасырда Ресей Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастады?
а) XX ғасырдың басы;
ә) XIX ғасыр;
б) XVIII ғасыр;
в) XVII ғасыр.
2. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі себебі неде?
а) патша өкіметінің отарлык саясатының күшеюі;
ә) өкімшілік реформаның күшпен енгізілуі;
б) мал санының күрт төмендеуі;
в) қазақтардың майдан жұмысына алынуы.
3. "Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемагға айналды" деп айтқан қазақтың көрнекті қайраткері:
а) Т.Рысқұлов;
ә) М.Дулатұлы;
б) С.Сейфуллин;
в) А.Байтұрсынұлы.
4. Дүниежузілік соғыс ауыртпалығына байланысты Верный уезінде қашан толқу болды?
а) 1916 жылғы маусым;
ә) 1914 жылғы ақпан;
б) 1916 жылғы қаңтар;
в) 1916 жылғы наурыз.
5.1916 жылғы көтерілістің басталуына қандай оқиға түрткі болды?
а) соғыстың ауыртпалығы;
ә) патшаның маусым Жарлығы;
б) революцияның әсері;
в) қоныстандырылу саясаты.
6.1916 жылға қарай патша өкіметі қазақтардың канша гектар жерін тартып алды?
а) 17 млнга;
ә) 30 млн га;
б) 32 млн га;
в) 40 млн га.
7. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығында қазақтарға қатысты не айтылды?
а) қазақтардан майданға ұлттық әскери бөлімдер құру туралы;
ә) майдан кажетіне байланысты қазақтардың салықты көп төлеуі туралы;
б) майданның қара жұмысына қазақтардан адам алынатындығы туралы;
в) қазақтарды христиан дініне кіргізу туралы.
8.Жарлыққа сәйкес патша үкіметі қандай тактика қолданды?
а) халық арасында үгіт жүргізу;
ә) "бөліп ал да билей бер";
б) жергілікті байлармен ымыраласу;
в) кедейлерді күштеп әскерге алу.
9. Патша жарлығына сәйкес Түркістан мен Дала өлкесінен қанша адам алу көзделді?
а) 100 000;
ә) 200 000;
б) 500 000;
в) 1000 000.
10.1916 жылғы козғалыс Қазақстанның қай жерінде болды?
а) Торғай, Жетісу;
ә) Орал, Торғай, Семей;
б) Торғай, Семей, Жетісу;
в) Қазақстанды түгел қамтыды.
11.1916 жылғы қозғалыс қай облыста белсенді түрде және ұзақ болды?
а) Сырдария;
ә) Семейде;
б) Торғайда;
в) Оралда.
12. Кетеріліске шықкан халық бірінші кезекте нені жүзеге асырды?
а) отарлауға дейінгі басқару жүйесін қалпына келтірді;
ә) тізімдерді өртеді;
б) патша өкілдерін өлтірді;
в) патша өкіметімен келісімге келуге тырысты.
13. Ұлт-азаттық қозғалыстың козғаушы күші кімдер болды?
а) қазақ зиялылары;
ә) қазақ жұмысшылары мен қолөнершілері;
б) кедейлер мен шаруалар;
в) хан тұқымдары мен байлар.
14. Б.Әшекеев қай облыста көтерілістің жетекшісі болды?
а) Торғайдағы;
ә) Семейдегі;
б) Сырдариядағы;
в) Жетісудағы.
15.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Торғай уезіндегі басшысы кім?
а) А.Иманов;
ә) Б.Әшекеев;
б) Т.Бокин;
в) С.Сейфуллин.
16.Қазақ көтерілісшілеріне көмек көрсетуге байланысты өткен қазақ-қырғыз сьезі қашан, қай жерде болды?
а) 1916 жылғы 8 тамыз — Ақсу жайлауы;
ә) 1916 жылғы 16 тамыз — Орынбор;
б) 1916 жылғы 16 тамыз — Әулиеата;
в) 1916 жылғы 8 тамыз — Верный.
17.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс сипаты жағынан қандай болды?
а) патша өкіметінің саясатына қарсы шықты;
ә) ұлттық алауыздыққа қарсы;
б) империализмге, отаршылдыққа қарсы;
в) дүниежүзілік соғысқа қарсы.
18. Патша өкіметі қара жұмысқа қанша жас аралығында алуға тиіс болды?
а) 23-49;
ә) 19-43;
б) 18—45;
в) 19—40.
19. Көтерілістің жеңілуінің басты себептері неде?
а) бытыраңқылығы, ұйымшылдығының жеткіліксіздігі;
ә) ауызбірліктің жоқтығы, басшылардың сатқындығы;
б) патша әскерінің күштілігі, көтерілісшілердің әлсіздігі;
в) осы айтылғандардың бәрі.
20.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы қандай?
а) ұлт-азаттық қозғалыска ұласты;
ә) ұлттық сана-сезімі өсті;
б) мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтірді;
в) социалистік революцияға ұласты.
21. Патша монархиясы қашан құлатылды?
а) 1917 жылғы 25 ақпан;
ә) 1917 жылғы 27 ақпан;
б) 1917 жылғы 25 қазан;
в) 1917 жылғы 21 қараша.
22. Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясы сипаты жағынан қандай болды?
а) социалистік;
ә) демократиялық;
б) буржуазиялық;
в) буржуазиялық-демократиялық.
23. 1917 жылғы наурыз айында қай қалада жұмысшы және солдат Депутаттарының Кеңесі құрылды?
а) Өскеменде;
ә) Верныйда;
б) Орынборда
в) Пішпекте.
24. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы комиссарларынан кімді білесіңдер?
а) М.Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы;
ә) Ә.Жангелдин, Т.Бокин;
б) Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев;
в) С.Сейфуллин. С.Меңдешев.
25. 1917 жылдың көктемінде Торгай облысында қандай ерекше жағдай сақталып қалған еді?
а) көтерілістер болып жаткан;
ә) қос өкімет өзара қырқысуда болган;
б) ескі үкіметтің жазалаушы отрядтары әлі ойран салып жүрген;
в) ұлтаралық, шиеленіс болып жатқан.
26. 1917 жылғы шілдеде тыл жұмысынан қайтқандар қай қалада "Қара жұмысшылар одағын" құрды?
а) Акмолада;
ә) Сергиопольде;
б) Верныйда;
в) Оралда.
27. Ақпан революциясынан кейін 7 облыстан және Ордадан делегаттар қатысқан жалпы қазақ съезі қашан, қай қалада болды?
а) 1917 жылғы 20—25 наурыз — Семейде;
ә) 1917 жылғы 21—26 шілде — Орынборда;
б) 1917 жылғы 1—6 тамыз — Оралда;
в) 1917 жылғы 19—24 қараша — Торғайда.
28. Мұсылмандардын Бүкілресейлік 1 съезі қашан болды?
а) 1917 жылғы мамыр;
ә) 1917 жылғы шілде;
б) 1917 жылғы ақпан;
в) 1917 жылғы наурыз.
29. Тұңғыш мұсылман партиясы — Түркістан Федералистер партиясы қашан құрылды?
а) 1917 жылгы қыркүйек;
ә) 1917 жылғы сәуір;
б) 1918 жылгы ақпан;
в) 1917 жылғы тамыз.
30.1917 жылы Акмолада қандай жастар ұйымы құрылды?
а) "Жас қазақ";
ә) "Қазақ жастарының революциялык ұйымы";
б) "Қазақ мұсылмандар ұйымы";
в) "Жас алаш".
31.Кадеттер Ақпан революциясынан кейін Семейде қандай газет шығарды?
а)"Свободная речь";
ә) "Правда";
б) "Искра";
в) "Эхо революции".
32. Қос өкіметке қандай үкіметтер енді?
а) Пролетариат диктатурасы мен Уақытша үкімет;
ә) Пролетариат диктатурасы мен жұмысшы, солдат депутаттарының съезі;
б) Монархиялық үкімет пен уақытша үкімет;
в) Уақытша үкімет пен жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі.
33. "Алаш" партиясы қай жылы құрылды?
а) 1903 жылы;
ә) 1905 жылы;
б) 1916 жылы;
в) .
34.1917 жылдың жазына қарай эсерлер партиясының жергілікті ұйымдарының Кеңестерде рөлінің өсуіне не себеп болды?
а) мұсылман партияларымен одақ құруы;
ө) патша өкіметінің отарлау саясатын айыптауы;
б) ұйымда ұлт өкілдерінің көп болуы;
в) көтеріліске шақыруы.
35. Ресейдегі кадет партиясы Ортальщ Комитетінің мүшесі болған қазақ:
а) Х.Досмұхамедов;
ә) Ә.Бөкейханов;
б) Ж.Ақбаев;
в) А.Ермеков.
36.1917 жылғы қыркүйек айында Орынбордағы жалпы қазақ съезі туралы материал жариялаған газет.
а) "Свободная речь";
ә) "Қазақ";
б) "Татар үні";
в) "Дала дауысы".
37. 1905 — 1906 жж. I Думаға депутат болып сайланған "Алаш" партиясының негізін қалаушылардың бірі:
а) С.Асфендияров;
ә) Т.Рысқүлов;
б) С.Қожанов;
в) Ә.Бекейханов.
38. "Оян, қазақ" атты саяси памфлеттің авторы кім?
а) М.Дулатұлы;
ә) Ә.Бөкейханұлы;
б) Ж.Аймауытов
в) М.Сералин
39. «Мұсылмандар одағы» партиясы қашан кұрылды?
а) 1917 жылғы 17—20 қыркүйек;
ә) 1917 жылгы 20—25 қазан;
б) 1918 жылғы 6—11 сәуір;
в) 1918 ғ7—12 мамыр.
40.1917 жылғы 7 наурызда жұмысшы және солдат депутаттары Петроград кеңесі мен Мемлекеттік Дума мүшелерінін бірлескен мәжілісінде сөз сөйлеген қазақ, мемлекет кайраткері:
а) Т.Рыскұлов;
ә) О.Жандосов;
б) Ә.Жангелдин;
в) Ә.Бөкейханов.
41. Кеңес өкіметінің Жер және бітім декреттерімен қатар қандай саясат жариялауы төңкерістің бүкіл ел көлемінде тез арада жеңіске жетуінде шешуші рөл аткарды?
а) ұлт саясаты;
ә) экономикалық саясаты;
б) әлеуметтік саясаты;
в) әскери коммунизм саясаты.
42. Әулиеата, Перовск, Черняев, Қазалы, Орал, Атырау, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Верный, Акмола гарнизондары большевиктер жағына қашан шықты?
а) 1917 жылғы қараша;
ә) 1917 жылғы қазан;
б) 1917 жылғы желтоксан;
в) 1918 жылғы қаңтар.
43.1918 жылғы маусымда Орынборда контрреволюциялык теңкеріс жасап, өкімет билігін қазақтардың әүкіметінің қолына көшірген кім?
а) Колчак;
ә) Анненков;
б) Дутов;
в) Деникин.
44. Түркістан Халык Комиссарлары Кеңесі қашан орнады?
а) 1917 жылғы 21—22 қазан;
ә) 1917 жылғы 17—22 қараша;
б) 1917 жылғы 15—22 қараша;
в) 1917 жылғы 17—22 желтоқсан.
45. Қазақстанда Кеңес өкіметі ең бірінші қай қалада орнады?
а) Верныйда;
ә) Перовскіде;
б) Черняевте
в) Қазалыда.
46. IV Бүкіл түркістандық төтенше съездің шешімімен қандай мемлекет құрылды?
а) Алашорда;
ә) Бұхар Республикасы;
б) Түркістан автономиясы;
в) Қазақ Республикасы.
47. Түркістан автономиясының тұңғыш Төрағасы әрі ішкі істер министрі кім болды?
а) М.Тынышбаев;
ә) М.Шоқай;
б) А.Байтұрсынұлы;
в) Ә.Бөкейханов.
48. Алашорда үкіметінің алғашкы төрағасы кім?
а) М.Шоқай;
ә) М.Тынышбаев;
б) Ә.Бөкейханов;
в) А.Байтүрсынұлы.
49. "Алаш" партиясының бағдарламасының жобасы қай газетке жариялаңды?
а) "Айқап";
ә) "Свободная речь";
б) Қазақ";
в)"Правда".
Достарыңызбен бөлісу: |