Тесты для вступительного экзамена 6 курс воп каз


Амбулаторлы-емханалық жағдайдағы ересектердегі жұқпалы аурулар



бет11/17
Дата10.06.2023
өлшемі465 Kb.
#100387
түріТесты
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Тесты-6-курс-ВОП-каз

Амбулаторлы-емханалық жағдайдағы ересектердегі жұқпалы аурулар

481. Аурудың екінші күнінде науқаста айқын менингиальды симптомокомплекстің көрінуі, жұлын сұйықтықында цитоз-8000 (нейтрофил-95%), белок -1,1 г/л, жұғындыда-диплококк, жасуша ішінде орналасқан. Қандай диагноз болуы мүмкін?


1.Туберкулезді менингит
2.Менингококкты менингит
3.Субарахноидальды қан құйылу
4.Энтеровирусты менингит
5.Кене энцефалиті

482. Науқас К., 28 жаста. Шағымдары: жүрек айну, құсу, эпигастрии аймағындағы дискомфорт, жалпы әлсіздік, тәбеттің жоқ . Ауырғанына 5-ші күн, дене температурасы 39°С, ауру белгілері жоғарыда көрсетілген. Қаралған күні таңертең тоқтаусыз құсу болған. Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза. Склерасы субиктериялық. Тілі ақ өңезбен жабылған, ылғалды. Іші жұмсақ, терең пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсынады. Бауыр қабырға доғасы шекарасында пальпацияланады, консистенциясы эластикалық. Зәрдің түсі қара. Төменде аталғандардың қайсысы анықтаудағы келесі қадам болады?


1.Қандағы амилаза құрамын анықтау
2.Қандағы қант мөлшерін анықтау
3.Қандағы АЛТ мөлшерін анықтау
4.Қандағы креатинин мөлшерін анықтау
5.Қандағы холестерин мөлшерін анықтау

483. Науқас К., 32 жаста. Ауырғанның 5-ші күні . Шағымы бас ауыруы , сол жақ аяғы қатты ауырғандықтан баса алмайды. Қалтырау, әлсіздік, дене температурасы 38°С дейін көтерілуі байқалады. Сосын сол жақ балтыр мен табан аймағында күйдіру мен ауырсыну болған. Табанда көпіршіктер, терінің гиперемиясы байқалған. Эпид.анамнезі: ауырғанға дейін екі күн алдын сол жақ аяғының ұшын жарақаттаған. Объективті: жағдайы орташа қанағаттанарлық, дене температурасы 37,9°С, сол балтыры ісінген, теріде анық жиектерімен айқын гиперемия. Табанының сырт жағында, балтырдың алдыңғы беткейінде – серозды сұйықтығы бар бірен саран көпіршіктер. Қан анализі: лейкоцитоз. Дәрігердің келесі тактикасы?


1.Көпіршікті ашу және мазьді таңғыш салу
2.Пенициллин қатарындағы антибиотикті тағайындау
3.Дезинтоксикациялық терапия
4.КІ электрофоррез
5.Левомецитин қатарындағы антибиотикті тағайындау

484. Науқаста жоғарғы тыныс жолдарының айқын катары, гранулезды фарингит, көздің шырышты қабығының зақымдануы (фолликулярлы конъюнктивит), ұзақ қызба, бас ауруы, температуралық реакция 1-2 апта бойы толқымалы, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бауыр және көкбауыр үлкеюі байқалған. Төменде көрсетілген аденовирусты инфекцияның клиникалық формасына жоғарыда аталған көрініс сәйкес келеді?


1.Тонзиллофарингит
2.Мезентериальды лимфаденит
3.Пневмония
4.Жоғары тыныс жолдарының катары
5.Фарингоконъюнктивальды қызба

485. Науқас Н., 42 жаста. Ауырғаннан 15 сағаттан кейін ауыр жағдайда клиникаға түсті. Ауру қайталамалы құсу, жиі сулы көп мөлшерлі нәжіс, бүкіл іш бөлігіндегі ауырсыну, дене температурасы 38,5°С. Түскен кезде әлсіздікке, бас айналуына, аяқ-қолдың қалтырауына шағымданған. Объективті: температура 35,2°С, дене терісінің бозаруы, акроцианоз. Тері тургоры төмен. Жүдеген. Даусы қырылдаған. Шырышты қабықтар құрғақ, тіл ақ өңезбен қапталған. Іш кепкен, шұрылдар, эпигастрии және жіңішке ішек аймағында сезімтал. Төменде аталған емдердің қайсысын ертерек тағайындағанда науқастың қазіргі жағдайының алдын алар еді?


1.Регидратационды терапия
2.Антибактериальды терапия
3.Адсорбент тағайындау
4.Пребиотик тағайындау
5.Дегидратационды терапия




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет