Тесты по кардиологии для студентов 4 курса по специальности «общая медицина»



Дата21.12.2023
өлшемі85,74 Kb.
#141905
түріТесты
Байланысты:
4-курс-тесты-экзамен-кардио-каз-2010-2011-СТУД


ТЕСТЫ ПО КАРДИОЛОГИИ ДЛЯ СТУДЕНТОВ 4 КУРСА ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ «ОБЩАЯ МЕДИЦИНА» 2010-2011 УЧ.ГОД


1. Бес жасқа дейінгі баладағы миокардиттің жиі қоздырғышы:
а) вирустар
б) пневмококктар
в) стафилококктар
г) кандидалар
д) ішек таяқшасы

2. Бес жастан үлкен баладағы миокардиттің жиі қоздырғышы:


а) вирустар
б) бактериялар
в) клебсиеллалар
г) кандидалар
д) ішек таяқшасы


3. Жедел миокардит диагнозының үлкен критерийлеріне жатады:
а) жүрек аймағындағы ауру сезімі
б) жүрек үндерінің тұйықталуы
в) дөрекі систолалық шу
г) жүрек көлемінің үлкеюі, қуыстары кеңеюі
д) жүрек ұшындағы функционалды шу

4. БІРЕУІНЕН басқасының бәрі миокардиттің негізгі белгілер:


а) систолалық дөрекі шу
б) жүрек үндерінің тұйықталуы
в) жүрек ырғағының бұзылысы
г) жүрек қуыстарының кеңеюі
д) жүрек тұсының ауыру сезімі

5. Миокардитте жүрек шекарасы кеңейеді:


а) жоғарыға
б) кеңеймейді
в) солға
г) оңға
д) оңға және солға

6. Миокардитке жүректегі мынандай өзгеріс тән:


а) систолодиастолалық шу
б) жүрек ұшында І тон күшеюі
в) жүрек тондарының қатты естілуі
г) жүрек тондарының тұйықталуы
д) дөрекі систолалық шу


7. Миокардит диагнозы үшін ең керекті аспаптық тексеру:
а) ЭКГ
б) ЭхоКГ
в) реография
г) ФКГ
д) жүрек тамырларының ангиографиясы

8. Рентгенологиялық тексеруде миокардитке мынандай өзгеріс тән:


а) жүрек көлемінің ұлғаюы
б) аорта шығаберісінің тарылуы
в) жүректе өзгерістер болмауы
г) жүрек жиырылу қабілетінің күшеюі
д) өкпе артериясы доғасының үлкеюі

9. Біреуінен басқасының бәрі миокардиттің бітуіне не асқынуларына жатады:


а) кардиосклероз
б) миокард гипертрофиясы
в) жүрек ырғағының бұзылысы
г) тромбоэмболия
д) интеллектің төмендеуі

10. Миокардиттегі науқастың қан сынағындағы бағалы көрсеткіш:


а) креатинфосфокиназа
б) антистрептолизин-О титрі
в) тимол, сиал сынамалары
г) антистрептокиназа титрі
д) жалпы белок және оның фракциялары

11. Миокардитте науқастың қан сынағындағы бағалы көрсеткіш:


а) антигиалуронидаза титрі
б) антистрептолизин-О титрі
в) тимол, сиал сынамалары
г) антистрептокиназа титрі
д) жалпы белок және холестерин

12. Жедел миокардиттің тиімді емі болып саналатын дәрілік заттар:


а) диуретиктер
б) антибиотиктер
в) цитостатиктер
г) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
д) вирусқа қарсы дәрілік заттар

13. Жедел миокардит емінің құрамына кіретін мына дәрілер:


а) бруфен, преднизолон, L-карнитин
б) пенициллин, курантил, метатрексат
в) макропен, коргликон, АТФ
г) строфантин, фуросемид, рибоксин
д) циклофосфан, эссенциале, супрастин

14. Ревматизм этиологиясында маңызды орны бар:


а) стафилококктар артынтүсті
б) энтерококктар
в) аденовирус
г) А грипп вирусы
д) стрептококктар гемолитикалық

15. Ревматикалық қызбадағы миокардит мынаумен қатар жүруі мүмкін:


а) увеитпен
б) дерматитпен
в) перитонитпен
г) полиартритпен
д) полиневритпен

16. Біреуінен басқа лабораториялық көрсеткіштердің бәрі ревматикалық қызбаға тән:


а) лейкоцитоз
б) сиал сынамасының жоғарылауы
в)оң,СРБ
г) ЭТЖ жоғарылауы
д) лейкопения

17. Ревматизм қызбасының белсенді фазасының емінде пайдаланылады:


а) ровамицин,супрастин
б) делагил, пенициллин
в) вольтарен,преднизолон
г) плаквенил,аспирин
д) пенициллин,делагил

18. Ревматикалық қызбада орталық нерв жүйесі зақымдалуы:


а) парастезиямен білінеді
б) спазмофилиямен
в) эклампсиямен
г) кіші хореямен
д) тырысумен

19 . Ревматизм қызбасына тән терідеғі көріністер:


а) анулярлы эритема
б) акроцианоз
в) сарғаю
г) ұсақ нүктелі бөртпе
д) везикулярлы бөртпе

20. Балалардағы ревматикалық хорея:


а) қызбамен көрінеді
б) ларингоспазммен
в) тырысумен
г) гипертонуспен
д) гиперкинездермен

21. Ревматикалық полиартрит мына буындардың қабынуымен көрінеді:


а) омыртқа бағаны бел бөлімінің
б) аяқ қолдың ұсақ буындарының
в) аяқ қолдың ірі буындарының
г) қабырға төс буындарының
д) омыртқаның бағаны мойын бөлімінің

22. Ревматизм қандай инфекциядан соң дамиды:


а) грипп вирусы
б) стрептококкты
в) аденовирусты
г) стафилококкты
д) пневмококкты
23. Кіші хореядағы бас миындағы патоморфологиялық өзгерістер қайда болады:
а) үлкен жарты шарлар қыртысында
б) мишықта
в) базиллярлы бөлімде
г) стриопаллидарлы жүйеде
д) офтальм төмпешігінде

24. Ревматикалық қызбаның негізгі критерийіне жатады:


а) кардит
б) артралгия
в) полиартрит
г) тахикардия
д) лихорадка
25. Ревматикалық қызбаның негізгі критерийіне жатады:
а) лихорадка
б) экстрасистолия
в) анулярлы бөртпе
г) артралгия
д) хорея
26. Ревматикалық қызбаның үлкен критерийіне біреуінен басқасының бәрі жатады:
а) хорея
б) стрептококкті ангинадан соң
в) полиартрит
г) артралгия
д) кардит
27. Ревматикалық қызбаның кіші критерийіне біреуінен басқасының бәрі жатады:
а) іш ауырсынуы
б) субфебрилитет
в) АСЛ-О жоғары титрі
г) артралгиялар
д) мұрын қанауы, тері астындағы көгерулер


28. Ревматикалық қызба қанның лабораториялық көрсеткіштермен сипатталады:
а) гипопротеинемия, гиперхолестеринемиямен
б) лейкопения, тромбоцитопениямен
в) моноцитозбен, лимфоцитозбен
г) ретикулоцитоз, анемиямен
д) жоғары ЭТЖ, лейкоцитозбен
29. ДДҰ талабына сай ревматизм диагнозын қоюда қанның міндетті тексеруі:
а) сиал сынамасы
б) антистрептолизин-О титрі
в) лактатдегидрагеназа
г) тимол сынамасы
д) жалпы белок және холестерин


30. Аталғандардың біреуінен басқасы митральдық стенозға тән:
а) жүрек ұшында I тон күшеюі
б) диастолалық шу пресистолалық күшеюмен
в) өкпе артериясында II тон акценті
г) митральды қақпақшаның ашылу тырсылы
д) жүрек ұшында систолалық шу


31. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігіне тән:
а) «каротидтер биі», пульс қысымының үлкеюі
б) «мысық пырылы» , I тон күшеюі
в) «ат шоқырағының ырғағы», экстрасистолия
г) систолалық шу
д) диастолалық қысымның жоғарылауы

32. Белсенділігі І дәрежедегі ревматизмді емдеуде қолданылады:


а) диклофенак, делагил
б) преднизолон, метатрексат
в) амикацин, коргликон
г) делагил, ампициллин
д) циклофосфан, рибоксин

33. Балалардағы ревматикалық қызбаның базисті еміне жатады:


а) делагил+ампициллин
б) циклофосфамид+преднизолон
в) вольтарен+преднизолон
г) моноприл+гентамицин
д) фуросемид+ортофен

34.Митральды стенозға тән емес белгі:


а) жүрек ұшында I тон күшеюі
б) диастолалық шу пресистолалық күшеюмен
в) өкпе артериясында II тон акценті
г) систолалық шу
д) жүрек көлемінің ұлғаюы

35.Біреуінен басқаның бәрі қайталамалы ревматикалық қызбаның белгісі:


а) субфебрилитет
б) арнайы гипертензия
в) буындық синдром
г) жүрек шекарасының кеңеюі
д) жүректе жаңа шулардың пайда болуы

36. Ревматикалық эндокардитке тән белгілер:


а) жүрек көлеменің үлкеюі
б) I – тонның жүрек ұшында акценті
в) экстрасистолия
г) жүректе ІІІ-тон естілуі
д) дөрекі систолалық шу

37. Ревматизм классификациясында біреуінен басқасы түгел бар:


а) ауру дың кезеңдері
б) ауру дың ағымы
в) буын функциясын бағалау
г) жүректің бұзылыстарының клиника-анатомиялық көріністері
д) қан айналым жағдайы

39. Жүйелі қызыл ноқта диагнозын қоюда маңызды:


а) А,М иммуноглобулиндерінің жоғарылауыі
б) LЕ клеткалары,антинуклеарлық фактор
в) оң ревматоидтық фактор
г) оң СРБ, сиал сынамасының жоғарылауы
д) нейтрофиллезбен лейкопения


40. Люпус- нефритке тән емес вариант:
а) жекеленген зәрлік синдром
б) нефротикалық синдром
в) жылдам үдемелі нефрит
г) аралас түрлері
д) нефриттік синдром


41. Жүйелі қызыл ноқта диагностикалық критерийлеріне кіреді:
а) анкилоздар, бүгілу контрактура
б) буындардын ертеңгілік құрысуы, артриттер
в) нефрит, артрит, дискоидты бөртпе
г) папулезды бөртпе, бұлшық ет атрофиясы
д) Рейно феномені, миозиттер


42. Көрсетілген симптомдардың біреуінен басқасының бәрі Люпус-пневмонитке тән:
а) құрғақ жөтел
б) ентігу,
в) кеудедегі ауыру сезімі
г) ылғалды жөтел
д) демді алу әлсіздігі

43. Жүйелі қызыл ноқтаның диагнозын иммунологиялық дәлелдеу үшін қажетті:


а) анти-Sm-антиденелер жоғарылауы
б) СРБ жоғарылауы
в) антистрептолизина О жоғарылауы
г) ЦИК төменгі дәрежесі
д) комплемент компонентінің жоғарғы мөлшері
44. Жүйелі қызыл ноқта диагнозын дәлелдеу үшін анықтау керек:
а) комплемент мөлшерінің жоғарылауы
б) антинуклеарлық фактор
в) антистрептолизина О мөлшерінің жоғарылауы
г) VIII фактора мөлшерінің төмендеуі
д) ревматоид факторы


45. 3-жасқа дейінгі балаларда қанайналысы жетіспеушілігіне себеп болатын аурулардың біреуінен басқасының бәрі дұрыс:
а) аорта коарктациясы
б) ҚАПА
в) фиброэластоз
г) пароксизмальды тахикардия
д) ревматикалық қызба


46.Калий сақтайтын диуретик болып табылады:
а) верошпирон
б) гипотиазид
в) фуросемид
г) диакарб
д) маннит


47. Сол қарыншалық жетіспеушілік сипатталады:
а) өкпедегі құрғақ сырылдармен
б) артериялық қысым жоғарылауымен
в) бауыр, көкбауыр ұлғаюымен
г) ентігумен, өкпедегі ылғалды сырылдармен
д) асцитпен, аяқ ісінуімен


48. Оң қарыншалық жетіспеушілік сипатталады:
а) мойын веналарының пульсациясымен, бауыр ұлғаюымен
б) өкпедегі құрғақ сырылдармен
в) өкпедегі ылғалды сырылдармен
г) аритмиямен, жүрек тондарының күшеюімен
д) артериялық қысым жоғарылауымен,


49. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің экстракардиальды себебі болатын аурулар:
а) ТЖА
б) өкпе созылмалы аурулары
в) жүре пайда болған жүрек ақауы
г) кардит
д) перикардит


50. Жүрек жетіспеушілігінің кардиальды белгілеріне жатады:
а) өкпенің созылмалы аурулары
б) бронх демікпесі
в) созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
г) туа, жүре пайда болған жүрек ақаулары
д) бауыр цирррозы

51. ЮРА, буынды-висцеральды вариантының синдромы:


а) Брутон
б) Стилл
в) Шенлейн-Генох,
г) Марфан
д) Рейтер

52. ЮРА диагностика критерийлеріне кірмейді:


а) кардит
б) буындардың симметриялық зақымдануы
в) таңертеңгілік құрысу
г) увеит
д) 3 айдан астам бір буынның артриті

53. ЮРА диагнозын анықтау үшін керек:


а) антистрептолизин – О титрі
б) антистрептококктық антиденелер
в) Райт-Хеддльсон реакциясы
г) ревматоидты фактор
д) альдолазаның қандағы жоғары деңгейі


54. ЮРА диагностикалық критерийлеріне жатпайтыны :
а) майда буындардың симметриялық зақымдануы
б) таңертеңгілік құрысу
в) артрит, 1 айға дейінгі
г) артрит, 3 ай және одан артық
д) бұлшықет атрофиясы

55. ЮРА, буындық формасына тән:


а) конъюктивит, моноартрит, уретрит
б) бір балтыр және бір тізе буынының қабынуы
в) симметриалық артрит, таңертеңгілік құрысу
г) ірі буындардың ұшпалы қабынуы, кардит
д) артрит, абдоминальды және бүйректік синдром

56. ЮРА-тегі патоморфологиялық өзгерістерге кірмейді:


а) буында эксудат жиналуы
б) буын капсуласының склерозы
в) грануляциялық тін дамуы (паннус)
г) фиброздану
д) буындарға қан құйылу (гемартроз)

57. ЮРА буындық түрін емдеуде бірінші кезекте қолданылатын дәрілер:


а) преднизолон, циклофосфан
б ) пеницилламин, азатиоприн
в) нимесулид, метотрексат
г) гепарин, курантил,
д) пенициллин, лоратадин,

58. ЮРА буындық-висцералдық түрін емдеуде қолданылатын дәрілер:


а) преднизолон, азатиоприн, иммуноглобулиндер
б) иммуноглобулиндер, гепарин, пенициллин
в) пеницилламин, курантил, индометацин
г) аспирин, пенициллин, метотрексат
д) индометацин, метотрексат, преднизолон, иммуноглобулиндер
59. ЮРА-де синовиальды сұйықтықта өзгерістердің бәрі, біреуінен басқа:
а) экссудатта фибрин жіпшелерінің болуы
б) іріңді экссудат
в) рагоциттердің болуы
г) нейтрофилдер мен лимфоциттердің болуы
д) ревматоидты фактор

60. ЮРА буындық-висцеральды түрінің комплексті еміне кірмейді:


а) глюкокортикостероидтар
б) иммуносупрессорлар
в) антибиотиктер
г) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
д) иммуноглобулиндер

61. ЮРА-тегі буындардың рентгенологиялық өзгерісіне кірмейді:


а) остеопороз
б) сүйек эрозиялары
в) анкилоздар
г) кальциноздар
д) буын аралығының тарылуы

62. ЮРА, аллергосептиклық вариантының негізгі симптомдарына тән, БІРЕУІНЕН БАСҚА:


а) гектикалық қызба
б) уретрит
в) теріде бөртпелер
г) бауыр ұлғаюы
д) артрит


63. 3 жастағы балада жоғары қан қысымы мына ақауға тән:
а) ҚАПА
б) оқшауланған өкпе артериясының стенозы
в) аорта коарктациясы
г) ашық артериялық өзек
д) декстракардия

64.Ашық артериалдық өзек ақауының ауырлығын анықтайтын белгі:


а) перифериялық қарсыласу қабілеті
б) аортадан шығу бұрышы
в) өкпе қарсыласу көрсеткіші
г) баланың жасы
д) өзектің диаметрі

65. Баланың іштен біткен жүрек ақауларындағы кіші қан айналым шеңбері баюының негізгі себебі:


а) қанның артерио-венозды шунты
б) қанның вено-артериалық шунты
в) өкпе артериясының стенозы
г) оң қарынша гипертрофиясы
д) сол қарынша гипертрофиясы


66. Толочинов-Роже ауруы – бұл:
а) аорта қақпақшасы стенозы
б) қарыншааралық перде бұлшықетінің ақауы
в) жүрекшеаралық перде ақауы
г) жалғыз қарынша
д) магистральды қантамырларының траспозициясы


67. Ентігу – көгеру ұстамалары қай жүрек ақауында кездеседі :
а) ҚАПА
б) митральды қақпақша жетіспеушілігінде
в) Фалло тетрадысында
г) ашық артериялық өзекте
д) аорта коарктациясында

68. Сан артерияларында пульстің төмендеуімен, не жоғалуымен және кубитальды артерияларда оның кернелуімен көрінетін ақау:


а) ЖАПА
б) өкпе артериясының стенозы
в) митральды қақпақша стенозы
г) өкпе бағанының стенозы
д) аорта коарктациясы

69. Фалло тетрадасында ентігу–көгеру ұстамаларын тоқтатуға қажет дәрі:


а) промедол
б) дигоксин
в) строфантин
г) преднизолон
д) папаверин

70. Фалло тетрадасында ентігу–көгеру ұстамаларын тоқтатуға қажет дәрі:


а) седуксен
б) коргликон
в) фуросемид
г) эуфиллин
д) кардиамин

71. Қарыншааралық перде ақауындағы шудың локализациясы:


а) жүрек ұшында
б) сол жақ екінші қабырғааралықта
в) оң жақ екінші қабырғааралықта
г) төстен сол жақ үшінші-төртінші қабырғааралығында
д) оң жақ төртінші-бесінші қабырғааралығында

72. Оңнан солға қан лақтырылуымен жүретін туа біткен жүрек ақауларына жатады:


а) ҚАПА
б) ЖАПА
в) ААӨ -ашық артериялық өзек
г) Фалло тетрадасы
д) аорта коарктациясы

73. Солдан оңға қан лақтырылуымен жүретін туа біткен жүрек ақауларына жатады:


а) Фалло тетрадасы
б) ортақ артерия бағаны
в) Эбштейн аномалиясы
г) ААӨ-ашық артериялық өзек
д) Фалло пентадасы

74. Бел-аяқтағы қан айналымның кедейленуімен жүретін туа пайда болған жүрек ақауларына жатады:


а) оқшауланған өкпе артериясының стенозы
б) ҚАПА
в) аорта коарктациясы
г) Фалло тетрадасы
д) ашық артериялық өзек

75. Қолда артериялық қысымның жоғарылауы, ал аяқта артериялық қысымның төмендеуімен жүретін ТПБЖА:


а) сол қарынша гипоплазия синдромы
б) аорта каорктациясы
в) оқшауланған өкпе артериясының стенозы
г) магистральды тамырлардыңң транспозициясы
д) аорта стенозы
76. Артериальды гипотензияда байқалатын вегетативті бұзылыстар:
а) дене массасының артық болуы
б) шөл, сұйықтарды көп ішу
в) алақаны ылғалды, суық, цианозбен
г) алақаны құрғақ, ыстық, түсі өзгермеген
д) ақ дермографизм


77. Артериальды гипертензияға тән белгілер:
а) астеникалық конституция
б) брадикардия, қызыл дермографизм
в) тахикардия, қызыл дермографизм
г) алақаны ылғалды, суық, цианозбен
д) дене массасы аз, терісі мәрмәр түстес


78. Артериалды гипотензияда функционалды кардиопатия мына
симптоммен көрінеді:
а) қырған дыбыстас систолалық шумен
б) кардиалгиямен
в) 1 тонның күшеюімен
г) АҚҚ жоғарылауымен
д) пароксизмалды тахикардиямен
79. Артериалды гипертензияда функциональды кардиопатия мына симптоммен көрінеді:
а) ырғақ бұзылысымен және жүрек соғумен
б) брадикардиямен
в) талумен
г) жүрек тондарының тұйықтығымен
д) 1 тонның төмендеуімен


80. Қан-тамыр дистониясы бар науқасқа біреуінен басқа зерттеулердің бәрі, біреуінен басқа:
а) ЭКГ
б) ЭЭГ
в) көз түбін тексеру
г) АҚҚ өлшеу
д) қандағы электролиттер


81. Артериалды гипертензияны төмендету үшін қолданылады:
а) моноприл
б) рибоксин
в) женьшеня
г) элеутерококк
д) кордиамин


82. Артериалды гипертензияны төмендету үшін қолданылады:
а) кофеин
б) нимесид
в) рибоксин
г) коргликон
д) каптоприл


83. Артериалды гипотензияда қолданылады:
а) эднит
б) элеутерококк
в) лизиноприл
г) канденсар
д) каптоприл

84. Эритема, периорбитальды ісінумен және көлденең жолақ бұлшықет зақымдануымен сипатталатын дәнекер тінінің жүйелі ауруы.


а) Жүйелі қызыл ноқта
б) ЮРА
в) дерматополимиозит
г) түйінді периартериит
д) жүйелі склеродермия


85.“Құс беті” симптомы тән ауру:
а) түйінді полиартериитке
б) жүйелі склеродермияға
в) ЖҚЖ
г) дерматополимиозит
д) ЮРА


86. Бұлшық еттердің өте әлісздігі төмендегі аурулардың біріне тән:
а) ЖҚЖ
б) дерматополимиозит
в) жүйелі склеродермия
г) ревматизм
д) ЮРА


87. Бұлшық еттердің консистенциясы камыр тәрізді ошақты тығыздануы төмендегі аурулардың біріне тән:
а) жүйелі склеродермияда
б) ЮРА
в) ЖҚЖ
г) дерматополимиозитте
д) түйінді полиартериитте


88. Бұлшықет кальцинозы тән:
а) ревматизмге
б) түйінді полиартериитке
в) дерматополимиозитке
г) ЖҚЖ
д) ЮРА

89. 12 жастағы ұл бала, «Жүйелі склероз» диагнозы қойылды. Қандай зерттеу жүргізілу керек:


а) ЭхоКГ
б) ФГДС
в) Lе-клеткаларын анықтау
г) стрептококкты антиден
д) буын рентгенографиясы

90. Ревматикалық қызба белсенді фазасының емінде пайдаланылатын дәрілер:


а) гентамицин, супрастин, курантил
б) ампициллин, циклофосфан, АТФ
в) пенициллин, нимесид, преднизолон
г) ровамицин, делагил, рибоксин
д) бисептол, дигоксин, метотрексат

91. Жедел миокардитттің тиімді емі:


а) цефазолин, рибоксин
б), циклофосфан, зиннат
в) ампициллин, супрастин
г) ровамицин, делагил
д) преднизолон, вольтарен

92. ЮРА базистік еміндегі «алтын стандартқа» кіретін препарат:


а) цефазолин
б) циклофосфан
в) плаквенил
г) метотрексат
д) циклоспорин А

93. ЮРА буындық түрін емдеуде бірінші кезекте қолданылатын дәрілер:


а) гентамицин, курантил, азатиоприн
б) ампициллин, циклофосфан, АТФ
в) нимесид, преднизолон, метотрексат
г) сумамед, делагил, супрастин
д) плаквенил, цефазолин, рибоксин

94. 8 жасар кыз бала. Шагымы жүрек аймағында ауыру сезімі, әлсіздік. Екі апта бұрын ЖРВИ ауырған. Қарап тексергенде, жүрек шекарасы ұлғайған, тондары тұйықталған, жүрек ұшында нәзік систолалық шу, бірлі-жарым экстрасистолалар, тахикардия. ЭКГ бірлі-жарым экстрасистолалар. Қ.Қ. 90/60 мм с. б. Болжам диагноз:


а) ревматикалық қызба
б) жедел миокардит
в) ашық артериялдық өзек
г) митралдық қақпақша пролапсы
д) митралдық тесіктің стенозы

95. 12 жасар ер бала. Жүктемеге ентігу, жүрек аймағында шаншып ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Бұл шағымдары ЖРВИ кейін пайда болды. Қарап тексергенде терісі бозарған, жүрек шекарасы ұлғайған, тондары тұйықталған, систолалық шу, бірлі-жарым экстрасистолалар, тахикардия, ЖҚА ерекшеліксіз. ЭКГ бірлі-жарым экстрасистолалар, тістерінің вольтажы төмендеген. Болжам диагноз:


а) ревматикалық қызба
б) артериялық гипертензия
в) вегетативтік тамырлық дистония
г) жедел миокардит
д) артериялық гипотензия

96. 8 жасар балада ауыр тұмаудан соң жүрек аймағында ауру сезімі пайда болды. Жүрек тондары тұйықталған, ретсіз экстрасистолалар, жүрек шекарасы көлденеңінен кеңіген. ЭхоКГ –да миокард жиырылу күшінің әлсіздігі, қуыстары кеңейген. Диагноз қойыңыз:


а) рематикалық қызба
б) эндокардит
в) жедел миокардит
г) вегетативтік тамырлық дистония
д) перикардит

97. 10 жастагы баланы емханада қарап тексергенде қойылған болжам диагноз жедел миокардит. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай аспаптық зерттеу жүргізілуі қажет:


а) ЭКГ
б) қанда антикардиалды антиденелер анықтау
в) велоэргометрия
г) ЭхоКГ
д) эховазография

98. 8 жасар баланың жүрегінде дөрекі, ұзақ мерзімді систолалық шу, p.max. – жүрек ұшы, жүректен тыс аймаққа таралған. Мұндай шу қандай ақауға тән?


а)митралдық қақпақша стенозы
б) аорта қақпақша жетіспеушілігі
в) аорта сағасының стенозы
г) митралдық қақпақша жетіспеушілігі
д) ашық артериалдық өзек (Боталл)

99. 7 жасар қыз. Баспадан 12 күн өткен соң екі тізесі ісініп, ауырды. Дене қызуы 38 С көтеріліп, 3 күннен кейін жазылды. Қарап тексергенде кардит белгілері. Кеудесі мен иығында жүзік тәрізді (аннулярлык) эритема. ЭТЖ-45 мм/сағ. Болжам диагноз:


а) дерматополимиозит
б) жүйелі қызыл ноқта
в) ювенильді ревматоидты артрит
г) жедел миокардит
д) ревматикалық қызба
100. 8 жасар ұл бала. Баспадан 12 күн өткен соң екі тізесі ісініп, ауырды, содан кейін табан-балтыр буындары істі. Қарап тексергенде кардит белгілері. Саны мен иығында жүзік тәрізді (аннулярлык) эритема. ЭТЖ-55 мм/сағ. Болжам диагноз:
а) жедел миокардит
б) жүйелі қызыл ноқта
в) ревматикалық қызба
г) дерматополимиозит
д) ревматоидный артрит

101. Баспадан кейін қыз балада жедел ревматикалық қызба, панкардит, полиартрит дамыды. ЖҚА: лейкоциттер-12,0*109/л, э-2%, т/я 10%. с/я-68%, л-16%, м-4%, ЭТЖ 36 мм/сағ. АСЛО 1250 МЕ/мл. Клиникалық және лабораторлы көрсеткіштерге баға беріп ревматикалық қызбаның ағымын анықтаңыз:


а) жедел
б) жеделдеу
в) үдемелі рецидивдеуші
г) созылыңқы
д) латентті
102. 12 жасар қыз бала. Тізе буындарының ісінуіне, дене қызуының 37,5ºС дейін жоғарылауына шағымданады. Баспадан 2 аптадан кейін ауырды. Боз, буындары ісінген, қозғалысы ауру сезімімен. Жүрек рентгенде солға 1,5 см ұлғайған. Жүрек ұшында үрлеген тәрізді систолалық шу естіледі, тахикардия.
Аталған аурулардың қайсысына тән
а) ЮРА, буындык-висцеральныая форма
б) жедел миокардит
в) жедел ревматикалық қызба
г) жүйелі қызыл ноқта
д) бруцеллез, полиартрит

103. 12 жасар қыз бала. Тізе буындарының ісінуіне, дене қызуының 37,5ºС дейін жоғарылауына шағымданады. Баспадан 2 аптадан кейін ауырды. Боз, буындары ісінген, қозғалысы ауру сезімімен. Жүрек рентгенде ұлғайған. Жүрек ұшында үрлеген тәрізді систолалық шу естіледі, тахикардия. Рематикалық қызба диагнозы қойылған.


Бастапқы емді тағайындаңыз:
а) бисептол, нимесулид, циклофосфан
б) сумамед, лоратадин, коргликон
в) диклофенак, метотрексат, курантил
г) амикацин, аспаркам, индометацин
д) пенициллин, вольтарен, преднизолон

104. 14 жасар қызда 1 ай бойы дене қызуының көтерілуі, әлсіздік. Қарап тексергенде аяқ қолында, кеудесінде - экссудативті эритема: олар жазда суға түсіп, күнге қыздырынғаннан соң шыққан. Жүрегінде – перикардтың үйкеліс шуылы. ЖҚА - Эритроциттер– 2,8 *1012/л, Нв-96 г/л, лейкоциттер - 3,2*1012/л, Тромбоциттер – 120 мың. ЭТЖ-56 мм/сағ, Антинуклеарлық фактор титрі жоғарғы. Клиникалық диагнозы:


а) Висслера-Фанкони синдромы
б) жедел миокардит
в) жүйелі склеродермия
г) ревматикалық қызба
д) жүйелі қызыл ноқта

105. 13 жасар қыз. Дене қызуының көтерілуіне, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Ауырғанына З апта. Қарап тексергенде алақанда капилляриттер, «көбелек» типті эритема, салмағын жоғалтуда, субфебрилитет, білезік буындары артриті. Жүрек үндері тұйық, тахикардия. ЖҚА: эритроциттер – 2,8 *1012/л, Нв-96 г/л, лейкоциттер - 3,2*1012/л, тромбоциттер – 120 мың. ЭТЖ-56 мм/сағ, АНФ Антинуклеарный фактор титрі жоғары. Диагнозы «Жүйелі қызыл ноқта» ең қажетті дәрі:


а) супрастин
б) преднизолон
в) вольтарен
г) ампициллин
д) сумамед

106. 7 жасар қыз. Әлсіздікке, селқостыққа, дене салмағының төмендеуіне шағымданады Қарап тексергенде бетінде мұрын үстінде эритематозды бөртпелер бар, қышымайды. Дене қызуы 39,20С. Артралгия, ЭТЖ 56 мм/ч. Қанында LЕ-клеткаларының титрі жоғары, гематоксилин денешіктері көп. Аталған аурулардың қайсысына тән?


а) дерматополимиозит
б) жүйелі склеродермия
в) рематоидты артрит
г) жүйелі қызыл ноқта
д) түйінді полиартериит

107. 5 жастағы бала. Дене температурасы 38,5 градус. Буындарында ауру сезімі. Ауруы үш ай бұрын басталған. Таңертеңгілік құрысу пайда болды. Сол жақ екі тобын буыны, оң жақ тізе буыны ісінген, жүргенде ақсайды. Перифериялық лимфа түйіндері ІІ-ІІІ дәрежелі. ЖҚА: лейкоцит 15х109/л, ЭТЖ 47 мм/сағ. Диагноз қойыңыз:


а) ревматикалық қызба
б) ювенильді ревматоидты артрит, буындық түрі
в) Стилл ауруы
г) ЮРА буындық-висцеральды түрі
д) реактивті полиартриит


108. 8 жасар қыз бала, 3 жасынан бастап ауырады. Аурудың бастамасында оң тізе буынының артриті, 3 айдан соң сол тізе, білезік буындарының артриті қосылды; Обьективті тізе буындарының, білезік буынындарының деформациясы. Қозғалыс шектелуі таңертеңгі құрысу. ЭТЖ 40мм/сағ. Диагнозы «ЮРА, олигоартрит, ІІ-дәрежелі». Қандай ем тағайындау керек:
а) пенициллин, вольтарен, физиоемдеу
б) нимесид, преднизолон, метотрексат
в) ровамицин, диклофенак, лоратадин
г) гентамицин, гепарин, курантил
д) цефазолин, азатиоприн, супрастин


109. 10 жасар ұл бала, 3 жылдан бері ауырады . Тізе буындары шар тәрізді өзгерген, екі тобық және білезік буындарының артриті. Қозғалыс шектелуі, ауыру, таңертеңгі құрысу байқалады. Диагноз қойыңыз:
а) реактивті артрит
б) ЖҚЖ
в) ювенильді ревматоидты артрит
г) Рейтер ауруы
д) бруцеллез, артрит


110. 10 жасар ұл бала, 3 жылдан бері ауырады тізе буындары шар тәрізді өзгерген екі тобық және білезік буындарының артриті. Қозғалыс шектелуі, ауыру, таңертеңгі құрысу байқалады.
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораториялық зерттеулер жүргізілуі қажет
а) жалпы қан анализі
б) С- реактивный белок
в) LE-клеткалар
г) ревматоид факторы
д) Райт, Хеддльсон реакциялары

111. 10 жасар ұл бала. Соңғы жылы буындардың таңертеңгі құрысуы байқалады, төсектен тұрып, киіну қинайды. Байқап қарағанда: тізе, шынтақ, саусақ фалангааралық буындарының деформациясы, қозғалысы шектелуі байқалады. Ішкі ағзаларда өзгеріс жоқ.


Аталған аурулардың қайсысына тән?
а) ревматикалық қызба
б) Рейтера синдромы
в) реактивті артрит
г)ювенильдіревматоидтыартрит
д) бруцеллез, полиартрит

112. 6 жасар ұл бала. Соңғы жылы буындардың таңертеңгі құрысуы байқалады, төсектен тұрып, киіну қинайды. Байқап қарағанда: екі тізе, шынтақ, саусақ буындарының деформациясы, қозғалысы шектелуі байқалады. Ішкі ағзаларда өзгеріс жоқ.


Буынның рентгенографиясынан күтетін өзгерістер:
а) буын контрактурасы
б) буын қуысының өзгерісі жоқ
в) сүйек эрозиялары
г) буынаралық қуыстың өзгерісі, аздаған остеопороз
д) буын анкилозы

113. 10 жасар қыз, соңғы 6 ай бойы ауырады. Объектиті: бозғылт, алақан және табанының терлегіштігі бар, эмоциональды лабильді. Аяқ саусақтарының фалангааралық, тобын буындарының ауру сезімі пайда болды. 3 айдан бері таңертеңгі құрысу байқалады. Екі тобық және аяқ саусақтарының фалангааралық буындарының ісінуі бар. Қозғалысы ауру сезімді, шектелген. Ішкі ағзалары жағынан өзгеріссіз. ЖҚА: эритр - 3,9*1012/л, ТК 0,8; Нв -110 г/л; лейк-9,0*109/л; э-3, т-4, с-63, л-38, м-5; ЭТЖ 30 мм/сағ. Қан биохимиясы: сиал сынамасы 300 б, СРБ++. Болжам диагноз қойыңыз:


а) бруцеллез, полиартрит
б) Рейтер синдромы
в) ревматикалық қызба, полиартрит
г)ювенильдіревматоидтыартрит,буындықформа
д) ЖҚЖ

114. Бала 1 жасар. Жүрек шекарасы солға және жоғары үлкейген. Төстің сол жағы, ІІ-қабырғааралағында систоло-диастолалық «машина» шуы, жүрек шу мойын тамырларына беріледі. Сіздің диагнозыңыз:


а) журекшеаралық перде кемістігі
б) ҚАПА
в) Фалло тетрадасы
г) ашық артериалдық өзек (Боталл)
д) аорта коарктациясы

115. Бала 4 жасар. Жүрек шекарасы солға және жоғары үлкейген. Төстің солжағы, ІІ-қабырғааралығы арасында систоло-диастолалық «машина» шуы естіледі, ол мойын тамырларына беріледі. Сіздің диагнозыңыз:


а) Фалло тетрадасы қарыншааралық перде кемістігі
б) ашық артериалдық өзек
в) аорта коарктациясы
г) жүрекшеаралық перде кемістігі
д) қарыншааралық перде кемістігі


116. 8 жасар ұлдың шағымдары: жиі мұрнынан қан кетүлер. 500 метр жүрсе, екі аяғы ауыра бастайды, ал мойын, иық жағы жақсы даыған, «атлетикалық» дене формасы. Жүрек шекарасы солға үлкейген, арқада сол жауырын астына естілетін систолалық шу. АҚҚ қолында 150/90 мм с.б.б. аяғында анықталмайды. Болжам диагноз:
а) аорта коарктациясы
б) вегето-тамырлық дистония
в) гипертензионды-гидроцефалды синдром
г) аорта қақпақшасының стенозы
д) митральды қақпақшаның жетіспеушілігі

117. 3 жасар ұл. Цианоз, ентігу-көгеру ұстамалары, Объективті: өкпе артериясында II үннің әлсіреуі, төстің сол жақ қыры бойымен дөрекі, қысқалау систолалық шуы естіледі. Қай жүрек ақауына тән?


а) Фалло тетрадасы
б) ҚАПА
в) аорта коарктациясы
г) ашық артериалдық өзек
д) ЖАПА

118. Гипоксемиялық ұстамалар, тахипноэ, цианоз күшеюі, естен тану және науқастыңжүруіне, отыруына мәжбүр болатын кезі қай іштен біткен жүрек ақауына тән:


а) аорта коарктациясы
б) ҚАПА
в) Фалло тетрадасы
г) ЖАПА
д) ашық артериалдық өзек

119. 13 жасар ұл.Шағымдары: бас ауыру, жүрек ауруы, ыстық сезіміне. 1 жыл бойы ауырадыТұқым қуалау анамнезі: әкесінде гипертониялық ауру, анасында – конституционды семіздік.


Объективті: гиперстеник. Алақандарының және табандарының жоғары терлегіштігі бар. Тоны сердца приглушены, акцент II тона на аорте. Жүрек үндері тұйық. Жүрек шекаралары жасына сай. Басқа мүшелері өзгеріссіз. АҚҚ 145/90 мм.рт.ст. Пульсі 96/мин. Болжам диагнозыңыз:
а) артериалды гипертензия
б) артериалды гипотензия
в) гипоталамикалық синдром
г) вегетативті-тамырлық дистония
д) функционалды кардиопатия

120. 13 жасар ұл.Шағымдары: бас ауыру, жүрек ауруы, ыстық сезіміне. 1 жыл бойы ауырады. Тұқым қуалау анамнезі: әкесінде гипертониялық ауру, анасында – конституционды семіздік.


Объективті: гиперстеник. Алақандарының және табандарының жоғары терлегіштігі бар. Жүрек үндері тұйық., аортада II үн а кценті. Жүрек шекаралары жасына сай. Басқа мүшелері өзгеріссіз. АҚҚ 145/90 мм.рт.ст. Пульсі 96/мин. Диагнозы «артериалдық гипертензия». Біреуінен басқа барлық зерттеулер керек:
а) ЭКГ
б) холестерин мен қантқа қан анализі
в) ЖЗА, Зимницкий сынамасы
г) ЭхоКГ
д) антистрептолизин-О

121. 10 жасар науқас, таңертеңгілік басыныңғ ауыратыны, әлсіздікке, ұйқысының бұзылуына, түрегелгенде көзінің қарауытуына, басының айналуына шағымданады. Тұқым қуалау анамнезі оңтайлы. Объективті: терісі боз, алақан, табан гипергидрозы, тұрақты қызыл дермографизм, пульс 80/мин., АҚҚ 75/40 мм.б.б. Жүрек шекаралары жасына сай , үндері тұйық, 5 нүктеде және жүрек ұшында қысқа систолалық шу. Болжам диагноз:


а) вегетативті-тамырлық дистония
б) артериалды гипертензия
в) гипертиреоз
г) артериалды гипотензия
д) гипотиреоз

122. Анасы 3-айлық баласымен үчаскелік педиатрға қаралды. Екі рет пневмониядан емделді. Өкпе жағынан патологияны көру үшін кеуде қуысының R-граммасы жасалды, онда жүректің барлық жағына кеңейгені (шар тәрізді) анықталды. Аускультация кезінде жүрек үндері өте баяу. Болжам диагноз:


а) жедел миокардит
б) ҚАПА
в) ЖАПА
г) туа біткен фиброэластоз
д) өкпе артериасының стенозы

123. Анасы 1 жасар баласымен үчаскелік педиатрға қаралды. Өкпе жағынан патологияны көру үшін кеуде қуысының R-граммасы жасалды, онда жүректің барлық жағына кеңейгені анықталды. Аускультация кезінде жүрек үндері өте баяу. Ең ақпаратты зерттеу әдісі:


а) ЭКГ
б) ЭхоКГ
в) нейросонография
г) ЭЭГ
д) КТГ

124. Ұл 1 жас 2 айда. 4 айынан - терінің, еріннің, көз склерасының цианозы. Физикалық дамуы артта қалған. Анасының айтуы бойынша салмағын нашар қосады, физикалық жүктемеден кейін тез шаршайды.


Қарап тексергенде терісінің, көзге түсетін шырышты қабаттарының цианозы. Жүрек өркеші. Салыстырмалы жүрек шекарасы солға ығысқан. Жүрек үндері тұйық, тахикардия. Поставьте диагноз:
а) ЖАПА
б) фиброэластоз
в) жедел миокардит
г) Фалло тетрадасы
д) ҚАПА

125. Бала 5 айлық, физикалық дамуы артта қалған. Айқын терлегіштік, ентікпе. Пневмониямен ауырған. Жүрек үндері тұйық. Соңғы айда кенеттен мазасыздану, ентігу, ұстамалары пайда болды. Рентгенде оң жүрекше үлкеюі. ЭхоКГда – жүрекшеаралық перде шунты.


Болжам диагноз:
а) Фалло тетрадасы
б) аорта коарктациясы
в) жедел миокардит
г) ЖАПА
д) туа пайда болған фиброэластоз

126. Бала 5 айлық, физикалық дамуы артта қалған. Айқын терлегіштік, ентікпе. Пневмониямен ауырған. Жүрек үндері тұйық. Соңғы айда кенеттен мазасыздану, ентігу, ұстамалары пайда болды. Рентгенде оң жүрекше үлкеюі. ЭхоКГда – жүрекшеаралық перде шунты.


Диагнозды нақтылау үшін нақтылау үшін қажет емесі:
а) ЭхоКГ
б) ЭКГ
в) кеуде клеткасының рентгенографиясы
г) КТГ
д) доплерография

127. 12 жасар қыз бала. Шағымы аяқ пен қолдарындағы ауру сезімі. Қарап тексергенде көзінің айналасында қызғылт эритема анықталады. Пальпацияда балтыр және иық бұлшықеттерінің қатты ауру сезімі және қамыр консистенциялығы анықталады. Әлсіздік, төсектен тұруы және жүруі қиындықпен. Болжам диагноз:


а) дерматополимиозит
б) жүйелі қызыл жегі
в) жүйелі склероз
г) түйінді полиартериит
д) аллергиялық дерматит


128. 13 жасар қыз баланың қаралғандағы шағымдары: қол тоңғақтығы, қолдың кіші буындарының тұрақты деформациясы мен анкилозы. Байқап қарағанда: беті «маска» тәрізді, ауызы толық ашылмайды; шырыштар субатрофиясы, саусақтары айқын бүгу контрактурасы жағдайында; тырнақтары бүгулі, «құс аяғына» ұқсас. Болжам диагнозы:
а) ювенильный ревматоидты артрит
б) дерматополимиозит
в) жүйелі склероз
г) ЖҚЖ
д) түйінді периартериит

129. 12 жасар баланың қаралғандағы шағымдары: тері қатаюы және оның атрофиясы, қол тоңғақтығы, қолдың кіші буындарының тұрақты деформациясы мен анкилозы. Байқап қарағанда: беті «маска» тәрізді, ауызы толық ашылмайды; саусақтары айқын бүгу контрактурасы жағдайында; тырнақтары қисайған, «құс аяғына» ұқсас. Бұл ауру емдеуде қажет дәрі:


а) делагил
б) индометацин
в) имуран
г) вольтарен
д) преднизолон

130. 10 жастағы қыз баланы қарағанда аузы толық ашылмайды, беті маска тәрізді. Кірпіктері, қастары жоқ. Басында шаштары сирек, қол саусақтары «құстың аяғы» тәрізді, айқын бүгу контрактура. Тері атрофияланған, тығыз. Диагнозыңыз:


а) ювенильд ревматоидты артрит
б) жүйелі қызыл жегі
в) Рейтер ауруы
г) жүйелі склероз
д) дерматополимиозит

131. 8 жасар ұл балада ауыр тумау фонында жүрек аймағында ауру сезімі пайда болды. Жүрек тондары тұйықталған, ретсіз экстрасистолалар, жүрек шекарасы көлденеңінен кеңіген. Болжам диагнозы:


а) рематикалық қызба
б) жүрек ақауы
в) жедел миокардит
г) септикалық эндокардит
д) перикардит

132. 12 жасар баланың екі қабағында қызғылт эритема. Пальпацияда иық, бұлшық еттері ісіңкі, қатты. Болжам диагноз:


а) дерматополимиозит
б) жүйелі қызыл ноқта
в) жүйелі склероз
г) түйінді полиартериит
д) ошақтық склеродермия

133. 8 жасар қыз балада – дисфагия, жалпы айқын бұлшықеттерінің әлсіздігі, периорбитальды ісінулер, гиперемия, фалангааралық буындарда эритема, проксимальды бұлшықеттер тығыздануы және ауру сезімі, дауысы қарлыққан, шашалады, кардиомегалия, тахикардия, гепатомегалия, ЭТЖ жоғары-70. Болжам диагноз:


а) ювенильд ревматоидты артрит
б) жүйелі қызыл жегі
в) жүйелі склероз
г) дерматополимиозит
д) псевдобульбарлы паралич

134. 14 жасар қыз бала. Әлсіздікке, ошақты гиперпигментацияға, аяқ қолдарының ауыруына шағымданады, Объективті: «маска тәрізді» бет, трофикалық бұзылыстар, ошақты гиперпигментация байқалады. Сонымен қатар тері асты шел қабаты мен бұлшықет тығыздануы. Болжам диагноз:


а) ЖҚЖ
б) ЮРА
в) дерматополимиозит
г) түйінді полиартериит
д) жүйелі склероз
135. Анасы 6-айлық баласымен үчаскелік педиатрға қаралды. Кеуде қуысының R-граммасы жасалды, онда «шар тәрізді» жүрек анықталды. Аускультацияда жүрек үндері өте тұйық, митралдық қақпақша жетіспеушілігіне тән систолалық шу естіледі. Болжам диагноз:
а) жедел миокардит
б) ашық артериалдық өзек
в) митральды қақпақшаның пролапсы
г) аорта коарктациясы
д) фиброэластоз

136. Эритема және периорбитальды ісінумен және жолак бұлшықет зақымдануымен, сипатталатын дәнекер тінінің жүйелі ауруы.


а) ЖҚЖ
б) ЮРА
в) дерматополимиозит
г) түйінді периартериит
д) жүйелі склеродермия

137. Эритема және периорбитальды ісінумен және айқын бұлшықет гипотрофиясымен, жайылган бұлшықет сіңір контрактурасымен, көптеген беткей кальцинаттармен сипатталатын дәнекер тінінің жүйелі ауруы.


а) жүйелі склеродермия
б) дерматополимиозит
в) ЮРА
г) түйінді периартериит
д) ЖҚЖ
138. 9 жасар қыз. Қарап тексергенде: күлгін эритема, периорбитальдық ісіну, дистрофия, бұлшық ет контрактурасы. Айқын бұлшық ет гипотрофиясы. Жайылған сіңірлік - бұлшық ет контрактурасы.
Болжам диагноз:
а) дерматополимиозит
б) жүйелі склероз
в) түйінді полиартериит
г) ювенильді ревматоидты артрит
д) жүйелі қызыл ноқта

140.9 жасар қыз. Жүрек тұсындағы ауыру, баспалдақпен көтерілгендегіжүрек қағуына шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ мен ауыр түрде ауырған. Қарап тексергенде: жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар. ЭхоКГ: сол қарынша миокардының жиырылу қабілеті төмендеген. Болжам диагнозы:


а) рематикалық қызба
б) жедел миокардит
в) ҚАПА
г) митральды қақпақшаның пролапсы
д) митральды қақпақшаның жетіспеушілігі

141. Миокардиттің абсолюттік белгілеріне кірмейді:


а) жүрек тондарының әлсіреуі
б) жүрек шекарасының кеңеюі
в) тыныстық аритмиялар
г) жүрек жетіспеушілігі
д) систолалық шу

142. 12 жасар қыз бала. Анамнеэінде 7 жасынан бері баспамен жиі ауырады. Оң тізе буыны ісінген, қозғалысы ауру сезімімен. Жүрек шекарасы солға және жоғарыға ұлғайған. Жүрек ұшында үрлеген тәрізді систолалық шу естіледі.


Аталған аурулардың қайсысына тән
а) ЮРА, буындык-висцеральныая форма
б) жедел миокардит
в) аортальды қақпақшаның жетіспеушілігі
г) митральды қақпақшаның жетіспеушілігі
д) реактивті артрит

143. 5 айлық ұл балаға ерте туа пайда болған кардит диагнозды қойылды. Осы ауруды емдеуде қажет дәрі:


а) пенициллин, рибоксин
б) бисептол, дигоксин
в) ампициллин, коргликон
г) ровамицин, супрастин
д) преднизолон, вольтарен

144. 12 жасар қыз бала. Оң тізе буынының ауыруына, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: жиі баспа. Кезекті баспадан кейін субфебрилитет. Тізе буындары артриті. Жүрек шекарасы солға ұлғайған. Жүрек ұшында I-тон әлсіреген, үрлеген тәрізді систолалық шу естіледі. Болжам диагноз:


а) инфекциялық эндокардит
б) ҚАПА
в) жедел ревматикалық қызба
г) митральды қақпақшаның стенозы
д) ЮРА, буындык-висцеральныая форма
145. 10 жасар бала. Кезекті баспадан кейін әлсіздік пайда болды. Жүрек шекарасы солға және жоғары ұлғайған. Жүрек ұшында I-тон әлсіреген, Жүрек ұшында үрлеген тәрізді систолалық шу, қолтық астына берілумен естіледі. Болжам диагноз:
а) жедел миокардит
б) митральды қақпақшаның жетіспеушілігі
в) аортальды қақпақшаның жетіспеушілігі
г) митральды қақпақшаның стенозы
д) жедел ревматикалық қызба


146. Кіші хорея симптомдарына жатпайтыны:
а) Гордона симптомы
б) Черни симптомы
в) Филатова симптомы
г) “иық әлсіздігі” симптомы
д) Мюсси симптомы


147. ЖҚЖ ның лабораторные көрсеткіштеріне жатпайды:
а) анемия
б) тромбоцитопения
в) эритроциттерде Джолли женешіктері
г) лейкоцитоз
д) ЭТЖ жоғарылауы


148. 13 жасар қыз бала. Қызбаға шаштарының түсуіне, қол-аяқ буындарының қабынуына шағымданады. Объективті: теріде «көбелек» симптомы. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖҚС: лейкоциттер – 2,7 х10 9, тромбоциттер- 110000, ЭТЖ-48 мм в час
Болжам диагноз:
а) жүйелі қызыл ноқта
б) ювенильды ревматоидты артрит
в) жүйелі полиартериитке
г) ревматикалық қызба
д) дерматополимиозит

149. Дерматополимиозит диагнозын дәлелдеу үшін ең ақпаратты зерттеу әдісі, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:


а) креатинурияға зәр анализі
б) теріден, бұлшық еттен биопсия
в) электромиография
г) бұлшық еттен биопсия
д) АНФ анықтау


150 .“Құс беті” мына дәнекер тіннің диффузды ауруына тән:
а) жүйелі полиартериитке
б) жүйелі склерозға
в) жүйелі қызыл ноқтаға
г) дерматополимиозит
д) ЮРА

151.Айқын бұлшық ет әлсіздігі мына дәнекер тіннің диффузды ауруына тән:


а) ЖҚЖ
б) дерматополимиозит
в) жүйелі склерозга
г) ревматоидтық қызба
д) ЮРА


152.Консистенциясы қамыр тәрізді бұлшық еттің ошақты тығыздануы және ісінуіне мына дәнекер тіннің диффузды ауруына тән:
а) жүйелі склерозга
б) ЮРА
в) ЖҚЖ
г) дерматополимиозитке
д) түйінді полиартериитке


153. Бұлшық еттің кальцинозы мына дәнекер тіннің диффузды ауруына тән:
а) ревматизмге
б) түйінді полиартериита
в) дерматополимиозита
г) жүйелі қызыл ноқта
д) ювенильды ревматоидты


154. Жүрек жетіспеушілігінің дамуының себебіне жатпайтыны
а) фиброэластоз
б) миокардит
в) ревматикалық қызба
г) жүрек ақаулары
д) аллергиялар


155. Жүректің сол қарыншалық жетіспеушілігінің дамуының себебіне жатпайтыны:
а) миокардит
б) аорта стенозы
в) аорта коарктациясы
г)артериальды гипертензия
д) пневмония


156. Жүректің оң қарыншалық жетіспеушілігінің дамуының себебіне жатпайды
а) өкпе артериясының стенозы
б)перикардит
в) пневмония
г) бронхиальды астма
д) митралды клапан

157. Қарыншааралық перде ақауы кезінде шу естіледі:


а) жүрек ұшында
б) сол жақ екінші қабырғааралықта
в) оң жақ екінші қабырғааралықта
г) төстен сол жақ үшінші-төртінші қабырғааралығында
д) оң жақ төртінші-бесінші қабырғааралығында


158. ЮРА қолайсыз болжамының белгілері:
а) тізе буындарының зақымдануы
б) омыртқа мойын бөлімінің зақымдануы
в) табан балтыр буындарының зақымдануы
г) аяқ-қол майда буындарының зақымдануы
д) иық буындарының зақымдануы

159. Ювенильді ревматоидты артриттің диагностикалау шарттарына келесі белгілер жатады, біреуінен басқа:


а) майда буындардың симметриялық зақымдануы
б) таңертеңгілік құрысу
в) буындық синдромның ұшпалылығы
г) ұзақтығы 3 ай және одан артық артрит
д) омыртқаның моын бөлігі қиын қимылдануы

160. Туа біткен жүрек ақауларында кіші қанайналым шеңберінің қанмен баюының басты себебі:


а) оң қарынша гипертрофиясы
б) венозды-артериялық шунт
в) өкпе артериясының стенозы
г) артерия-веноздық шунт
д) сол қарынша гипертрофиясы
161. Қыз 5 жаста. Анасы жүкті кезінде 2 рет бронхопневмониямен ауырған. Объективті: парастерналды «өркеш», р.мах.-ІІ-қабырғааралықпен төстің сол қырында систолалық шу, арқаға беріледі; ЭхоКГ-да оң қарынша үлкейген, гипертрофия бар, а.рulm. үстінде ІІ-үн акценті. Болжам диагноз:
а) ашық артериалдық өзек (ААӨ-Боталл)
б) өкпе артериясының стенозы
в) қарыншааралық перде ақауы
г) ЖАПА
д) Фалло ауруы

162. Бала 1 жасар. Жүрек шекарасы солға және жоғары жылжыған. Төстің сол қырында ІІ-қабырға аралығында систоло-диастолалық «машина» шуы, жүрек ұшы мен мойын тамырларына беріледі. Сіздің диагнозыңыз:


а) қарыншааралық перде кемістігі
б) жүрекшеаралық перде кемістігі
в) Фалло тетрадасы
г) ашық артериалдық өзек
д) аорта коарктациясы

163.Классикалық Фалло тетрадасының белгілеріне жатпайтын анатомиялық көрініс:


а) өкпе артериясы стенозы
б) жүрекше аралық перде ақауы
в) қарыншааралық перде ақауы
г) оң қарынша гипертрофиясы
д) аортаның оңға ығысуы

164. 5 жасар бала. Дене қызуының жоғарылауына, денесіндегі бөртпелерге қол-аяғының буындарының, мойын буындарының ауыруына шағымданады. Обьективті t- 40 0С, қол-аяқтарында уртикарлы бөртпе, қол-аяғының кіші буындарының ісінген. Микрополиадения. Жүрек үлкейген, үндері көмескі, жүрек ұшы мен бесінші нүктеде систолалық шу. Өкпесінде везикулярлық тыныс. Іші жұмсақ, гепато-лиеналды синдром. ЖҚА: қабынулық өзгерістер лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Сіздің диагнозыңыз:


а) жүйелі қызыл ноқта
б) ЮРА, буынды-висцералды түрі, Стилл синдромы
в) ревматизм, полиартрит
г) бруцеллез
д) ЮРА, буындық түрі


165. 13 жастағы қыз бала. Психозмоционалдық жүктемеде басының айналуына, жүрек қағуына шағымданады Қарап тексергенде терісі бозғылт Қызғылт дермографизм, алақандарының гипергидрозы. Қан қысымы с. б. 130/80. Жүрек шекаралары қалыпты.Жүрек үндері анық. Жүрек ұшында функциональды систоликалық шу.
Қандай диагноз қойылуы мүмкін:
а) тапшылық анемия
б) вегетативті-тмырлық дистония
в) жіті миокардит
г) артериальдық гипертензия
д) артериальдық гипотензия

166. Нәресте 4 жаста. Шағымы: бас ауыруы. Қарап тексергенде: терісі бозғылт, құқыл. Жүрек шекарасы шамалы солға кеңіген. Аускультативті: ІІ қабырға аралығында оң жақта систолалық шу. Осы жерде систолалық діріл. АҚ төмен, 80/40 мм.с.б. Рентгенде: жүрек солға ұлғайған. Жүрек ұшы көтерілген және домаланған, белі айқын. Қандай туа пайда болған жүрек ақауы туралы ойлауға болады


а) жүрекшеаралық перде ақауы
б) қарыншааралық перде ақауы
в) аорта стенозы
г) ашық артериалдық өзек
д) Фалло триадасы

167. Дәнекер тіндердің диффузды ауруларына жатпайды


а) жүйелі қызыл ноқта
б) жүйелі склероз
в) Рейтер ауруы
г) дерматополимиозит
д) түйінді полиартериит

168. Жедел миокардиттің негізгі белгілеріне жатпайды:


а) көкбауыр үлкеюі
б) жүрек үндерінің тұйықталуы
в) жүрек ырғағының бұзылысы
г) жүрек шекараларының көлденеңінен кеңеюі
д) жүрек ұшында систолалық шу

169. Туа пайда болған кардитке біреуінен басқасы тән


а) кардиомегалии
б) жүрек үндері айқын, көлемі өзгермеген
в) жүрек ұшында систолалық шу
г) жүрек үндерінің тұйықталуы
д) Физикалық дамуы артта қалған

170. Бала 3 жаста. Физикалық дамуы артта қалған. Терісі бозғылт. Жүрек шекарасы көлденеңінен және жоғары кеңіген. Жүрек ұшының түрткісі жайылмалы, көтеріңкі, төмен жылжыған. Төстен солға қарай ІІІ-ІҮ қабырға аралығында систолалық діріл және ұзақ систолалық шу естіледі. Диагнозы:


а) ашық артериялық өзек
б) жүрекшеаралық перде ақауы
в) оқшауланған өкпе артериясының стенозы
г) аорта коарктациясы
д) қарыншааралық перде ақауы

171. Фалло тетрадасының анатомиялық құрамына БІРЕУІ КІРМЕЙДІкірмейді:


а) оң қарынша гипертрофиясы
б) аортаның оңға ығысуы
в) өкпе артериясының стенозы
г) Сол қарыншаның гипертрофиясы
д) қарыншааралық перде ақауы

172. Рентгенде - жүрек етіктің басы пішіндас, белі айқын, жүрек ұшы көтеріңкі, бұл қай ТБЖ ға тән


а) аорта коарктациясы
б) аортаның оңға ығысуы
в) Фалло тетрадасы
г) жүрекшеаралық перде кемістігі
д) ашық артериалдық өзек

173. 12 жастағы қыз бала жүйелі склероз диагнозы қойылған. Қандай аспаптық зерттеу әдісі қажет?


а) ЭхоКГ
б) ЭФГДС
в) LE клеткаларын анықтау
г) антистрептококк антиденелерінің титрі
д) буындардың рентгенографиясы

174. Қарап тексергенде 12 жасар балада көзінің айналасында қызғылт эритема, пойкилодермия анықталады. Пальпацияда бұлшықеттерінің ауру сезімі және тыгыз консистенциясы байқалады. Болжам диагноз:


а) дерматополимиозит
б) жүйелі қызыл жегі
в) жүйелі склероз
г) түйінді полиартериит
д) аллергиялық дерматит

175. 4 айлық бала. Тамақтандырғанда ентігеді, мазасыз. дене салмағы төмен. Тері жабындылары бозғылт, «мәрмәр түстес». Жүрек ұшы солға, төмен ығысқан. Пальпацияда сол жақ ІІІ-ІҮ қабырға аралығында систолалық діріл. Аускультацияда – сол жақ ІІІ-ІҮ қабырға аралығында қатаң систолалық шу. Балада болуы мүкін:


а) митральды қақпақша жетіспеушілігі
б) өкпе артериясының стенозы
в) қарыншааралық перде ақауы
г) ашық артериалдық өзек
д) жүрекшеаралық перде ақауы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет