59
4.2 Екі өлшемді массивтерді өңдеу
Екі индексті қажет ететін массивтер екі өлшемді массивтер деп аталады.
Олар элементтері a
ij
(i=1,n; j=1,m) болатын матрицаны құрайды. Екі
өлшемді
массивтер матрица түрінде беріледі, яғни бірінші индекс –
жол номерін, ал
екінші индекс қатар номерін көрсетеді. Екі өлшемді массивтермен жұмыс
істегенде кірістірілген (күрделі)
циклдар қолданылады, яғни цикл ішінде
цикл.
Екі өлшемді массивтерді – матрицаны төмендегідей көрсетуге болады:
Екі өлшемді массив бір өлшемді массив сияқты сипатталады. Мысалы,
оператор
float
R[5][10];
5 элементтен
тұратын массивті жариялайды, олардың әрқайсысы он нақты
саннан (float) тұратын массив. Бұл массивтің жеке
шамалары екі индекспен
аталып белгіленеді: R[0][0], R[0][l], ..., R[4][9]. Сонымен, келтірілген
сипаттау нақты сандардан тұратын өлшемі 5х10 (5 жол, 10 баған)
болатын
матрица. Индекстерді бір жалпы жақшаға алып жазуға болмайды, яғни
R[2,3] түрдегі жазбасы дұрыс емес. Үш өлшемді массивті сипаттау мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: