Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері



Pdf көрінісі
бет60/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79
Жолдарды қосу.
Жолдарды бір жолға қосу үшін 
strcat
және 
strncat
функциялары 
қолданылады. 
сhar *strcat (char *str1, const char *str2 ) 
функциясы str2 жолын str1 
жолына қосады, және str1 жолының аяқталатын нольдік байты өшіріледі. 
Функция str1 жолына көрсеткіш қайтарады. 
сhar * strncat( char *str1, const char *str2, size_t n )
функциясы str2 
жолынан n символды str1 жолына қосады, және str1 жолының аяқталатын 
нольдік байты өшіріледі. Функция str1 жолына көрсеткіш қайтарады. 
Егер str2 жолының ұзындығы n-нен кіші болса, онда тек str2 жолына 
кіретін символдар қосылады. Жолдарды str1 жолына қосқаннан кейін 
әруақытта нольдік байт қосылады. Функция str1 жолына көрсеткіш 
қайтарады. 
Мысал. 
#include  
#include < string.h > 
int main () { 
char str1[80] = "String "; 
char str2 = "catenation "; 
char str3 = "Yes No";
strcat(str1, str2); 
printf("%s\n", str1 );
//String catenation жазады 
strncat(str1, str3, 3); 
printf("%s\n", str1);
//String catenation Yes жазады
return 1; 

Жолдан символ іздеу.
Жолдан символды іздеу үшін 
strchr, strrchr, strspn

strcspn
және 
strpbrk
функциялары қолданылады. 
char *strchr(const char *str, int c )
функциясы str жолына с 
параметрімен берілген алғашқы символдың кіруін іздейді. Сәтті жағдайда 
функция алғашқы табылған символға көрсеткіш, кері жағдайда – NULL 
қайтарады.
char *strrchr(const char *str, int c )
функциясы str жолына с 
параметрімен берілген символдың соңғы кіруін іздейді. Сәтті жағдайда 
функция соңғы табылған символға көрсеткіш, кері жағдайда – NULL 
қайтарады.
Мысалы.
#include  
#include < string.h > 
int main() { 
char str[80] = "Char search";
printf("%s\n", strchr ( str, 'r' ));
//r search жазады


91 
printf("%s\n", strrchr ( str, 'r' ));
// rch жазады
return 1; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет