Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері


Типті айқын түрлендіру операциясы («тип» операциясы)



Pdf көрінісі
бет13/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79
Байланысты:
С,С тілінде программалау негіздері

Типті айқын түрлендіру операциясы («тип» операциясы).
Бұл 
операцияны орындау келесі форматта болады: 
(тип_аты) операнд 
Операнд ретінде тұрақты, айнымалы, өрнек болуы мүмкін. Нәтижесінде 
операнд мәні көрсетілген типке түрлендіріледі. Типті түрлендіруді пайдалану 
мысалдары: 
(long) 8, (float) 1, (int)x % 2 
Соңғы өрнекте «тип» операциясының дәрежесі бөлуден жоғары (және 
басқа бинарлық арифметикалық операциялар), өйткені х айнымалысының 
мәні алдымен бүтін типке (бөлшек бөлігі түсіп қалады) келтіріледі, содан соң 
модуль бойынша бөлу орындалады. Программаның келесі фрагменті типті 
түрлендіруді қолдану қажеттілігі болғандағы практикалық жағдайдың бірін 
көрсетеді: 
float с; 
int a=l,
 
b=2; 
с=(float)а/b; 
Нәтижесінде с айнымалысы 0,5 мәнін қабылдайды. Типті түрлендірусіз оның 
мәні 0-ге тең болатын еді.
2.5.4 Си тіліндегі түрлі қызмет операциялары 
 
Sizeof операциясы
. Бұл операцияның екі жазылу формасы бар: 
sizeof (тип) және sizeof (өрнек) 
Бұл операцияның орындалуы нәтижесінде айқын көрсетілген типті 
шаманың немесе өрнекті есептеу нәтижесінде алынған шаманың жадыда 
алатын байттар санына тең бүтін сан қайтарылады. Екіншісі де өрнектің 
нәтижесінің типі бойынша, сол тәртіппен анықталады. Жазылу формасы 
бойынша функцияға ұқсас, бірақ 
sizeof
операция болып табылады. Оның 
дәрежесі бинарлық арифметикалық операцияларға, логикалық операциялар 
мен қатынастарға қарағанда жоғары болады. Операцияны қолдану 
мысалдары: 
sizeof(int)
нәтижесі 2 
sizeof(1)
нәтижесі 2 
sizeof(0.1)
нәтижесі 8 
sizeof(char)
нәтижесі 1 
sizeof(‘a’)
нәтижесі 2 


23 
«Үтір» операциясы.
Бұл операция бірнеше өрнектерді біртұтас етіп 
байланыстыру үшін қолданылады. Үтір арқылы бөлінген бірнеше өрнектер 
солдан оңға қарай тізбектей есептеледі. Мұндай өрнек нәтижесі ретінде ең оң 
жақтағы өрнек қабылданады. Мысалы, егер X айнымалысының типі 
int
болса, онда (X=3, 5*Х) өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал X айнымалысы 3-
ке тең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет