else
сөзінен кейін ешқашан «әйтпесе» блогы қойылмайды, ол
if
операторынан кейін жақшадағы негізгі шарт жалған болғанда ғана
орындалады.
«Егер» блогы немесе «әйтпесе» блогында бір ғана оператор болса, онда
фигуралық жақшаларды қоймаса да болады.
Шартты құрғанда логикалық қатынас белгілерін пайдалануға болады:
<
үлкен, кіші
>= , <=
үлкен немесе тең, кіші немесе тең
==
тең
!=
тең емес
Си тілінде нольге тең емес кез келген сан ақиқат шартты, ал ноль жалған
шартты білдіреді. Егер «әйтпесе» блогында ештеңе жасау керек болмаса,
онда бүкіл «әйтпесе» блогын алып тастап, шартты оператордың қысқаша
формасы қолдануға болады:
if (
шарт
) {
39
... //
егер шарт ақиқат болса
}
Мысалы, жоғарыда көрсетілген есеп программасын төмендегідей етіп
жазуға болады:
#include
#include
main()
{
float a, b, max;
printf("a және b енгіз:");
scanf ( "%f%f", &a, &b );
max = a;
if ( b > a )
max = b;
printf ( "екі санның үлкені %f", max );
getch();
}
«Егер» және «әйтпесе» блоктарында кез келген басқа операторлар,
соның ішінде басқа да қабаттасқан шартты операторлар бола алады; мұнда
else
операторы алдыңғы жақын
if -
ке жатады:
if ( a > 10 )
if ( a > 100 )
printf ("Сіздің ақшаңыз өте көп.");
else
printf ( "Сізде ақша жеткілікті");
else
printf ("Сіздің ақшаңыз аз");
3.2 Күрделі шарттар
Қарапайым шарттар бір ғана қатынастан тұрады(үлкен, кіші және т.б.).
Кейде екі немесе одан да көп қарапайым қатынастар бірігетін шарт жазу
қажет. Мысалы, кәсіпорын 25-тен 40 дейінгі жастағы қызметкерлерді
таңдайды. Сонда қарапайым программа төмендегідей болады:
#include
#include
main() {
int age;
printf ( "\nЖасыңызды енгізіңіз: " );
scanf ( "%d", &age );
if ( 25 <= age && age <= 40 ) // күрделі шарт
printf ("Сіз бізге лайықсыз.");
else
printf ("Кешіріңіз, Сіз бізге лайық емессіз.");
40
getch();
}
Күрделі шарттар логикалық операциялар белгілері көмегімен бірігетін
екі немесе бірнеше қарапайым қатынастардан тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |