Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері



Pdf көрінісі
бет31/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79
while
- “әзір”

Берілген шартқа тәуелді бірнеше рет қайталанып орындалатын операторды – 
циклдің денесі
деп атаймыз. 
while 
операторы алгоритмдік тілдегі «әзірше» цикл командасына сәйкес. 
«әзірше» цикл командасының жазылу схемасы: 
әзір
<шарт> 
цб 
<цикл денесі> 
цс 
бітті 
Шартта логикалық қатынастар мен операциялар белгілерін қолдануға 
болады:
>, < - 
үлкен, кіші 
>= , <= - 
үлкен немесе тең, кіші немесе тең 
== - 
тең 
!= - 
тең емес 
• Егер шарт басынан дұрыс емес болса, онда цикл бірде-бір рет 
орындалмайды (алдын ала шарты бар цикл). 
• Егер шарт жалған болмаса, онда цикл ешқашан тоқтамайды; бұл кезде 
программа «
циклденіп қалады
» -
бұл күрделі логикалық қате болып 
табылады. 
• Си тілінде нольге тең емес кез келген сан ақиқат шартты, ал ноль – жалған 
шартты білдіреді: 
while (1)
// 
шексіз цикл
 

цикл денесі
 }
 
 
while ( 0 ) { 
цикл денесі
 } // 
цикл бірде бір рет орындалмайды 
 


46 
• Цикл денесі фигуралық жақшаға алынады; егер цикл денесінде бір ғана 
оператор болса, онда жақшаны қоймаса да болады.
• Цикл денесіне кез келген басқа операторлар, соның ішінде басқа 
циклдердер де кіре алады (мұндай тәсіл «кірістірілген циклдер» деп 
аталады). 
• Программаны оңай оқу үшін циклдің денесі және оны шектейтін барлық 
жақшалар 2-3 символға оңға жылжытылып жазылады . 
 
 Мысал 1.
Алғашқы он натурал сандардың қосындысын табыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет