Жолдарды қосу. Жолдарды бір жолға қосу үшін
strcat және
strncat функциялары
қолданылады.
сhar *strcat (char *str1, const char *str2 ) функциясы str2 жолын str1
жолына қосады, және str1 жолының аяқталатын нольдік байты өшіріледі.
Функция str1 жолына көрсеткіш қайтарады.
сhar * strncat( char *str1, const char *str2, size_t n ) функциясы str2
жолынан n символды str1 жолына қосады, және str1 жолының аяқталатын
нольдік байты өшіріледі. Функция str1 жолына көрсеткіш қайтарады.
Егер str2 жолының ұзындығы n-нен кіші болса, онда тек str2 жолына
кіретін символдар қосылады. Жолдарды str1 жолына қосқаннан кейін
әруақытта нольдік байт қосылады. Функция str1 жолына көрсеткіш
қайтарады.
Мысал.
#include #include < string.h >
int main () {
char str1[80] = "String ";
char str2 = "catenation ";
char str3 = "Yes No";
strcat(str1, str2);
printf("%s\n", str1 );
//String catenation жазады strncat(str1, str3, 3);
printf("%s\n", str1);
//String catenation Yes жазады return 1;
}
Жолдан символ іздеу. Жолдан символды іздеу үшін
strchr, strrchr, strspn ,
strcspn және
strpbrk функциялары қолданылады.
char *strchr(const char *str, int c ) функциясы str жолына с
параметрімен берілген алғашқы символдың кіруін іздейді. Сәтті жағдайда
функция алғашқы табылған символға көрсеткіш, кері жағдайда – NULL
қайтарады.
char *strrchr(const char *str, int c ) функциясы str жолына с
параметрімен берілген символдың соңғы кіруін іздейді. Сәтті жағдайда
функция соңғы табылған символға көрсеткіш, кері жағдайда – NULL
қайтарады.
Мысалы.
#include #include < string.h >
int main() {
char str[80] = "Char search";
printf("%s\n", strchr ( str, 'r' ));
//r search жазады