Т.Әубәкіров — 6О-жаста Биыл қазақтың біртуар ұлы перзенті, тұңғыш ғарышкеріміз, сынақшы-ұшқыш



Pdf көрінісі
Дата30.12.2016
өлшемі274,75 Kb.
#792

Т.Әубәкіров — 6О-жаста

Биыл қазақтың біртуар ұлы перзенті,

тұңғыш ғарышкеріміз, сынақшы-ұшқыш,

Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһар-

маны, Ғасыр адамы Тоқтар Әубәкіровтің

ғарышқа ұшқанына 15 жыл, туғанына 60

жыл толады.

ламды өзіммен бірге ала келдім. Рах-

мет, жерлестеріме! Қарқаралының

атағы күллі әлемге белгілі. Мен

елімнің, жерімнің осы қасиетіне дақ

түсірмеймін!» деп айтқан еді.

1991 жыл, қарашаның 8 жұлды-

зы. Тоқтар Әубәкіров пен Талғат

Мұсабаевты үйелмендерімен Улья-

нов ауданының бір топ жұрты күтіп

алып, Тоқаңа жерлестері сәйгүлік

сыйлады. Батыр ініміздің кіндік қаны

тамған Ақжол аулында жұртшылық-

пен кездесті. Елдің қуанышында шек

жоқ. Ғарышкер де ескі таныстары-

Тоқтар батырды туған жеріне

келген 1988 жылдың көктемінде

және халықаралық экипаж құрамын-

да ғарышқа ұшып, 1991 жылдың 2

қазанында аман-есен жерге оралып,

Қарқаралыға келген сапарында ал-

ғаш рет суретке түсірген едім. Сон-

да ғарышкермен болған кездесу-

лердің басы-қасында жүрдім.

1987 жылғы 4 қарашада Мәскеу-

де Т.Әубәкіровке жаңа авиация тех-

никасын сынаудағы үздік ерлігі үшін

Кеңес Одағының Батыры атағы

беріліп, Ленин ордені мен Алтын

Жұлдыз медалі қоса тапсырылды.

Тоқтар дыбыстан жылдам ұшатын

Тоқтардың туған аулынан кейін

Талғат екеуі Қарқаралыда болды.

Онда Мәдениет үйінде балалар мен

басқа да жұртшылық тосып алды.

Үлкен кісілер жағы шашу шашып, жо-

ралғы-жол жасап жатты. Қарқаралы

ауданының имамы Зейнолла Сей-

сембеков сөз сөйлеп, батасын берді.

Бұл жерде айтайын дегенім, алғаш-

қы кездескен соң, бұл менің батыр-

ды екінші қарсы алуым. Балам Берік

Тоқтар мен Талғат ағаны көрсетші

деп болмады. Бірақ ол кісілерге жо-

лығу мүмкін емес еді. Қастарында

«МИГ-29» истебителімен тұңғыш рет

отандық авиация-теңіз флоты

тәжірибесінде «Тбилиси» крейсе-

рінің трамплинді палубасынан

көтерілді. Сөйтіп, жүзгіш аэродром-

ды «МИГ-29»-дің ұшу алаңына ай-

налдыру жөніндегі эксперимент

әлемде бірінші рет жүзеге асты.

1991 жылдың 2 қазанында

Т.Әубәкіров халықаралық экипаж

құрамында ғарышқа ұшты.

Тоқтар батыр екінші дүниежүзілік

соғыс аяқталысымен көп ұзамай-ақ

шыр өтіп дүниеге келіпті. Сарытау-

дың етегін мекен еткен әкесі Оңғар-

бай, шешесі Қалия бірінен соң бірі

шетіней берген тоғыз ұлдың Аллата-

ғала жаратқан жалғасын үміт артып,

азан шақырып Тоқтар деп ат қойып-

ты. Қайран ата-ана-ай, осы ұлының

халқынан шығар тұңғыш ғарышкер

боларын естімеген түгілі, сезбей де

кеттіңдер-ау!

Батырдың туған жердің топыра-

ғына алғаш табаны тиген уақыты

1988 жыл. Осы кездесуде Тоқтар

тебіреніп тұрып: «Мен өзім туған то-

пырағымды ешқашан ұмытқан жоқ-

пын. Қайда жүрсем де есімде болды.

Ең қиын сәттерде де Қарқаралыны

еске алатынмын. Менің 20 жылдан

астам өмірім Қазақстаннан тыс жер-

де өтіпті. Қазақтың тілі мен дәстүрін

ұмытып, өгейсіп кетпесін деп екі ба-

мен құшақтасып мәз-мейрам.

- Шаттыққа толы жүрегім еріп

бара жатқандай, - деп бастады сөзін

Тоқтар. - Міне, алдыңа келіп басым-

ды иіп тұрмын, туған елім, туған

жерім! Сен маған бәрінен де ыстық-

сың. Бәрінен де қымбатсың. Мұнда

менің әкемнің бейіті жатыр. Мұнда

менің балалық шағым өтті. Әрине, ол

кез соғыстан кейінгі қатал жылдар

еді. Дегенмен, менің осындай биікке

көтерілуім сенің арқаң.

қорғайтын адамдар жүрді. Мен ба-

ламды жетектеп, Тоқтар отырған

бөлмеге жақындадым. Ресми кісілер

мені ол бөлмеге кіргізбеп еді, Тоқтар

байқап қалып, шақыртып алдырды.

Мен ұлымның сіздерді көргісі келеді

деген тілегін жеткіздім. Тоқтар батыр

өзімнің алғашқы кездесуде оны су-

ретке түсіргенімді ұмытпағанын, ба-

ламмен қол алысып амандасқанын

асқан адамгершілік деп бағалар едім.

Осы суреттерді 15 жылдан кейін

сүйікті газетім «Орталық Қазақста-

нға» жариялап отырмын.

Сейітқұл МАХМЕТҰЛЫ,

зейнеткер, «Орталық Қазақ-

станның» штаттан тыс

фототілшісі.

СУРЕТТЕ: Т.Әубәкіровтің туған

елге алғаш оралуы (1988 жыл);

Ғарыштан ұшып келгеннен кейінгі

Қарқаралыға екінші сапары (1991 ж.).

Сурет


 автордікі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет