Тәуекел хан (1582-1898 ж.ж) 1580-1582 жылдары хан тағына Жәнібек ханның немере інісі 80 жастағы Шығай отырды. Ол Баба сұлтанның Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргеніне өшігіп, қарсы шықты. Баласы Тәуекел сұлтан екеуі Абдаллах ханмен бірігіп, 1582 жылы Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорық жасалды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті Қыпшақ даласына қашты. Абдаллах хан Сайрам, Сауран, Түркістан бекіністерін қоршаған даңқты жорығында қажырлы қайрат көрсеткен Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға сыйға Ходжентті береді.
Осы жорықта Шығай хан қайтыс болды. 1582 жылы маусым айында Тәуекелдің сарбаздары Түркістан түбінде Баба сұлтанды өлтіріп, әскерін талқандады. Тәуекел сұлтанға риза болған Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты (Сыр бойыдағы қалалар Абдаллах ханның иелігінде қалды).
Тәуекел ханға дейін Қазақ хандығының жағдайы Тәуекел хан билік құрған кезден бастап оңтүстік өңірлердің есебінен Қазақ хандығының іргесін кеңейтуді ойластырды. Тәуекелдің билікті алған кездегі хандықтың сыртқы жағдайы өте ауыр еді.
Біріншіден, Абдаллах Қазақ хандығына қарсы шықты.
Екіншіден, шығыс жақтан моғолдар мен жоңғарлар ұдайы қауіп төндірді. Алайда Тәуекел хандық билікті нығайтып, қазақ жерін кеңейтіп, хандықтың беделін халықаралық деңгейге көтере білді.
Тәуекел хан көп жасағымен 1598 жылдың жазында Мәуереннахрға басып кірді.
1598 жылы Тәуекел ханның өзбек сұлтандарының қолдауымен басып алған қалалары: Ташкент, Самарқан (Ақаш, Мүнші, Искандер).
Есім сұлтанды 20 мың әскермен Самарқанда қалдырды.
Тәуекел ханның қалың қолы Бұхара қаласын 20 күн қоршауда ұстады.
Бұхара түбінде ауыр жарақаттанып, Тәуекел хан қайтыс болды.