Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы. 1 Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»


Елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту: ұлттық армия, мемлекеттік шекараны анықтау



бет2/6
Дата31.12.2021
өлшемі38,84 Kb.
#22431
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық

2.Елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту: ұлттық армия, мемлекеттік шекараны анықтау 
Ұлттық Қауіпсіздік - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік - ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар- ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы.

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» және алғашқы қорғаныс министрі етіп генерал полковник (1993 жылдың 9 мамырынан армия генералы) С.Қ. Нұрмағамбетовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып қалды. 



Мемлекеттік шекара - мемлекеттік аумақты белгілейтін шектер.Политологиялық тұрғыда шекараны ұлттық егемендік таралатын кеңістіктің шектері ретінде түсіндіреді. Мемлекеттік шекара – белгілі бір елдің құрлықтағы немесе судағы аумағының шегін көрсететін меже.[1]Меже ішіне енетін әуе кеңістігі мен жер қойнауы және су түбі сол мемлекеттің аумағы болып табылады. Көршілес мемлекеттердің шекара межелері өзара келісімдер мен шарттарда белгіленеді.Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу делимитация деп аталады.Жер бетінің құрамына қарай (тау жоталарымен, өзен арналарымен, т.б.) жүргізілген шекара сызығы орография деп аталады.Жер бетіндегі екі белгі арасында тікелей тартылған шекара сызығы геометрия деп аталады.Әдетте шекараны делимитациялау туралы шарттар шекара жөніндегі арнаулы келісімдерде, бітім шарттарында, мемлекеттік аумақтың белгілі бір бөлшегін екінші бір мемлекетке беру туралы, т.б. келісімдерде белгіленіп, шекара сызығын сол белгіленген жерлер бойынша нақтылы жүргізу демаркациялау деп аталады.Берлин(оң жақта) мен Нидерланд(сол жақта) арасындағы шекараРесми түрде белгіленген және бекітілген сызығын мемлекеттердің бір жақты бұзуы немесе қайта қарауы халықараралық құқыққа қайшы келеді. Мемлекеттік шекараны бойлай шекаралық белгілер орнатылады. Мемлекеттік шекараның күзетін шекаралық әскер (шекарадағы күзеттер, шекаралық қара-уылдар) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан керекті құжаттарсыз және тиісті рұқсатсыз өту немесе шекаралық белгілерді заңсыз алу, жылжыту не жою қылмыстық жауапкершілікке тартылады (Қазақстан Республикасы Қазақстан Конституциясынің 330, 331-бабы). Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көршілес мемлекеттер – Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы меморандумға қол қойды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет