ТӘУелсіз еліміздің ТҰҒыры биік болсын!



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата24.03.2017
өлшемі8,93 Mb.
#10173
1   2   3

Қ.И. МУШАНОВ,  

Д.Ә. БЕКМУХАНБЕТОВ 

Алматы қаласы, Медеу аудандық 

төтенше жағдайлар департаментінің 

негізгі мамандары  

++++++++++++

++++++++++++

СТУДЕНТТІК ӨМІР, 

ҚЫЗЫҚТЫ КӨҢІЛ

Оқу  орнымыздың  85  жылдық  ме рей­

тойына  орай  екінші  желтоқсанда  «Сту­

денттік өмір, қызықты көңіл» атты көңілді, 

тапқырлар  сай ысы  өтті.  Агробиология 

және  фитосанитария  факультетінен  «Мұ­

рагер»  командасы,  Тех но логия  және 

биоресурстар  факультетінен  «Қы тық та­

ма,  өзім  күлем»  және  «ҰАУ»  ко ман да­

лары,  Инженерлік  факультетінен  «ИнФак», 

«Болашақ  инженерлер»  командалары,  Ве­

те  ри нария  факультетінен  «Жас  Stars»  ко­

ман дасы,  Орман,  жер  ресурстары  және 

кө кө ніс 

шаруашылығы 

факультетінен 

«Лес  ная  брат ва»,  «ЛесГоу»  командалары 

қатысты. Жүлделі бірінші орынды «ЛесГоу» 

командасы, екінші орынды «Қытықтама, өзім 

күлем» командасы, үшінші орынды «ИнФак» 

ко ман дасы  иеленді.  Қатысушы  командалар 

ара сынан Үздік ойыншы номинациясын «Бо­

ла шақ  инженерлер»  командасының  мүшесі 

Қуат,  «Мұрагер»  командасының  мүшесі 

Рыс  баева  Дина  марапатталды.  Қалған  қа­

ты  сушы  командалар  басқа  да  марапатпен, 

сыйлықтармен  марапатталды.  Қатысушы 

команданың 



арасынан 

«ЛесГоу», 

«Қытықтама, өзім күлем», «ҰАУ», «ИнФак», 

«Лесная  братва»  командалары  көктемгі 

финалға жолдама алды. Шараны Технология 

және биоресурстар фа куль теті мен студенттік 

кәсіподақ комитеті ұйым дастырды. 

Әшірәлі СМАНОВ,

Студенттік кәсіподақ ұйымының 

төрағасы


7

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл

Kazakh National Agrarian University - 85 years

Қайрат  Ноғайбайұлы  Рысқұлбеков  (13  на­

урыз  1966,  Мойынқұм  ауданы  Бірлік  ауылы  – 

21  мамыр  1988,  Семей  қаласы)  –  1986  жылғы 

Желтоқсан  көтерілісінің  қаһарманы.  Қайрат 

Рысқұлбековтың  ату  жазасы  20  жылға  бас 

бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылған 

болатын.  Бірақ  Шу,  Қарағанды  темір  жол 

бекеттері  арқылы  Рысқұлбеков  белгісіз  се­

бептермен  Семей  түрмесіне  жеткізіледі.  1988 

жылы Қайраттың камерасынан оның өлі денесі 

табылғанымен,  құпия  қазаның  сыры  әлі  күнге 

дейін  ашылмады.  Оқырмандарымыздың  на­

зарына  Қайраттың  түрмеде  жазған  хаттарын 



ұсынуды жөн көрдік. 

*********

...Дүниедегі  ең  сұмдық  зұлымдықты  сот 

алдындағы азамат сотынан көрдім. Әді лет сіз­

дік пен сот жас гүлге өлім септі, зұлымдықпен 

атып  тұрды  да,  «ату  жазасы»  деп  жас 

жүрекке найзаны сұқты­кетті. «Өспей жатып 

– өшу, жанбай жатып – сөну» деген осы да.

«Бақ  түссе  –  маңдайымнан,  тас  түссе 

–  талайымнан»,  көріп  алдым,  маған  өлім 

қорқынышты  емес,  өйткені  адалдығым  одан 

биік тұр.

...Әнеукүнгі  кездесуде  менің  приговорым­

ды  алдыңдар  ма?  Талғаттың  суретін  неғып 

тас тап    кетпедіңдер.  Ақша  салып  кеттіңдер 

ме?  Келесіде Талғаттың, Рахат пен Асхаттың 

су рет тері  болса,  ала  келіңдер.  Кездесуге  кірер 

алдында, сендерге «кір» деп айтады ғой қайсысы 

болса да, я сержант, я капитан, соған беріңдер 

суретті, бере салсын маған, (өтінесіңдер ғой). 

Кездесуге келердің алдында, бір тал роза гүлін 

ала келіңдерші. Жақында мейрам ғой. Қонақтар 

кеп  қалғандай  болсын,  бөлме  сәнсіз  болмасын. 

Оны да суретпен бірге беріңдер. Болса екі тал 

(екі штук), ырым болсын...

Өзіме келсем, денсаулық жаман емес. Жағдай 

да  солай.  Ертеңнен  кешке  дейін  шексіз  қиялға 

берілемін де жатамын. Көкірегімде сол жалғыз 

үміт  пен  шексіз  қиял.  Жазатын  қол  жеткен 

жердің бәріне жаздым, кім біледі артының не 

боларын. Я сен, я мен боламыз да. Жоғарғылар 

ақтаса,  ақтар,  болмаса  құдай  сақтар.  Басқа 

не істейміз, аяқтарына жығылатын мен емес. 

Бар  шын дықты  жазып  жібердік,  қалғанын 

өздері білсін.

Жазымыштан    озмыш  жоқ.  Барлық  та ныс­

тар ға, туыстарға, достарға менен сәлем.

Беттеріңнен сүйе бердім. 

Сәлеммен Қайрат.

23.09.87 ж.

Соңғы хат!

Сағынышты да қайғылы мәңгі қоштасу, ең 

соңғы амандық­жамандық хат

Амансыңдар  ма,  ардақты  асыл  анашым, 

бауыр­ет бауырларым, қадірлі қарындастарым, 

ақ  пейіл  жеңешем  мен  келінім  және  балдай 

тәтті қос бөбектерім!

Сендердің  денсаулық,  көңіл­күй,  тұрмыс­

тіршіліктеріңді  сұрап  не  қылайын,  бәрібір 

маған  оны  естіп­білуді  қу  тағдыр  менің 

сормаңдайыма жазбайын деп отыр.

Әйтеуір бұ дүниеде де, о дүниеде де ақ таза 

жүрегіммен  бар  тілейтінім  —  өздеріңнің 

әрқашан да аман­сау, ардақты адам болуларың.

Ендігі  өздерің  де  естіп­біліп,  үлкен  қуаныш 

үстінде боларсыңдар. Сонда да басынан аяғына 

дейін өз қолыммен жазайын. Бар қасірет, мұң­

зар,  бақытсыздық,  қырық  қырсық  мен  сорлы 

бейшара, бейкүнәнің басына қашан,  қалай, қай 

уақытта,  не  себепті,  қандай  арамза  жолдар­

мен  келгені  өзімнен  басқа,  сіздерге  де  белгілі 

болар  деп  ойлаймын.  Сіздер  толық  анығын 

білмесеңдер де, Талғат бәрін түгел біледі, мен 

оған  бар  сырымды  еш  жасырмай  жазғанмын. 

Оның маған жазған жауабы, бауырлық ретінде 

берген уәде, серті: «Аман­есен Отан алдындағы 

өз  міндетімді  адам  баласына  лайықты  абы­

роймен   өтеп, туған  үй,  ошақ басына  оралған 

соң,  мейлі  үш  жыл  өтсін,  мейлі  отыз  жыл 

өтсін, бәрбір мен ақиқат — шындыққа түбі бір 

жетемін. Тек қана адал жолмен жетемін», деп 

жазған еді. Әрине, мен Талғатқа толық сенемін. 

Оның  айтқаны  айтқан,  айтқан  сертінен 

қайтпайтынын  өз  басым  өте  жақсы  білемін. 

Сол себепті, оған өз басым, оның бауырлық ақ 

ниетіне,  ағасының  жоғын  жоқтауына  шексіз 

алғысымды  білдіремін!!!  Оған  сәлем  жолдап, 

айтыңыздар:  «Мен  сорлыны  толық  жан­

жақты түсініп, мен бейшараны кешірсін».

Өздеріңізге  әбден  белгілі,  яғни  менің 

жазықсыздан­жазықсыз, 

адам 

тұрмақ 

тышқан  мұрнын  да  қанатпай  сорлағанымды, 

темір торға торланғанымды, одан қала берді, 

түйенің көзіндей тесікке түйедей жала жабу­

мен ақыры ату жазасын алғанымды.

Иә, мен сіздерден еш жасырмаймын, мен 18 

желтоқсан 1986 жылы 

алаңға  бардым,  көпшілікпен  бірге.  Барғанда 

да  Конаевтың  күйін  күйттеп  барған  жоқпын. 

Тек  қана,  ол  жерге  барған  себебім,  бар 

мақсатым,  біріншіден,  ол  жерде  не  болып,  не 

істеп,  не  қойып  жатқанын  өз  көзіммен  көру 

болды. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас 

қыздарын  ұрып­соғып,  өлтіріп  жатыр  дегенді 

елден  естіген  соң,  өз  басым  қолымды  жайып 

«күл болмасаң, тұл бол» деп отыруға еркектік 

ар­намысым  еш  жетпеді.  Ел  қатарында  ер 

қара  боп,  саны  бар  сапасы  жоқ  боп,  ербеңдеп 

жүрген  намыссыз  еркек  мен  емеспін,  құдайға 

шүкіршілік, менің де көркейген кеудемде нағыз 

ерге лайық «намыс» баршылық.

Оның  үстіне  «қыздың  жолы  жіңішке»  де­

ген.  Менің  түсінігімше,  әйел  адамға  ер  адам­

дар  тұрмақ,  аң  екеш  аңдардың,  хайуандардың 

еркегі  де  ұрғашысына  мүйіз,  я  болмаса 

тұяғын  көтермейді.  Ал,  біз  бәріміз  де  аң  емес 

адамзаттың  ұлы  —  адамбыз,  сондықтан  ер 

адам  әйел  затына  қол  көтеріп,  қол  жұмсауға 

тиіс емес, әуелі еш құқығы жоқ. Міне, қысқаша 

айтқанда,  осындай  түсінікпен,  әйел  затына 

ер  болып  өз  қол  ұшымды  беріп,  көмектесуге, 

оларды  арашалап,  қорғау  үшін  барғаным  рас. 

Сол  жерде  қолымнан  келгенше  бар  көмегімді 

бергенім  де  рас.  Ол  үшін  әлі  күнге  дейін, 

еш  өкінбеймін,  керісінше,  үлкен  мақтаныш 

тұтамын.  Бірақ  та,  бір  құдай  өзі  куә,  адам 

баласын еш өлтіргенім жоқ. Мұндай айуандық 

жасаудың  өзі,  сормаңдай  менің  қолымнан 

келмейді. Еш уақытта, ешқашанда...

Ал,  әйел  затына  айуандықпен  қол  көтеріп, 

шашынан  тартып,  көкпарша  сүйрегені  үшін 

бір  милицияны  ұрып­соққаным  рас.  Ол  адам, 

күні бүгінге дейін аман­есен зыр жүгіріп жүр. 

Өз  қолыммен  жасаған  бар  теріс  қылық,  бар 

қылмысым осы ғана.

Ал,  маған  «жығылғанға  жұдырық»  деп  зұ­

лым дықпен мойныма ілген «адам өлімі» – менің 

ісім  емес.  Мұның  бәрін,  ою­қиюын  келістіріп 

көпе­көрнеу жала­жалғандықпен мен сорлының 

мойнына жүз қайтара орап ілген «ұялмайтын 

бес  гектардай  беттеріне  талмайтын  жақ 

берген»  албасты    атқан    тергеушілер  мен 

әб жылан  жалақорлардың  ісі.  Ол  атаңа  лағ­

нет тердің  бұлай  істеген  себебі,  біріншіден, 

өл ген адам жала жабушы жалақорлардың жа­

қын,  бірге  істескен  таныстары,  сол  себепті 

өз  таныстарының  өш­кегін  алу;  екіншіден, 

ал басты  әбжылан  тергеушілердің  «қанға  –

қан,  жанға  –  жан»  деп  зұлымдықпен  «өлген 

адам»  үшін  әдейі  мені,  «менің  қолтықтап  де­

меу шім»  жоқ  бейшара  екенімді  біліп,  істеп 

отырғандары.

Иә,  мен  сорлылығымнан  жазықсыздан­

жазықсыз  ату  жазасын  алдым.  Өйткені, 

өзімнің  кінәлі  емес  екенімді,  адалдығымды, 

қолымның  қан  емес  екенін  қанша  зар  еңіреп 

айтқаныммен өзімді еш ақтай алмадым.

Дүниеде,  адам  баласының  өз­өзін  ақтауы 

қиын  екені  кеудесінде  жаны  барлардың  бәріне 

жақсы белгілі. Сондықтан, маған да бұл жағы 

қатты ауырсоғып отыр...

Міне, өздеріңіз естігендей «ату жазасын» 20 

жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, 

біреуге  жұбаныш,  ал  біреуге  азап.  Өз  басым, 

бұл үшін еш қуанғаным жоқ. Өйткені, асыл ана­

шым, түсініңізші мені! Ешуақытта, ешқашанда 

бұл  тас  зынданда  жазықсыздан­жазықсыз 

еш  отырғым  келмейді.  11  ай  ішінде  қайғы­ 

қасіреттен  жүйке  тамырым  әбден  жұқарды, 

әбден  шаршадым.  Сол  себепті,  жазықсыздан­

жазықсыз өз­өзімді 20 жыл бойы еш қинағым 

келмейді,  азап  шеккім  келмейді.  Және  сіздерді 

де  қинатып,  азаптағым  келмейді.  Менсіз  де, 

асыл  анашым­ай!  Тағдырдың  тауқыметін  көп 

көрдіңіз ғой. Түсінген жанға сол да жеткілікті. 

Басыңызды  20  жыл  бойы  торлаған,  сізге 

қайғы­уайым болмайын. Ардақты анашым! Бар 

жеткен  жерім  осы.  Аяғыңызға  жығылайын! 

Ақ  сүтіңізді  ақтай  алмай  көз  жұмып  бара 

жатқаным  үшін  сорлы  балаңызды  кешіріңіз! 

Өтінемін, кешірім өтінемін!

Мейлі,  бар  ұл­қыздарыңыздың  ішіндегі  жы­

лан  болып  туылғаны  мен­ақ  болайын.  Тек 

кешіріңіз,  кешіңіз  мен  бейбақты,  бейшараны, 

сорлы балаңызды. Кешіріңіз!

Бауырларым, сендер де кешіріңдер! Түсініңдер 

мені және кешіріңдер!

Жоқ!  Жазықсыз  20  жыл  бойы  азап  шегетін 

мен  емеспін.  Ерте  ме,  кеш  пе,  нағыз  адам 

өлтіруші  қылмыскерлер  әлі­ақ  табылады.  Бұл 

ақиқат! Жүрегім сезеді.

Менің өлігіме тек жалақорлар мен тергеуші, 

соттарды кінәлаңдар!

Соңғы  рет  қимастықпен  беттеріңізден 

сарғайған сағынышпен сүйдім!!!

Қош болыңдар! Кош бол, жарық дүние!

Бар бақытымды о дүниеден табармын.

Сағынышты сәлеммен, балаңыз Қайрат!

21 мамыр 1988 ж.

ЖЕЛТОҚСАН СИМВОЛЫНА 

АЙНАЛҒАН ЖАСЫН ҒҰМЫР

•Біз білмейтін желтоқсан

Ләззат  Сағынбекқызы  ӘШІРБЕКОВА  –  1986  жылы  16 



желтоқсан  көтерілісіне  қатысқан  қазақ  жастарының  бірі. 

1965  жылы  19  тамызда  Жамбыл  облысы,  Мойынқұм  ауданы, 

«Құмөзек» ауылында дүниеге келген. 1982 жылы орта мектепті 

бітіргеннен  кейін  Алматы  медицина  институтында  балалар 

дәрігері факультетінде білім алған. 

17  желтоқсан  күні  сабаққа  барғанда  қазақтар  бөлек,  орыстар 

мен өзге ұлт өкілдері бөлек отырды. Орыстардың: «Орыс болса 

несі  бар,  еш  айырмашылығы  жоқ?»  ­    дегені  есімде.  Арамызда 

еврей  студенті  ғана  бізді  жақтап:  «Бұлардікі  дұрыс,  әр  елді 

өз  ұлтының  басшысы  басқару  керек»,  ­  деді.  Сол  ашу­ызамен 

көшеге шығып, бұл күні жатақханаға аман­есен оралдық. Түнгі 

сағат екілердің шамасында көрші бөлмедегі қыздардың дауыстап 

шақырғандарынан  ояндық.  Балконға  шықсақ  бөлмелес  қыздың 

туған сіңілісі екен. Бізден көмек сұрап, ішке кіргізіп алуымызды 

өтінді.  Оның  түрін  көріп  шошып  кеттік.  Денесі  қан,  бет­аузы 

көгерген, арқасы қанталап тұр. Ол алаңда болғанын айтып, бірақ 

онда болғанын ешкімге айтпауымызды өтінді. 

Ертеңінде сабақтар да жөнді болмады. Студенттер аз жиналған 

соң бізді де қайтарып жіберді. Жағдайды тағы да өз көзімізбен 

көрмек  болып  алаңға  жол  тарттық.  Күндіз  айтарлықтай  ештеңе 

бола  қоймады.  Күн  ұясына  бата  бастаған  шақта  айқай­шу 

басталды. Бұл Желтоқсан көтерілісінің екінші күні еді. Бір уақытта 

артымнан біреу дубинкамен бе, жұдырықпен пе білмеймін, қатты 

ұрды.  Тәртіп  сақшыларының  аямасын  біліп,  жанымды  сақтау 

үшін қашып, Абай даңғылының шетіне қалай жеткенімді білмей 

де қалдым.  Жолдың шетінде су ағатын арыққа тығылдым. Мен 

сияқты қашып бара жатқан екі жігіттің бірін милиционер ұстап 

алып  сабай  бастады.  Қорыққанымнан  орнымнан  қозғала  алмай 

қалдым.  Есімді  жисам  үсті  басымның  барлығы  су  болған  екен, 

үйлердің  арасымен  тығылып  жүріп    әрең  дегенде  жатақханама 

жетіп  алдым.    Келсем  жатақхананың  алдында  төрт­бес  мұғалім 

жүр  екен,  қайдан  келгенімді  көрсетпейін  деп  балшық  болған 

пальтомды  теріс  айналдырып  қолыма  ұстаған  күйі  жатақханаға 

кірдім.  Арқамның  соққы  тиген  жері  көгеріп,  қатты  ауырып 

қалыпты.  Ауырғаны  жаныма  батса  да,  лай  болған  киімдерімді 

жуып, үтіктеп ертеңіне сабаққа бардым. Ондағы ойым – алаңға 

шыққанымды ешкім білмесін дегенім.

  Сол  күні  «судебно­медицинская  экспертиза»  деген  цикл 

еді.  Бұл  сабақ  кезінде  мәйітханаға  баратын  едік.    Әлі  есімде, 

экспертизаға  бізге  бір  жас  қызды  берді.  Иә,  бұл  Ләззат 

Асанова  болатын.  Қағазды  толтырғанда  Ләззаттың  аты­

жөні,  жасы,  музыка  училищесінде  оқитынын  жаздық.    Менің 

қасымдағы  балаға:  «Мына  қызды  алаңнан  әкелген­ау  шамасы» 

дегенімді  оқытушымыз  естіп  қойып:  «неге  олай  ойлайсыңдар, 

ол жақтан емес, алаңда адам өліп жатқан жоқ», ­ деді.  Жалғыз 

мен ғана мәселенің басқаша екенін түсіндім. Жеке танымасам да 

қаракөз қандасымның  мына күйін көргенде іштей егіліп жылап,  

қоштастым.  Өзіммен аттас болған соң ба, оны ұмытқаным жоқ. 

Ләззаттың  денесіне  түскен  жарақаттар  да  әлі  күнге  дейін  көз 

алдымда. Екі санының алдыңғы жағында тізесінен жоғары қатты 

соғылып,  көгерген.  Басының  шүйде  жағында,  сыртында  онша 

жарақат жоқ секілді көрінгенмен ішін ашқанда қанталап қанның 

ұйыған жері үлкен болды. Үстінде қызыл кофта, иығына реглан 

киген. Мойыны жартылай жабық. Осындай күртешенің менде сия 

көгі бар еді, сондықтан есімде қалыпты. 

++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++     





Желтоқсан естеліктерінен

ЛӘЗЗАТ АСАНОВАНЫҢ  ДЕНЕСІН 

СТУДЕНТТЕРГЕ ЭКСПЕРТИЗАҒА БЕРДІ

Ләззат Асанованың студенттік шағы

 

8

Ќазаќ ўлттыќ аграрлыќ университетіне - 85 жыл



Kazakh National Agrarian University - 85 years

ЌазЎАУ – 85!

А.Жұбанов атындағы оркестр және эстрада-вокал 

үйірмесінің жетекшісі Жадыра Исабекова

Дәстүрлі ән үйірмесінің мүшелері, университетіміздің 

студенттері: Талғат Т леген және Жазерке Тұрлыбекова

Ана-Жер Ана қойылымы. «Гүл-Бану» би ансамблі

Мерейтой қарсаңында құрметті профессор 

атағын иеленгендер

Инновациялық орталықтың ашылуы 

Университет студенттері: Гүлсезім Жақсылық пен 

Бақытжан Хамитұлының орындауында Алматы вальсі. 

«Гүл-Бану» би ансамблінің бишілерімен

Эстрада-вокал үйірмесінің мүшелері, университет 

студенттері: Ислам Кеңесхан, Зере Ыдырыс, Нұрдәулет 

Жұбатыр, Фарида Алдабергенова, Алмат Болатұлы

Жүргізушілер: Ветеринария факультетінің студенті 

сел Қалимолдина мен актер, Қуаныш Мамытқалиев

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.  

Университет ректоры Тілектес Есполов

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, 

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, 

КАҚ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» 



директорлар кеңесінің т рағасы Ғани Қалиев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет