Тәуелсіз қоғамдағы жеке тұлғаның «ерік бостандығы» тұжырымдамасы. Жеке ресурстар, дүниетаным және ұлттық бәрегейлік
Психологиядағы ерік ұғымы
Ерікті актінің құрылымы
Шешім қабылдау және таңдау мәселесі
Ерік және тұлға
Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы – ерік болып табылады. Ерік адам психикасының оқшауланған қасиеті емес. Сондықтан ол психиканың басқа жақтарымен және ең алдымен таныммен байланысты қарастырылады. Еріктің мазмұны ойлау, қиялдау үстінде пайдаланатын елестер мен ұғымдар. Мінез-құлықтың еріктік реттелуі - мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тарту үшін ақыл-ой және дене күшін саналы түрде бағыттау. Адамның іс-әрекет қылығын реттестіре алу қабілетінің негізінде жүйке жүйсенің өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру, немесе ынталанлыру және реттеу қызметтерін де атқарады. Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әрекеті ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи - ғылыми негіздерін қалаған И.М. Сеченев пен И.П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндірген. Павлов ерікті әрекеттердің механизмін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық деп анықтаған. Материалистік тұрғыдан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы себепті байланыстылыққа, детермннизм принципке бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығуы да - ерік бостандығының бір көрінісі.
Еріктік амал кезеңдері мен ерік сапаларын қалыптастыру. Ерікті әрекеттермен амалдар мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. Немесе ерікті амал - бұл мазмұны тұрғысынан өте курделі психологиялық әрекет. Бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады. Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет, қылықтардан көрініп отырады. Бірақ жүру, көбейту кестесі келеміндегі ауызша есеп, жақын, туыс адамдармен сөйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететін әрекеттерге жатпайды. Бұл әрекеттер мақсатты, бірақ олардағы ерікті талап ететін сәттер елеусіз. Еріктік әрекеттер мақсаттың және сол сияқты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен, оларды орылдау кезінде бастан кешетін толғаныстардың болуымен сипатталады.
Еріктік амал кезеңдері: Мақсатты аңғару. Қандайда қажеттілік өз түсінік деңгейіне орай құмарлық немесе тілек сипатын алады. Туа бастаған қажеттілік адам санасына күңгірт, бұлыңғыр құштарлық түрінде бейнелейді. Оның күңгірт болатындығы оған қажеттілік әлі аз, оның сигналдары мида айқын бейнеленбейді. Қажеттіліктің арта тусуіне қарай құштарлық тілекке айналады. Еріктік амалдың бастамасы - тілек деп атайды. Бір нәрсені тілеу дегеніміз - не мазалайтынын, қандай мұқтаждық бар және оны қалай қанағаттандыруға болатының білдіру (жазу, біреулерге немесе өзіне айту арқылы). Тілек дегеніміз мұрат түрінде өмір сүретін (адам миында) қажеттілік мазмұны. Тілек әрекетке мотив (іс-әрекетке ү түрткі) болуы мүмкін. Тілеу - бұл алдымен әрекетке келтіруші себепті түсіру кезеңі. Әрқандай қылықтың түрткісіне, кейін мақсатына айналудан бұрын тілек сараптталып, бағаланады; Тілек іс әрекет түрткісі сияқты өзінің туындауына себепші болған қажеттіліктің айқындығымен ерекшеленеді. Әр қилы қажеттіктер маңызының өзгеріске келуінен адамда түрткілер күресі басталалы. Бұл талас - тартыстың мәні; әлі бастамаған әр түрлі әрекеттердің оң не теріс тараптарын, қай жағдайда қандай әрекетке кірісу қажетгілігін таңдауға бағытталған адамның талқылау ісінің жүруі. Түрткілер таласы жағдайына адам үлкен толғанысқа келіп, өз санасы мен сезімінің, қарабасы мен қоғам мүдделері арасындағы қарама - қарсылықтарды жеңе алмай, өз «қалауы» мен сырттан қойылған міндет «талауына » түседі. Түрткілер тартысының қорытынды сатысы шешім қабылдау;
Шешім қабылдау дегеніміз - бір тілекті екінші тілектен ажырату сөйтіп, мақсаттың идеалды бейнесін жасау.
Жоспарлау. Бұл - күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал - жабдығын іздестіру кезеңі. Жоспар әр қилы деңгейде, сапада болуы мүмкін. Кей адамдар бәрін өлшестіріп, пайымдаса, екіншілер жалпы үстүрт жоспармен шектеледі. Жоспарланған әрекет өздігінен бола қалмайды, ол үшін ерік күші жұмсалады.
Ерік күші - бұл адамның қажыр-жігерін жинақтап, мақсатқа жетуге керек болған қосымша қуат, түрткілердің көзін ашатын, мақсатты белгілеу мен орындалуына дейінгі ерік процесінің барша бөліктеріне ықпалды фактор. Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы және артуына қарай туып, күшейіп отырады. Бірақ кейде адамға әрекетті бастау қиын. Ол күдіктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналды қолданудың пайдасы тиеді.
Орындау. Жол мен тәсілдер белгіленіп болысымен, адам қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға кіріседі. Адамның мінез-құлқы қойылған міндет пен алдын ала жоспарланған әрекет тәсіліне бағынышты болады. Бірақ адам әрекет жасап қана қоймай, сол әрекетін бақылап және түзеп отырады. Ол әр сәт сайынғы нәтижені мақсаттап (немесе оның бір бөлігінің) күн ілгері ойда жасалған бейнесімен салыстырып қарайды. Осылайша қол жеткен жеке нәтиже бұрын қол жеткен нәтижелермен қатар қойылады және идеалды бейнеге «жалғастырылады». Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс-әрекеттін нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне бірнеше сапалары бар:
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық т.б.),
екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапаларына (жеке мүддені ұжым ерекше, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары).
үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақтылық т. б. ) бөлінеді.
Тоқтамға келу дегеніміз - адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдеріне келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып аптықпайды. Тек осындай жағадайда ғана адам алдындағы ІСІН дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады.
Табандылық. Мінез- құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі мақсатқа сай бағыттап, бағалап отыру қабілетінен көріетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды. Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа толы, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай адамнын ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. Ұстамдылық немесе сабырлық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңіл күйді және шаршап-шалдығуды жеңе білу қабілетінен көрінетін жеке адамның ерік-жігер қасиетін айтады. Ұстамдылық адамның өз ерік-жігерін билей алу қасиеті. Отан соғысы батырларының, біздің космонавтарымыздың, ұшқыштарымыздың мінез-құлқы тамаша ұстамдылық үлгісі. Тәртіптілік - дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта коллекивтің ырқына бағындыра алу қабілеті. Адам негұрлым өз қылығының қоғамдық мінін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сеніммен, белсенділікпен әрекет етіп, өзінің Отан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді.
Өмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгіленген мақсатқа жету жолында, ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, бойын кернеген сезімді тежеп отыратынын, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді.
Сонымен ерік мінез-құлықтың реттегіші ретінде өмір мен іс-әрекет процесінде қалыптасады. Адам өз еркін коллектив ішінде бола отырып және еңбек, оқу, ойынмен шұғылдана жүріп тәрбиелейді. Іс-әрекеттің қай түрінде болсын, қызығу, көтеріңкі жағымды эмоциялық күй туғызатын элеметтер болады. Бірақ еңбек, оқу және тіпті ойынның өзінде бірсарынды, еш қызықсыз, эмоциялық тартымдылығы жоқ, алайда маңызды, қажетті болып саналатын жайттар да аз кездеспейді. Адам белгілі іс-әрекетпен шұғылдана отырып, субъективтік және объективтік қиындықтарды да жеңеді, бастаған істі әрі қарай жалғастырып, аяқтап шығуға өзін-өзі күштеп көндіреді. Нақ осындай жағдайда, мінез-құлықты саналы түрде реттеу қажет болатын қиын шақта адамның еркі нығайып, шынығып отырады. Осыған байланысты мынаны айта кету керек. Жеке адамның ерік-жігерінің жалпы және өзіндік көрсеткіштері болады.
Еріктің дамуы мен адамның еріктік қасиеттерінің қалыптасуында ең маңызды орын алатын күнделікті тұрақты еңбек болып есептеледі. Еңбекте жеке адам коллективтің басқа мүшелерімен міндеттік байланыста болады: бұл міндеттерін орындау үшін ол өз мінез-құлқын коллектив алдында тұрған еңбектік міндетке бағындырып отыруға тиісті.
Сонымен қорыта келгенде ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалстын жан қуатының белсенділігін және адамның өзін меңгере алу қабілетін айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |